Сырым Датұлы
Шекті, оның ішінде жекей тайпасының белгілі ақсақалы Байдос деген кісінің асында хан тұқымына наразы болып жүрген ел Байұлының атақты биі Сырымды хан сайламақшы болады. Жұрт Сырымды ақ киізге отырғызып, әр рудың ақсақал билері киіздің шетінен ұстап көтерейін дегенде Сырым:
-Тоқтай тұрыңдар! Осы Байдостың баласы кім?* — дейді.
-Өтеғұл- дейді жұрт.
— Ол қайда?
— Ана жақта қонақтарын жайлап жүр.
— Ендеше шақырыңдар. Ол да мына киіздің бір шетін ұстасын.
Бір кезде Өтеғұл да жетеді. Бірақ кейпінде жайдарлылық емес, жабырқау, кейістік басым күйде -Қонақтан қолым тимей жатқанда неге шақырдыңдар?- дейді. Халықтың қалауын естігенде ол:
-Нұралыдай жездемді, Аппақ ханымдай апамды Уфаға айдатып жіберіп, қарадан хан сайлағандарыңа қосылмаймын, білгендеріңнен қалмаңдар- деп жөніне жортып кете барады, сол сәтте тұрған жұрт:
-Мына ақымақ не деп кетті, шақырыңдар өзін"- деп дабырласып жатқанда, Сырым:
-Тимеңдер! Елде ауыз бірлік жоқ екен, бүгін сендер мені хан сайлағандарыңмен, анау сияқты бір тентектерің ертең-ақ менің де басымды аларына күмән жоқ — деп киізден түседі де жүре береді.
Бұдан түйер ғибрат, бір ауыз сөзге хан тағын айрбастар қазақ азаматтары болған, сөз құдіреті деген осы.

20 пікір
бірегейісен ба деп қорқамын.өзіңіз копипастыққа қарсы болған едіңіз, енді соған қарсы сөйлеп тұрсыз… опшым бір сөзбен айтқанда өз ойыңызға қарсы нәрселер істейді екенсіз..
хахахаааа
Сіздің пантазияңыздың жанында дәруішөлгендік Сатыпалды жіп есе алмай қалды… базар жоқққ…