Аттаныңдар Айтаберліктер! Шымкенттік Айтаберліктердің кездесуіне шақырамыз.
Уақыт санап АЙтаберліктердің қатары күн санап артып жатыр. Осыған орай тек Онлайнда ғана емес, шынайы өмірде де таныстығымыз артуы үшін офлайн кездесуді арттырсақ деген ой бар. Соған орай Шымкенттік Айтаберілктерді алдағы келе жатқан 21,22,23-ші қыркүйектегі осы үш күннің бірін және қайта барып отыратынымызды таңдап келіссек. Мейлі 2-3 адам болсын, бір-бірімізді жақынырақ танысып, әңгіме айтып, жүздесіп қайтсақ деген ой.
Мен 23-ші қыркүйек күні күндіз демалыс күні кездесуді ұсынар едім. Бір жерде отырып әңгіме дүкен құрып, соңынан Дендрасаябаққа барып серуендеуді ұсынамын. Сіздер де өз ойларыңызды айта отырсаңыздар.
Әзірге нақты келетіндер: yerbol89, beko, baur79, korkem
43 пікір
Сол уақыттарда ауа райы жақсы болса, тыныштау, таза ауа, далада тапшаны бар жерді ұсынып көрер едім,(венеция жақта соған ұқсас біреуі бар). Немесе солай далада отырып жейтін балыққа, немесе окарашкадан жасалған шашлыкты керемет жасайтын жерді білетін едім хмм. Жарайды тағы уақыт жақындағанда тағы айтармын…
Кім? Кім келе алады? Астында пікір ретінде жазып өтсеңіздер!