Тағы бір жаңа дәстүр! Ендііі гүл....
Күйеу жігітті қуып болдық. Бұйырмады. Енді қалыңдықтың қолындағы гүл шоғы! Жаңа нысан! Жаңа дәстүр. Гүл меніңкі болу керек!
Сонымен Назымның тойынан үзінді
Бұл гүл шоғы маған бұйырмады. Айдарханның әріптес қызының бағы жанды)))
Сандуғаштың тойында ақыры өзім қақтым. Гүлді де, гүлге жетер жолдағы қыздарды да "қағып" кеттім. Енді аз ғана. Өйтпесем тағы құр қалмақпын. «На войне, как на войне» деп кірісіп кеткем ғо шамасы))) Все средства хороши деп хихихи
Бұл Бақтияр мен Динараның тойынан үзінді. Жоқ тойға енді жетеміз. Бұл жолы Сашаның жұлдызы жанды. Маған қарағанда бойы ұзын еді. Сол бірінші жетті гүлге. Әттең…
Ұлпанның тойында гүл меніңкі болған. Қанат пен Гүлжазираның тойында да гүлді жібермегем. Әсел мен Досымның тойында алғаш рет гүл алып едім.
Кеше Кәмпиттің тойында гүлді өзім алдым. Мына гүл сол. Сонымен нешінші гүл шоғы? санынан жаңылдым… Не болса да келесі тойда гүл қаққым келмейді. Менің гүлімді қақсын. Кезек менде. Эстафета жалғасады қыздааааар, дайынсыңдар ма? Ендеше тосыңдааааааар
3 пікір