5 күннен соң БлогҚұрылтайға
BlogCamp /

Құрметті, Айтаберліктер! Биыл Шымкентте болатын БұлогҚұрылтайға да санаулы күндер қалды. Өздеріңізге белгілі болғандай, кешегі 16 наурызда тіркелу аяқталған болатын. Тіркелгендер тізімі 350.ге жетіп-артылды.
БлогҚұрылтай ұйымдастырушылары үшін нақты адам саны керек. Егер сіз тіркелгендер тізімінде бар болсаңыз, мына сымтетікке: 8 702 322 90 68 (Ілияс) хабарласып, келу-келмеуіңізді растауыңыз қажет. Келмейтін болсаңыз да хабарласыңыз. БҰЛ МАҢЫЗДЫ, СОНДЫҚТАН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!
БлогҚұрылтайдың ресми өтетін күндері 23-24 наурыз күні. Шымкентке бейресми күні, яғни ерте келе қалсаңыз жатын-орын мәселесімен осы сайттың админдерінің бірі Берікболға (байланыс: 8 702 266 56 33,8 700 266 56 33, 7762665633,) хабарласыңыз.
Пы/сы: Ілиясқа міндетті түрде хабарласуды ұмытпаңыздар!
3 пікір