Шуаш

Анонимді Флудерлер Клубы /
Тақырыпты көріп шошып кеткен шығарсыздар. Көп шоршымаңыздар, өйткені «шуаш» деген бұл — ойын. Аты оғаштау көрінгенімен ауыл балаларының жиналып алып ойнайтын ойындарының бірі. Мұны мектептің кішкентай балалары да ойнайды. Кезінде менде ойнағанмын.

Ойын барысы:
«Шуаш» аталатын ойын балалардың алдымен «сулифа» жасап (қатысатын балалардың «сулифа-сулифа-сулифа» деп,қақпақ,құдық,қайшы), шуаштың кімде екенін шешіп алу. «Сулифада» жеңілген балада шуаш болады. «Шуашты» беретін екі-ақ жолы бар. Қуып жүріп береді немесе қағазды бүктеп дөңгелектеп алып лақтырып яғни нысанаға тигізу арқылы береді. Ойынның жалпы барысы осындай.

Ең соңында, балалар шаршап ойынды тоқтатар сәтте шуаш қалып қоятын баланы барлығы «шуаш сенде ме? шуаш, шуаш» деп келемештейтін. Бірақ бұдан құтылу жолы бар. Шуашты жерге беріп кетеді. Артынан барлығы үйді-үйлеріне тарасады. Бұл ойынның ешқандай ұлттық және тәрбиелік мәні жоқ. Жәй, уақыт өткізіп, құр шаршау. Мүмкін, бұл ойынды білетіндеріңіз болар.

13 пікір

AKA
Құр жазба жазу…
Daniar_alan
неге? нәрмәлні ақ жазба…
AKA
Сізге ұнаған шығар, мен үшін құсық © Осыны да ойын деп…
Daniar_alan
Бізде мұны «сифа» дейтін. Бізде қағазбен емес, шөпті тамырымен жұлып алып ойнадық. Ләңгі, асық туралы жазсаңЧ бауыр…
Korkem
Питна дейтін бізде
User
шоршымаңыздар

ВТФ таеквондо)

Ммм не ғо біздің жақта: Чунга-Чук дейді.

Ал жазба құстыратын жұқпалы ауру.-1
Abylai
қуаласпақыл демейма не сендерде? майца деп ше?
mairosh
«бес тас» ойынына ұқсас екен. )))
Karakulov
Баріңізге бір сәлем! Осы сайтка тіркелгендегі ойым бірдеңе үйрену, танымымды кеңейту, жаңа досдар, әріптестер табу еді. Уақыт өте келе кімдердің әлі қонақ, кімнің тұрақты қолданушы екенін байқай бастадым. Бұрыннан келе жатқан немесе аватары жиі көзге түсіп жүрген алдыңғылардың шығармаларын аңдып жүріп оқимын: қуантады-ау деген үмітпен. Бұл жолы үмітім ақталмады. -
zhurttyn_balasy
Нұреке оқырманың едім, жазбай кеттіңіз ғо.
banzaika1990
бізде мектеп кезінде ойнайтынбыз. бірақ қалай атайтынымызды ұмытып қаппын. Сенше «шуаш» дей берейін. Біз болғанда ұлдар ойнайтын, менде ұлдармен жағаласып ойнайтынмын.
Бізде «щуашты» берудің бірақ жолы бар еді, ол — қуып жүріп беру. Қуып жеткенде де жай ғана бере салмайсың, жеткен баланы жақсылап отырып жұдырықтың астына алып, сазайын беріп тұрып бересің.
Үйге қайтарда жерге беріп кету деген де жоқ, келесі басымыз қосылғанға дейін аяққы қалған бала «шуаш» болып жүреді.
Korean_Boy_5113
Жақссссееее ойын екен… Ендіі атынннн өзгертсе, ел болып, жер болып…
qyrmyzy
Басқа сөз таппай қалдыңдар ма? Одан да жақсы бір сөзді айтсаңдар қайтеді???
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.