Рейтинг
+52.76

Қазақ салт-дәстүрлері

Ұлт ұлт болып қалыптасу үшін міндетті түрде оның тілі мен салт-дәстүрі сақталуы керек.

Бас тарту.

Мақсаттың "Қазақтың ұлттық ет тағамдары"-деген постындағы пікірінде Манас маған,«Жәке көп рахмет, жақсы түсінік бердіңіз, енді қазақтың табақ тарту дәстүрі, оны турау, бас ұстау жайлы...

Оң босаға

Қыз бала он екіге толғанда үйдің оң босағасынан орын беріп, өзіне тиесілі киім ешегін, көрпе төсегін, жатын орнын шымылдықпен көлегейлеп бөлек тәрбиеленген. Бұл қызды оң босағаға отырғызу деп аталған. Бүркептұратын үлкен перде Шымылдық. Ал шымылдық ішіндегі қыздың төсегі «көсеге» делінген. Қыз бойжетіп ұзатылған кезде көсегесін жасауымен қоса алып кетеді.Тілектерде айтылатын «көсегің көгерсін»...

Мойнына бұршақ салу

Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып, Аллаһ Тағаладан перзент сұрап жылап, жалбарынған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ған салады, айналып 10 рет, сол жаққа, және оң жаққа.

Жылу жинау

Бақытсыздыққа ұшырап, үйі өртеніп, жұтанған, дүние мүлкінен, малынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көршілері, туыстары дүние жинап, мал беріп, ақшалай не болмаса заттай өмек берген. Не болмаса жылы сөздер айтып, серпілткен. Мұны «жылу жинау» " дейді. Ауыл аймаққа сөзі ететін, аузы дуалы, сөзге шешен, нар адам ұйымдастрады.

Аузына түкірту

Бұл қазақтың ертеден келе жатқан ырымы. «Баламыз сол нар тұлғалы адамдай болсын» деп ырымдап, батырларға, билерге, ақындарға атақты елге есіміі таныс адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Бүл үрдіс қазірде бар.

Ат тұлдау

Ер адам қайтыс болғанда оның мініп жүрген атының жал құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Сойып болған соң, жартысын иаратып, жартысын өздеріне қалдырады. Бұл дәстүрді «ат тұлдау» деп атайды.

Сауын айту

Бір ауылда, не болмаса елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын ала бір жыл немесе бірнеше ай бұрын жан жаққа хабар жіберіп, ел жұртты соған шақырады. Мұнын сауын айту дейді. Әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келеді. Батыр, балуан, ақын, әнші, күйші, бишілер өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың тойдың жақсы өтуіне жан жақты қолдайды. Жиынға қымыз әкелгендерді құр...

Жарысқазан

Әйел босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп, майын көптеу құйып, етін көптеу салып, майын көптеу құйғаны, сөзге, тілге шешен, әңгімешіл, көпшіл болсын деп, етін көптеу салғаны, ширақ, ірі, пысық деп, босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». «Жарысқазан жасағанда әйелдің толғағы жеңіл болады, өзін сергек сезінеді» деген ұғым болған. «Туатын бала...

Бата

Бата жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Бата сұрау өзі қалаған адамнан ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз. Қазақ халқында үйіне келген қонаққа барын беріп, сыйлы қонағына бір малын көлденең татып, батасын алып соятын салт бар. Үй иесі малын әкеліп қонағына "Әумин" деп қолын жайғанда, қонақ та қолын жаяды. Ежелгі заманда түрік тектес...

Араша түсу

Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру араша түсу дейді. Бұрынырақ дау жанжал бола қалған жағдайда, ауылдың, елдің абыройлы абыздары «Араша, „Араша“ деп айқай салған. Және де от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.