Жанұя туралы ой.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Бұл суреттер, интернеттен алынған болатын.
Бұл суреттер, интернеттен алынған болатын.
Бұл суреттер, интернеттен алынған болатын.
Бұл суреттер, интернеттен алынған болатын.

Бұл суреттер, интернеттен алынған болатын.

Жанұя тек қана ері мен әйелінен тұрмайды. Ол жан ұяның ішкі және сыртқы мүшелері болады және сол жанұяның мәселелеріне (проблемаларына) солардың бәрінің де тікелей, болмаса жанама араласу құқығы бар. Олар, ішкі мүшелер ата-ана, ұл-қыздары және сыртқы мүшелеріәкенің ата-анасы мен туған -туыстары, шешенің ата -анасы мен олардың туған туыстары. Бұл енді үлкен бір қауымға айналып кетеді, олардың бәрінің ой — пікірлері бір жерден шыға беруі үлкен кездейсоқтық болар еді. Міне осы жерде өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай алып шығу салмағы отбасына, яғни әкенің ақылына, айбатына, шындап айтсам жынына да байланысты. Егер әке жалтақ, ынжық, ездеу болса онда бәрі би болады, бітті деген сол. Өкінішке орай бізде қәзір көбіміз сондай әкелерміз. Себебі казіргі әкелердің көбісі әкесіз, ана тәрбиесін ғана көріп өскен, мектептегі өңшең әйел мұғалімдер тәлімін ғана алған бөзөкпелер. Бұл ащы, бірақ ащы да болса шындық. Бұл менің еш жерден көшірмеген өз өмір тәжірбиемнен жинақтаған тұжырымым, сондықтан жерден алып, жерге салып талқылай берулеріңе болады.
.Jako.

9 пікір

Korkem
Сөзсіз келісемін! Себебі менің өзім де осындай үлкен отбасы мен қатал әкені көріп өстім… +1
Jako
Өзімнің түйгенім ғой.Біреулерге қатты тигізіп аламын ба деген қорқыныш та жоқ емес.
yerbol89
Рахмет сізге үлкен, үлкен. Бізге өмірде бар жинақтаған, көрген білгеніңізбен бөлсіп отыратындығыңызға!
Jako
Ереке, саған да рахмет, Алла көңіліңді көтерсін.
KILYZAMAN
… шындап айтсам жынына да байланысты.
— неге жынды атанып жүргенімді енді түсіндім Жәкесі. Шындықты айтып өтірікті өлтріу, түк болмағагда шыңғырта білген қандай жақсы… РАХМЕТ!(Шындық шыңғырмайды, шыңғыратын — өтірік)
Jako
Секе, ол атақ менде де бар, онсыз кейде береке кетіп қалатын сияқты.
mairosh
Рахмет Жако ағай ойыңызға. Жалпы болашақ отау құрушаларға керек болады екен. )) Сөз жоқ келісемін
zhandaulet
Жақсы көтерілген тақырып екен. Осы ерлеріміз ез болмау үшін не істесек екен? Жоғарыда дұрыс айтылған, қазіргі ер адамдар (көбі) өте бос. Нәзік жанды әйелдің сөзін сөйлейді. Алдына әйелді салып, өздері артынан ілесіп жүреді. Сондайларға жыным келеді. Бірақ, әрине, құдайға шүкір, бәрі емес.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.