Жеті ата туралы

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақ салт-дәстүрлері: Жеті ата туралы.Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам-Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап , жете білсең адаспайсың деген тағлым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәмсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген, және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі:
1. Ата.
2.Бала.
3.Немере.
4 Шөбере.
5.Шөпшек.
6.Немене.
7.Туажат.
8.Жекжат.
Жекжат жеті атаға кірмейді.Жекжат-деген енді қыз алысып,қыз берісіп бір бірімізбен туыстық қатынастан,құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кедерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып,қыз беруге жеткенін жариялап, бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп ер жетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұхсаттарын беретін болған. Бұның өзі үлкен мағанада боз бие сойылып,әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған.Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған.
JAKO.

12 пікір

senim
тьфә тьфә ) ұрпағыңыз көбейе берсін!
Jako
Рахмет, Сенім!
yesbolat83
Осы 8-ші жекжат — құда-жекжат деген мағына береді екен ғой. Осы уақытқа дейін мән бермейді екем.
semser_soz
Иәәәәәәәәәәә қызық… Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің ауылда да сүйек жаңғырту мақсатында қыз бен жігітті үйлендіріп, ақ атан сойған жағдайлар болған!!!
MSHERIMBEK
Жекжат туралы енді білдім. Рахмет аға :)
Auyldan
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Немене
7. Жүрежат
8. Туажат
9. Жекжат
10. Жұрағат
11. Қаймана
Жазбада «Жүрежат» туралы жазылмаған. Негізі, Қазақ ұғымында 7-ата — «Жүрежат», 8-ата — «Туажат» болуы тиіс. Себебі, «жүрежат» дегені – жүре-бара жат болады дегені, ал, «туажат» дегені – туа сала жат болып кетеді дегеннен шыққан. Қазақта 8-атадан бастап қыз алысуы кездеседі, бірақ сиректеу кездеседі, себебі — туыстық әлі үзілмегендіктен. Көбіне «Жекжаттан» басталатыны сондықтан.
Жако жазған жоғарыдағы кесте көп жерде жарық көріп жүр, бірақ соңғы жағы қате екенін көбіміз біле бермейміз.
Jako
Мен жазбамның басында рулық жеті атамен шектеліп қалмайтынын ескертіп кеткен сияқтымын, бұлай жалғастыра берсек жетпіс жеті ата шығаруға да болар. Жастардың басын қатырмай сол аталған жеті атаны бағдаршам қылып ұстансақ та жаман болмас деген ойым ғой.
Auyldan
Менің пікірімнен «жастардың басы қатады» деп есептесең, онда «сенікі дұрыс» деп отыру керек екен шығар.
Jako
Жоқ мен олай деуден аулақпын, қайта білгеніңді көппен бөлісіп отырғаныңызды қалаймын.
m170785
ұрпағыңыз осылай көбейе берсін ин ша Аллаһ Айтаберлік ағам
Jako
Рахмет, Маке!
m170785
аға осындай жазбаларды көбірек жазыңызшы, жаза түсіңіз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.