Тыштырма

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер, жұмсақ тоқаштар өткізіп, негізінде беделді үлкен қария апалар ырымын жасап, «тышты ма?» деп қасындағыларға сұрақ қойып ырымдайды, оған жауап қатып «тышты, тышты» деп ырым жасайды. Оны тыштырма дейді. Тыштырманы әйелдер ырымдап, негізінде үлкен қария апалардың қолуы өтуі керек, ырымдалып болған соң бала шағалырына үлестіріп береді.

13 пікір

yesbolat83
Тыштырма менің бала кезімнен жақсы көретін үрдісім.
«тышты ма?» деп қасындағыларға сұрақ қойып ырымдайды, оған жауап қатып «тышты, тышты» деп ырым жасайды.
Ал мен «тышқан жоқ, тышқан жоқ» деп тәттілерді көөөп етіп жинап алатынмын.
Бала кездерім есіме түсіп кетті ғой, шіркін. Рахмет.
qyrmyzy
қатысып көрмеппін
yesbolat83
Тыштырма ол мынадай болады. Мәкең айтқандай, салиқалы әйел кісі «тышты ма?» деп, бесік тесігінен тәттілер жөнелтіп, төменде қолын тосып отырған балалардың қолына жинала береді «тышты» дегенше.
qyrmyzy
Delfina
Бизде кишкене тарелкага салып жасай салады )) мынау керемет екен, мына толган таттини улестирип болганша бираз уакыт отедиго)
m170785
біраз уақыт өтпейді, лезде ))
Kan
мен бұндайды көрмеппін. қызық
m170785
Мен бұндай қызықты кіші қарындасым дүниеге келгенде көрдім, үлкен кісілер, яғни апалар жағы істейтінін көргенмін. Сосын көршімнің інісі дүниеге келгенде көрдім. Өте қызықты болады. Тыштыма дегенінде, бәрі жапа тармағай шашылған тәттілерге таласатыны қызық, салт бойынша
korwinin_kyzy
Адмадардын пыкырыне караганда бұл тек қана батыста өтетын сиякты, Дөнгелек баурсакатрды айтсайш, менде Есекенын тырлыгын кайталадым бала кезымде))))))
m170785
тек батыста ғана емес
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.