Әділ қазылық туралы апамның айтқандарынан.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ілгері де бір екі кісінің арасында қараз дауы болып қазыға жүгінуге барыпты. Сөзді қарыз беруші бастапты:
-« Бір жыл бұрын көршім әжет аш деген соң 100 діллә алтын беріп едім, соны қошынам қайтармай отыр» — депті. Қазы екінші кісіден:
-« Көршіңнің сөзі рас па? « — десе, көршісі ат тонын ала қашып:
-« Қошынам жала жауып отыр «-деп безектепті, сонда қарыз беруші:
-«Құдайдан қорық көршім, төбе басындағы дарақтың көлеңкесінде отырып өз қолыңмен санап алған жоқ па едің» — деп зарлапты, ал екініншісі:
-«Ешқандай дарақты көрмедім» — мойындамай безектепті. Қазы:
-«Араларыңда куәгерлер бар ма?» — деген қазының сауалына екеуі де:
-« Жоқ « — деп жауап берді. Сонда қазы:
-« Куәнің жоқтығы қиын екен, былай болсын талапкер сен барып көлеңкесінде отырып ақша берген дарақты ертіп кел, сол куәгер болады, ал екінші кісі менің жанымда отыра тұрады» — дейді. Талапкер:
-« Жаны жоқ дарақ қалай келеді?» — дегенде Қазы:
-«Қазы шақырды десең келер» — дейді. Соны айтып қазы өз шаруасымен болып кетеді, талапкер амалсыздан дараққа кетеді. Ана кісі болса дарақ қалай келеді, мен жеңетін болдым деп ішінен мырс –мырс күледі. Біраздан соң қазы өзіне — өзі сөйлегендей қылып:
-«Әлгі дараққа жетті ме екен?»-дейді, сонда ана кісі:
-«Қайдан әлі жарты жолына да жеткен жоқ» -дейді. Қазы тағы өз ісімен отыра-отыра бір кезде:
-« Не болды мына кісі жоқ болып кетті ғой» — дейді, сонда әлгі кісі:
-« Келіп қалар, ауылдан біраз жер еді» — дейді. Арада біршама уақыт өткенен соң салы суға кеткен талапкер оралады да, дарақтың қазының айтқанын тыңдамағанын жеткізеді. Ал қазы саспастан талапкерге:
-« Отыр, дарақ маған келіп айтып кетті» — дейді дағы, қасындағы кісіге:
-«Мына кісіден алған қарызыңды қайтар» — дейді, сонда өз-өзіне толық сенімде отырған жалақор:
-« Қазыеке, ешкім келген жоқ, ешқандай куә болған жоқ, сонда бұл қалай?» — дегенде Қазы:
-«Мен бұл кісіні жұмсап жібергенімнен кейін екі рет дараққа жеткен, жетпегенін сұрап едім, екеуінде де сіз нақты жауап бердіңіз, егер сіз сол дарақ көлеңкесінде қарыз алмасаңыз ол дарақтың қайда, қай шамада екенін қайдан білер едіңіз, үстеме айып кеспей тұрғанда мойындаңыз да.қарызын қайтарыңыз» — деген екен. Айтар уәжі болмаған жалақор амалсыздан мойындап,қарызын қайтарған екен. Ақылды Қазының арқасында жалақордан қарызын өндірген мұсылман риза болып кетіпті. Бұл жерден шығар ғибрат, «Ақылдың алмайтын қамалы жоқ» — десе болар.

9 пікір

qyrmyzy
Өмір-ай...Қазы десе қазы екен.
Korean_Boy_5113
Жақсы әңгімек екен.Әділдік… Дарақ,әжет аш,Қошынам деген сөздер қандай мағнаны білдіреді???
Jako
Дарақ-үлкен тал,әжет аш-көмектес,қошына-көрші деген сөздер.
kozy
Жако аға сізден сұрайын деген ем, осы қоңысы деген сөз бар ғой қазақта көрші. Осы сөздің түпкі мағынасы қайдан шыққан екен, білсеңіз айтып жібересіз бе) Керемеет пост, тәрбиелік мәні жоғары екен.
Jako
Қоңысы емес Қоңсы болар.Біз қазақтар осы күнге дейін ру-тайпаластық тәртібімен өмір сүреміз ғой.Бір ауылдың 70-80% қазірде рулас болып келеміз. Бұрынғы кезде бір бай ағайынның айналасына жиналған жарлы-жақыбайлар,қызметшілер барлығы да бір жақтан келмеген, сол байдың өз ағайындары болған.Міне сол байдың айналасындағывларды "қоңсы-қолаңдары" — деп атаған.Мысалы -«бөтені жоқ, айналасына өңшең қоңсы-қоланын жинап алған»-деген сөз тіркесі соған меңзейді. Жақын-жуықтары — дегенге келіңкірейді-ау деп ойлаймын.
Zhanat
расыменде ақылдың алмайтын қамалы жоқ
m170785
Жако ағам ау мынауыңыз тамаша
Dan4ik
Өте жақсы әңгіме екен…
Gibraty mol angime eken))) Tamasha Aga)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.