Бүгінгі кездесу

BlogCamp /
Сәлееем, достар!!! Наурыз мерекесі, құтты болсын! Бүгін күндіз, Абылаймен «Бәйтеректің» жанында жолықтық. Мен оны бірден танып қойдым (ол мені бірден таныды ма, білмедім). Сосын, Жаңылай мен Зевсті күттік. Келе жатырмыз дегенде, алаңдап іздей бастадық. Айбылайға айттым, менің сезу мүшелерім жақсы дамыған, екі қызды танып қоям деп (іштей танымай қалсам не болад девқоям). Танып қойып артынан барып, қоңырау шалып тұрып артыңа қара десек, екеуі екен. Мен қонақтарға гид болдым. (Жаңылай нашар гидсің деді)
Бәйтеректі тастап, Керуенде болдық. Жүріп жүріп, бір орында демалған соң, қайта тарттық. Жолда Көркемге Көрмеге барайық деп, есігін іздеп тапқан соң, барсақ есігі жабық екен. Сосын суретке түстік. (Фытыварат Зевстікі, айтпақЧ, ол Рысгүл ғой, суреттер соларда). Жаңылайа да болды. Сосын еріген қардың суын кештік кішкене, Астананың ауа райы жылы болды, оңтүстіктен келген қыздар жылы алып келген-ау шамасы.

Ханшатырға бардық. Араладық. Арасында, Арсланды жолықтырдық. Патик, Жалғас, Абайды (Конвикт) көрдік рельс постының жанында. Мында кішкене үінді:



Барлық репортажды Зевс жасайм деп, артымызда қалып қоя берді ғой. Жоғалып кете ма деп едім, жоқ жоғалмады. Есесіне, фотоаппараттың чехолы жоғалып, қайта табылды.

Кешке препатиға шамамен бақандай 50 минутқа кешігіп барыппыз. Дастарханда Есен Елеукен аға, сосын тағы бір ТВден көріп жүретін ағай отыр екен. Жалпы, препати өте жақсы деңгейде болып жатты.

Екі жерлес ағаммен таныстым. Қисықты [qisyq] көрдім. Ол кісімен керекте айтысып едік. Реалда көрдім сол кісіні.

Ертерек қайттым, жолда Yasin, Ербол және тағы бірнеше баламен қайттық. Қазір отбой, таңертең блогкемп.

43 пікір

AL-ASTER
Salem, dostar)
Zevs
ой қандай күшті! Рахмет! Ал Астер! мен жасайм ба дегем дегенмен айнып калдым жасагым келмей тур ерініп
Zevs
Достар! Блогкемп үстінен репортаж жүргізіп отырмын! Дал казір массагеттегі Жанның Саясының блогтың мәтіні жайлы тренинг тындап отырмыз! ПКікірталас ҚЫЗУ ӨТІП ЖАТЫР!
қЫРҒЫН БОЛ МА ДЕП ҚОЯМ!
Togzhan
Уақытты қызықты өткізіп жатқанға ұқсайсыздар) Сәттілік тілейміз!
AKA
Абылай мен Қырмызы былай бірге отырыыып, қол ұстасыыып ну енД андай ошым. :)))
kema
oshm, biraz maz bop jur goi edni)))))))))
qarasaqal
Қолы босамай жатыр???
Не істеп жатыр сонда Джек қария???:)))
Meirzhan
Күшті екен. Бүгінгі күн тығыз өткен сияқты. Ертеңгі күн сәтті өткей! )
Abylai
тура дәл осылай болды. алып қосарым жоқ)) Нұреке сен кетіп қалғаннан кейін біраз қыздар іздеді ғүә.
pari
ыы барғандағо...қатты қызығып кеттім барғо шын айтам.ТУУ мен кеттім баратырм
тамаша!!!
qyrmyzy
хмм, айтпадың ба репортаж жасайтын ек...ұмытып кеттім
Korkem
мяяя, өкініп отырмын((( куЧті
pari
бармадың ба?құрылтайға????????
Korkem
((((((((( бара алмадым
pari
неге? билет алған жоқсыз ба? алдында
Araika
Хе-хе, бір мезеттерде менің төбемде айналып жүрген екенсіңдер ғой… егер уақыт сәйкестігі болса

Кездесулер көбейе берсін!
AKA
Мәәә, неге қатыспайсың? :))
Araika
Жалқаумын деген вариант қанағаттандырса, қабылдарсың :)
calendula
Жаман өтпеген сияқты(((видео көрялмасам да айта салдым, суреттерге қарап
pari
видеосы барғооо
calendula
Менде көрсетпейді, барын білемін
pari
ммммммммммммммммммммммм
Zevs
видео неғып көрсетпейді?????????????????????????????????????????????????????????????№
Zevs
Бізде неге билейтін (ыржалақсымақтар)смайлики жоқ?
sandibek
ашылмайд((( жылдамдығым төмен
konvict
Мені көргеніңді неге жазбағансың!
AL-ASTER
Жалғас, Патик сен үшеуіңді де көрдік ғұӘ))) Ол момент мына рельстен түскен соң, фытыфараттың чехолы жоғалған моменттың арасында болған, халайық)))
mairosh
вахахах күчти күчти )))))))) аман барып қайтсаңдар болар
AL-ASTER
Сәлем, достар!!! Бүгін Астанада қар жауып жатыр, күн салқын. Осында қалмайсыңдар ма. Қазір мен жляп отырм, жапонның қағаз орамалы езіліп қалды, қазір майкамен көз жасын сүртіп отырмын. 25.03.2022 12:15
Abylai
жльәмә амиго. мен әлі Астанадамын ғүә. үйде жатырмын бықсып. терезеден қарап едім шо то ауа райы түнеріп тұр екен. сосын үйден шыққым келмей қалд. қазір Ерболдарға хабарласып көрейін. еслы чо мен әлі кешегі не ге барып көрген жоқпын. сонда кездесейік ықық. поездым түнгі онбірде
AL-ASTER
разговор жоқ, кеше Думанда айтабердің қолданушыларына ұқсайтын балықтар көрдік, арасында Абылай да жүрді)
Abylai
мен кеше Олимп паласта болдым, сосын керуенге бардым. думан жаққа барған жоқпын. думан демекші мен думанға кетіп бара жатырмын. еслы чо соткадамын.
qyrmyzy
Жұмыс тапсам, барам, Алла жазса. Онсыз да әреееең кеттім Астанадан. «Билетіңді ауыстыр» деген адам болмады, әйтпесе, ойланбай ауыстырар ем… мында мен отырмын жііііләәәәәәәәп. Рахмет үлкен!
AL-ASTER
Тағы фото, видеоларды студиоға тездетіп салуын күтейік)
qyrmyzy
Cәлем, сәлем! Алматыдамын, жаңа ғана келдім! Көп кешікпей бәрін саламын! Көңіл-күй жоқ
Korkem
мяяя, Қырмызы! Қуаныштымын! ыыы жеңістеріңмен!
AKA
Осы дейм да…
ыыы
деген не түсінік? Бүткіл эмоцияны шығарудың қажеті қанша?!
Korkem
ық-ық, осы менің пікірімді аңлып жүруіңіздің сыры неде? құпия болмаса?
qyrmyzy
жеңісімізбен! Іске кірісу керек енді
qarasaqal
Ал-Астердің даусымен салыстырғанда Азамат Қанапияның даусы жіп иіре алмай қалады ше:)
AL-ASTER
Еғілттің ғой, бауырем)

Айтпақшы, Азамат Қанапия "Қара киімдегілер" қазақшасында, Уилл Смиттің даусын салатын көрінеді)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.