Қыз сұлулығы

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды емес, сырыңды түзе» деп үйреткен. Сонымен бірге тән сұлулығына ба баса назар аударып, дене мүшелерінің сымбатты болып қадағалаған. Аналар қыздары жеті жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған. Он екіге толғанда жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз сонда талшыбықтай бұралып бойжетеді.
суретҚыздары әдемі киініп, сымбатты өсірудің мәні бар. Шолпы, сөлкебай, маржан моншақ бағалы заттар қыз көркіне көрік қосумен қатар, қыз баланың жан сезімін сұлулыққа бөлейді. Қимыл қозғалысын, қылығын әсемдікке дағдыландырады. Мысалы; Шолпы, маржан моншақ таққан қыздар оғашқимыл жасаса, шолпы моншақтары салдырлап жағымсыз дыбыс шығарып, оқыс қылығын дереу қойған. Епті қимыл, әдемі жүрісте шолпы, моншақ сыңғырлап, қыз әсемдігін ерекшелендіріп түседі. Шолпы, білезік, сақина сияқты сәндік бұйымдары көбіне ақ күмістен жасалынған. Халық ұғымында ақ күміс адвлдықтың, бақыт байлықтың символы ретінде бағаланған.

7 пікір

qyrmyzy
Осы шолпы мен сырғаға жете алмай қойдым :(
m170785
бұйыртсын
qyrmyzy
АМИН! Шолпы дегенің ұстатпайды ғой :( Қайда сатылады?? Тіземнен келетін шашымды өрейін девем
m170785
бар ғой
qyrmyzy
ЦУМда бар, бағасы удай:(
m170785
ЦУМнан басқа жерде, Түркістан мен Алманың ішінде ЦУМға қарағанда арзандау
yesbolat83
Шолпы, маржан моншақ таққан қыздар оғашқимыл жасаса, шолпы моншақтары салдырлап жағымсыз дыбыс шығарып, оқыс қылығын дереу қойған.
ммм, әшекей, әрі тәрбиелік мәні бар дүние десеңізші. Енді түсіндім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.