Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Бала кезімде апам айтып отыратын бір әфсананы жазайын деп отырмын, жастарға ой салса мақсаттың орындалғаны.Апам рахмаллүк:«Балам үлкендерге ізетті бол, байқамай қатты сөйлеме,өйткені оның жүріп өткен жолынан, сүрген өмірінен сен ешнәрсе білмейсің»- деп отыратын еді.Ілгергі замандарда өте тату екі көрші өмір сүрген екен. Біреуі шаһар халқына өте силы, қариялық жасқа тақаған салиқалы діндар кісі екенде, екіншісі сол шаһардың беделді бір жастау билік өқілдерінің бірі екен. Бір күндері шайтан азғырып екі қошына керісіп қалыпты. Керіс болған соң бір-біріне артық сөздер айтылатын әдеті емес пе? Ашуға ерік берген жас көршісі қария қошынасына «Сіз мұсылман емессіз»- деп қалады, сонда қария көршісі: " мен мұсылман болмасам, сен шатасың "(шата — некесіз туған) — дейді. Бұл сөз мұсылманға өте ауыр айып болғандықтан, жанына батып кеткен жас жігіт қазыға шағымданады. Қазы қарияны шақырып алып: Сіз бүкіл шаһарға силы діндар адамсыз, соған қарамай баламен бала болып, ауыр сөз айтқаныңыз қалай? — депті.Сонда қария: «Ей, Қазы, мені де бір тыңда, бұл жігіт мені мұсылмаен емессің деді, егер мен мұсылман болмасам сен шатасың дедім. Олай айтқан себебім бұл жігіттің әке-шешесінің некесін мен қиған едім, егер мен мұсылман болмасам ол неке күшін жояды, сонда бұл жігіт шата болмай кім болады?»-деген екен. Сөз қадірін білетін әділ қазы жас жігітке кешірім сұратып, ат-шапан айыбын тарттырыпты дейді.Бұл әфсанадан алар ғибрат: " Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі"-болса керек.

6 пікір

Korkem
Ох, аға, жақсы айттыңыз. Әңгіме-дүкен құрған жерде айта жүретін екен. Рахмет!
Jako
Апамның (әжем) айтқандары еді, оымаған сауатсыз адам еді, бірақ білетіндері өте көп еді жарықтықтың.
Korkem
Әжеңіздің айтқандарын ылғи жазасыз. Әжеңіздей әдемі қартайғанға не жетсін дейм да :)))
Jako
Әкемнің үлкен ұлы болдымдағы, әже бауырында өстім, содан болар.
didi0393
ия кішкентай балаларға үлкенді құрметте, жолын кеспе, ауыр сөз айтпа десең, олар сразу «неге«деп сұрайды. Ал біз болсақ яғни ересек адамдар “сол»деп деп жауаптарын кыска қайырамыз! осыны өсиет қып айтуға болады екен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.