Мың жасау сыры.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Апам басқа немерелеріне қарағанда маған көптеген әңгімелер айтып отыратын еді.сондай бір кезекті әңгімесі ойыма түсіп отыр. естігендеріңіз болса нұр үстіне нұр, естімегендеріңіз құлаққа кұйып алыңыздар.Бұрынғы өткен замандарда Ұлықпан хакім деген ғұлама, білгір,әділетті кісі өмір сүрген екен. Ғұламалығы соншама өзім анық-қанығын білмедім, білетіндердің айтуынша аты құранда пайғамбарлармен бірге аталады деседі. Сондай адаммен сұхбат құру бақыты бұйырған біраз кісілер әңгімелесіп отырса керек, солжерде бір қарапайым адам рұхсат алып Ұлықпанға сұрақ қойыпты. — «Хакім қанша жасқа келдіңіз» — депті. Сонда хакім сәл ойланыңқырап: -«Мыңға келдім ғой»-депті.Ана кісі: «Мен сізді ғұлама, білгір деп сұрақ қойсам сіз мені кішкене балаша мың жасты айтып мазақ қылдыңыз»- деп ренжіп, ашуланыпты дейді айтушылар.
Сол кезде Ұлықпаен хакім: -«Уа, азамат, сіз мені дұрыс түсінбей қалдыңыз, сөзіме құлақ салыңыз. Алланың өлшеп берген жасын, нәсіп қылған пенденің бәрі сүреді, мен жақсылармен өткізген бір күнімді бір жылға балап, сол арқылы мыңға кедім-ау деп жобалап едім»-депті. Сонда әлгі кісі өз асығыстығына өкініп кешірім сұрапты дейді, деп отырушы еді жарықтық. Бұл әңгімеден алар ғибрат «Асықпай,әліптің артын бақ»-деген болса керек. Кейде маған да екі жүзге кеп қалдым-ау деген күпірлік ой келіп қалатыны бар.

7 пікір

Korkem
Иә, сабырлы болыңдар деңіз. Әжеңіздің айтқандарын бір кітап шығаратындай болыпты))) ылғи өз ортамызда айта жүретін ғибратты әңгімелер, жиі жазыңыз.
Jako
Көркемтай, көптеген айтқандарын балалық деген шалалықтың кесірінен құлағыма құйып қалмағаныма қазір өкінемін.
Jako
Не деген қыршаңқылық, не деген мылжыңдық, бұл сайтқа сен сияқтылар да керек болар,қарсылығым жоқ. Бәрібір посттарыма жазылған пікірлердің флудтан таза болғанын қалар едім.
AKA
Осы жерде қателесетін сияқтысыз, Ұлықпан Хәкім жайлы білгенін айтып, тіпті жазуды жөн көріп отырған адамға ыңғайсыздау болды. «Асықпай, әліптің артын бақ» дегенге саяды екен…
Jako
Менің қандай қатысым бар, жазу немесе жазбаувна рұқсат беретіндей менің не хұзіретім бар? Соған түсінбедім, әрі мен бұл жігіттің бір пікірін оқып жазып отырған жоқпын, жазғандарының бәрін жібермей оқимын, солардан түйгенім, демек әліптің артына шығып кеттім.
AKA
Түсінер адам іліп алар керегін өзіне, сіздікі жөн болсын.
Jako
Олай деп айтуға да хұзіретім жоқ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.