Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Салауатты өмір салты /

Тамақ! Тамақ! Тамақ! Ол адамдар үшін шын игілік шығар, сонымен бірге, қарғысқа айналуы да ықтимал. Артық ас адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді. Күндердің күнінде ас қорыту жүйесі шамадан тыс жұмыс істеуін тоқтатады. Оның салдары сұмдық қорқынышты.
Ас қорыту жүйесінің ауруы — қазіргі адамның қамсыздығының жемісі. Мұндай аурулардың сала құлаш тізімдерінің ең басында іш қату ауруы тұрады. Ішекке қордаланған улы қалдықтарды сыртқа шығару мақсатымен өндірісте тонналап пилюль, ұнтақтар мен микстурлар өндіріледі. Қазіргі өркениетті адамның тамақты көп тұтынатыны сонша, оны ас қорыту мүшелері қорытуға, дәрет мүшелері қалдықты сыртқа шығаруға үлгермейді. Мұның өзі ресурстарын тауысып біткен автомобильді жеделдете жүргіземін деумен бірдей әрекетті еске түсіреді. Іштің қатуы көптеген аурудың себепкері екеніне дауласудың жөні жоқ.
Дәлел келтірейін. Шамалы тәжірибе жасап көріңіз. Түстік тамағыңызды әзірлеңіз. Бірақ ішіп-жемеңіз. Асты қазанда қалдырыңыз. Оны 38 градустық температурадағы (шамамен ішектің температурасы да осындай) суға салып қойыңыз. Температураның төмендемеуін бақылаңыз. Сөйтіп сегіз сағаттан кейін тамағыңыздың не күйге түскенін көріңіз.
Ең алдымен мұрныңызға сасыған ауыр иіс келеді. Ас ашып, газ бөле бастайды. Газ қысымы адамға көптеген ынғайсыздық туғызады. Қыса-қыса жүрек талмасына, басқа да ауруларға соқтыруы мүмкін.
Астың дәл осындай мөлшері ішіңізде аши бастаса, басыңыз бен басқа да мүшелеріңіз ауырады.
Тоқ ішекте қорытылмай қалған ас қалдығы бактериялардың өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, қаптаған жауымызды ағзамызда өзіміз өсіреміз.
Ішіңіз қатса — сауықтан пайда болған ауруыңыздың да қоздырғыштары көбейтеді.
Артық тамақ пен зиянды астың көбеюі салдарынан пайда болатын улы қалдық ағзаның аса маңызды бауырды жаралауы ықтимал. Бауыр бірнеше міндетті атқаратын шын мәніндегі химиялық зертхана(лаборатория). Ол өт бөлуші ғана емес, ағзаның негізгі тазартқышы. Бауыр мен ішек ас қорытудың бір тұтас процессінде әріптес. Біреуіне қауіп төне қалса, екіншісі дереу көмекке ұмтылады. Қауіп жиілей берсе мүше бұзылады. Бауыр мен ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылғанда, адам едеуір қиындыққа ұшырайды. Іші қатқан адамның бауыры ауруының, басқа да мазасыздыққа душар болуының себептері бар.
Әрине, ашығу үстінде мазаңыз кетеді. Бірақ, зиянды қалдықтан арыла бастағанда, көңіл күйіңіз жақсара түседі.

Үш күндіктен гөрі жеті күндік ашығудың соңы жағдайыңыздың жақсырақ екеніне назщар аударыңыз. Демек, денеңізге дерт тарататын улы қалдық екіншісінде көбірек шығарылады. Он күндік ашығуды аяқтағанымда, өзімді бұрынғыдан күштірек сезінемін. Ағза тазарған сайын қуат та арта түседі. Сондықтан, ашығудың бас кезіндегі қиындыққа тістене шыдаңыз да — күліңіз.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

15 пікір

Moldir_96
Керемет жазылған! Пайдалы кеңесіңізге рахмет, Көркем! Салауатты өмір салтын ұстануға барынша тырысудамын))
Erlan
110 нан аса өмір сүрген бір қариядан мұнша көп жасауыңыздың себебі не деп сұрағанда ол«асқазан» деген екен, мен асқазанымды жақсы күттім, себебі сол ғана депті қария…
Korkem
Дұрыс айтасыз…
Togzhan
Жақсы мәлімет екен, рахмет! Ашығуға үйренбеген организм үшін ең әуелі қанша күннен бстау керек?
Korkem
Тоғжан, сізде осында екенсіз ғой. Аптасына 1 күн, яғни 24-36 сағаттан ашығып бастасаңы болады. Ашығу барысында тек тұзсыздандырылған таза су ішуіңізге кеңес беремін.
Togzhan
Иә, осындамын! Рахмет))
KILYZAMAN
тұзсыздандырылған таза су
— қай мағынада?
Korkem
дистилированнвя вода, яғни қазіргі түбектерден ағатын су емес, өлі су. Құрамында ешқандай қоспасы жоқ таза су. Оны кей дәріханалардан сатып алуға болады немесе қазыр су тазартатын құрылғылар көп, мысалы аквафор. Тұзсыздандырылған су жайлы да толығырақ тоқталып, баяндайтын боламын.
KILYZAMAN
Қайнатылған не болмаса талая вода(Қазақшлауға келмейтін сияқты) ше?
Korkem
Бұл кітапты Америкалық физиотерапевтші жазған, Америка мен біздің Қазақстан экологиясын салыстыруға келмейтін болар. Осындай ашығу жайлы Қазақстандық басылымдардың бірінде қайнатылған су ішуге болатыны жайлы жазылған. Негізі мен де қайнатылған су ішемін
KILYZAMAN
Korkem
Ия, осы болса керек. Бір басылымда тұзсыздандырылған суды үй жағдайында былай жасап алуга болатынын жазған, Кастрюльге (қыста далаға қойп істеуге болады) су құйып мұздатқышқа қоясыз. Оның жиектері мен беті қаттқанан соң мұзларды алып тастап, суды таза кастрюльге құйып қайта қоясыз. 3-4 сағаттан кейі судың бір бөлігі мұзға айлалған шақта алып суды төғесіз де музды ерітіп (уй температурасында) марлыдан откізесіз, тұзсыздандырылған таза су дайын. Талая дегені де осы шығар…
Aspan
Дистельденген су десе қалай? Дистиляция — орыстың да сөзі емес қой.
Aknyet99
Я дұрыс айтасыз! Бұл өмір-Алланың сынағы!
Erlan
Адамдар жеу үшін жасамайды,
Жасау үшін жейді, — Сократ
Философиялық тұжырым бұл тақырыпта ұзақ ойлануға болады…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.