Қазақтың қарулары: Наркескен

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қылыштың аңызға айналған түрі. Кейде оны қылыш дей бермейді, өйткені өзгешеліктері; қылыш тектес болғанмен наркескен екі жүзді болады. Өткірлігі соншама бір сілтегенде қара нардың мойнын тіліп түсетін болған. Себебі оны болаттан, асыл қатты металдан шыңдап жасаған. Сондай ақ оның қолды сақтайтын көлденең тартылған темірі болады. Сабы қатты сүйектен, мүйізден, күмістен, кейде таза алтыннан әшекей өрнек салынып, асыл тастар орнатылып арнайы жасалады. Мұндай қылыштар хан сарайындағы жоғары лауазымды бектерде, және де мәртебелі билерде болған. Бұл тек ханның тапсырысымен Үлкен, Кіші етіп жасалатын болған, себебі ханның мәртебесін дандайсытып көтеру. Наркескенді хандар өздерінің әскери қолбасшыларына, ел бастаушы атақты батырларға сыйға тартқан.
сурет
Наркескен билердің не болмаса қарапайым адамдардың үйіндеде тұрған. Әйел босанғанда, жағдайы ауыр болған жағдайда, наркескенді қасына алып келіп қойған. Наркескеннің күштілігі соншалық жеңіл толғатқан. Босанып жатып қаруды алып кетсе әйел аурушаң болған, босанғанша қасында жатуға тиіс болған. Және де басқа жағдайларда үйге қонақтар келгенде, не болмаса үйде үрей болса, жын шайтан жайласа, сәби ауырса, қасқыр ұлыса дереу наркескенді іліп қойған.

2 пікір

Jako
Әйел босанғанда, жағдайы ауыр болған жағдайда, наркескенді қасына алып келіп қойған.

Бұл туралы бұрын естімеген екенмін, жақсы жазылған.
qyrmyzy
Наркес деген құрбым бар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.