Блог құрылтай`12 жаңалығы: Баяндамалар жинағы

BlogCamp /

«Блогқұрылтай – 2012» шарасының нәтижелік есебі ретінде блогкемпте жасалатын презентациялардың мәтіндік баяндамаларының жинағын шығару қолға алынып отыр. Осыған байланысты кейбір мәселелерді аша кетсек.


Жинақты не үшін шығарамыз?

* Блогкемпке қатыса алмағандар немесе әлдеқандай себеппен қандай да бір презентацияны тыңдай алмағандар үшін, презентацияның жалпы идеясын нақтырақ түсіну үшін қажет. Себебі көпшіліктің айтуы бойынша, сайтқа қойылған презентациядағы ақпаратты түсіну қиындық тудырады;
* Келесі жылдарда болатын блогкемптің концепциясын жасау барысында демеушілерге көрсететін көрнекі материал, дәлел ретінде қажет;
* Әр жылғы блогкемпте өткен жылды қорытындылап, анализ жасауға септігін тигізеді.

Презентация баяндамасы деген не?

Презентация баяндамасы – блогкемпте жасалатын презентацияның мәтіндік қысқаша түсіндірмесі.

Презентация баяндамасы – ғылыми немесе публицистік мақала емес, сондықтан оны жазудан қорықпаңыз.

Баяндама мәтінін сәлемдесуден бастамай, бірден мәселенің қойылуына көшіңіз.

Презентацияда айтуға тиіс идеяңызды мейлінше қарапайым тілмен толықтай жеткізуге тырысыңыз.

Мәтінді көркемдеу мақсатында қиын да түсініксіз сөз иірімдерін, пафосты үндеулерді қолданудан аулақ болыңыз.

Презентация баяндамасын [email protected] адресіне Баяндама деген тақырыппен жіберіңіз.

Презентация баяндамасын қабылдау 10.03.2012ж. сағ. 23:59-да аяқталады.

Ескерту: Презентация баяндамасын бізге жібермеген адам, құрылтайға қатыса алмайды дегенді білдірмейді.

Тек қана баяндамалар жинағына енбей қалады. Бұл жинақ құрылтайға әр келген адамға беріледі. Осы жинақтағы баяндамалардың арасында сіздің де ойыңыз белді орын алып тұрса жақсы емес пе?
Егер презентация тақырыбын ойластырып қойған болсаңыз, жаймендеп баяндамаға кірісе беруіңізді сұраймыз.

Форматы бойынша толық ақпарат мына жерде.

11 пікір

Korkem
Тамаша! тек менің білгім келгені, мен тіркеліп қойдым бірақ презентация тақырыбы жоқ. Енді презентация тақырыбын жазғым келсе оны қайда жазамын? ол үшін қайта тіркелу керек пе?
qyrmyzy
жоғи, қайта тіркелмей-ақ қой, жоғарыдағыны жасап, поштаға салживер, болд соған да басың жетпи отр ма
Korkem
ыыы қайдан білейін сен сияқты тіс қаққан. қасқыр емеспін ғо))
AKA
Ық-ық :)) Уа, Қырмызы бикеш! Сізді қасқыр деді, қалай ғана шыдавотсыңиии? :)))
Korkem
АКА сізді кішкентай кезіңізде мамаңыз бен папаңыз бензиннің ішінен тауып алған ба өзі?)))
qyrmyzy
сенің нигың бензин болу керек негіз
AKA
Ық-ық :) бензин ішіп кеттім...
Doctor
Ия, осы поштаға сала берсеңіз болады.
ЗЫ: флудтамай по существу пікір жазсақ
MSHERIMBEK
қайғы флудерлер деЩ:)))))))))))
AKA
Кешірім сұраймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.