Мәңгүрт

Қазақ салт-дәстүрлері /
Мәңгүрт-өткенін ұмытып, ақыл ойынан айырылып құлға айналған адам. Мұндай құлдыққа айналдыру былай болған: Мәңгүртке айналдыратын адамның шашын тақырлап алып, басына түйенің мойын терісін мықтап байлаған. (Түйенің мойын терісінің төменгі жағын алу себебі терінің ең қалың бөлігі сол жер). Басы байланған адамды күннің астына тастаған. Түйенің терісі күннің ыстығынан құрғап кішірейе береді. Кішірейген тері күн өткен сайын басқа жабысып, желімдей болып, одан сайын қысады. Қураған тері бастағы шаштардың да өсуін тоқтатады. Шашы кері өсіп, миды тесіп, жүйкесіне зақым келеді. Ақыл есінен айрылған адам мәңгүрт болады. Егер ол адам әлсіз болса өліп кетуі мүмкін. Мәңгүрттендіретін адамды күшті, қуатты адамдардың арасынан таңдаған. Оған тамақ бергені үшін дос деп біліп барлық айтқандарын істейтін болған. Бұл амалды елін, жерін және көп өсек тасыған, екі жерге шабарман, аңқаудан пысыққа айналған әдейі мінезді адамдарға жасаған, екі жүзді адамдарғада жасалған.
Дүние жүзілік әдебиетте жиі қолданылатын Мәңгүрт немесе Мәңгүртизм терминнің бабасы Шыңғыс Айтматов болған. Халқының бөтенсіп, жеке мәдениетін жоғалтып, саналы түрде құлға айналып бара жатқандығын еңбектерінде термині көкейге қонымды етті. Романдарында осы мәселелер тереңінен ой салады.

2 пікір

pana
Осы нарсе болмаса екен деп окымай жур едим.мектепте окыган кезде бираз уакытка дейин жаман болганмын.окыганымды елестете жонелгеннен шыгар…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.