Астан бас тарту
Дастарханға барын қойып құрақ ұшқан үй иесінің тағамы ұнамаса немесе кемшілік болса, оны айтып көңілін қалдыру немесе тәбеттің жоғын айтып астан бас тарту мұсылман қауым үшін күнә. Егер дастарханға қойылған ас аз болып, келген қонақтың тәбеті жақсы болса, үй иесі табаққа қолын аз созатын болады. Келген адам, болмаса үстінен түскен қонақ тамақтан алу керек. Болмаған жағдайда не судан ұрттап не наннан ауыз тиіп кету керек. Байырғы адамдардың айтуымен үйге келіп тұрған адам, тамақтан алмаған не бір ауыз тимеген адам астын киесі ұрады деген ырым бар. Астан үлкен пенде жоқ деген де ырым бар
2 пікір
қазақ өзі жақсы қонақ күткіш, және ас бергіш