Етті мүшелеу.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Обал – сауапты ойлайтын, мал бағып, ет жеуді қорегінің негізі санайтын қазақтар сойылған малдың етін қиқымдамай, балтамен шауып, сүйегін жаңқаламай, таза боршалап, тұздап алады. Қонақасыға, күздікке, соғымға сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу – ет мүшелеу деп аталады. Малдың төрт аяғында 12 жілік болса, оң, сол жағындағы қолы мен санының әрқайсында мынандай сүйектер бар: жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын. Малсойылғанда осы жіліктерді буын-буыны бойынша ажыратып бөледі. Бұл әдіс жіліктеу деген атауға ие. Қой етін жіліктегенде оны 13 мүшеге бөледі: 2 жамбас, 2 ортан жілік, 2 асықты жілік, 1 бел омыртқа, 2 сүбе қабырға (сүбемен қоса бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), 2 қабырға, 1 төс, 1 омыртқа, 2 жауырын, 2 тоқпан жілік, 2 кәрі жілік, 1 бұғана, 1 мойын. Басқа малдарда да осындай мүшелер бар.Бәрімізде қазақ баласы болғандықтан пайдасы тиер деген ниетпен жарияладым
Мақсүтбек Сүлейменов.

7 пікір

MSHERIMBEK
Иәә, ауылдағы Қоян деген көкем осындай нәрселердің мастері:) Той бола қалса да, беташар бола қалса да жұрттың бәрі "Қоян көкеңді шақыр" — деп жұмсап жіберетін еді:)
Kinostrov
Сенде жазық бізде азық жоқ Тарыс
Delfina
Осы жіліктеуді үйрене алмай қойдым. Шамамен білемін. Жамбас пен қабырғалармен жақсы таныстым тек)))
aaaa
Көп көп рахмет. мәліметініздін көмегі міндетті түрде тиеді деп ойлаймын
berik_kaznai
Ассалаумағалейкум кайырлы кеш бауырлар. мұнда жақсы тақырып көтеріп жатыр екенсіңдер. етті мүшелеу әрине оңай шаруа емес, бірақ үйреніп алған адам ешқашан да окінбейді. мен өзім қандай мал түрі болсын ешқандай қиындықсыз жіліктеп беремін. бала кезімде ікем марқұм мал сойса жанында кішкене пышақты ұсиап еттің, терінің әр бір жерін кескілеп жүретінмін. баршамыз соның ішінде ер жігіттер үйренсе нұр үстіне нұр болар еді…
Yeld
Қазір көп жастар тушаны мүшелеу түгілі корейка мен карбонадтың айырмашылығын білмейді… Оқуда жүргенде анатомия СХЖдан берген Роза деген мұғалім қыздарға ерекше сұрақ қоятын қазақша табаққа ет салыңдар деп. Еттің орнына сүйектер мен муляждар. Дұрыс салмаса зачет ала алмайтын. Ондай сұрақтың сабаққа қатысы қанша дейтін қыздар, десе де қиналып жүріп үйренді ғой деймін, бәрі тапсырды зачетты да емтиханды да. Жасырмаймын, оқуға барғанда мен де білмейтінмін малды қалай сояды, мүшелейді. Қазір біраз білемін, үйрендім, бірақ оқудан емес, мамамнан. Үйге келгенде ет бұзып жатқанда анатомиядан т.б. бар білгенімді қайтейін, сүйек буындарын шығару, қай жерінен кесу сияқты әдіс-тәсілдер қазақша мүлдем бөлек екен және өте ыңғайлы екен. Мамам көрсетіп тұрады «мына жерден кес, мына жерге пышақтың ұшын сал» деп, мен айтамын «вообще мына жағынан дұрыс» деп. Мамам айтады «ол мясокомбинат методы, сен қазақша ет бұзып үйрен» деп. Ет мүшелегенде ең бастысы мүшеден артық ет кесіп алмау және сол мүшеге артық ет жібермеу. Оны кейде сойылған малдың семіздігіне (қоңына) қарай кеседі екен, мысалы мал арықтау болса маңызды мүшелерге көп ет жібереді, себебі оларды қонақ келгенде асады ғой. Етті мүшелегенде қазақша пышақ керек немесе қолдан жасалған пышақ. Ет соятын қасапшылар өздері біледі, оларда неше түрлі пышақ болады. Содан кейін істік темір немесе мусат керек. Тек мусаттың ұшы үшкір болса болды, істік темірдің орнына жаратқанға.
Kan
осы мал жіліктеуді үйреніп алу керек еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.