Темекіден, алкогольден, шәйден, кофеден ашығу арқылы арылу

Салауатты өмір салты /
Өркениетті адам химиялық уланудың әтеуір бір түріне шалдығады. Темекі, алкоголь, шәй кофе – әрқайсысының өзіндік қасіреті бар есірткілер. Бәрінің де құрамында қауіпті улардың қоспалары бар. Темекі шегудің зиянын оқымыстылар жан-жақты зерттеген. Темекінің әр қорабына: «Темекі шегу өміріңізге қауіпті» деп жазылатыны сондықтан. Адамға темекі тигізетін зиян әлемде одан әрі зертелуде. Қайталап айтайын: «ДЕНЕ АҢҒЫРТ!» ол бәрін де қабылдай береді. Көміртегі қосындылары мен темекі никотиннің де, алкогольдің де, кофе мен шәйдің шайырында қабылдайды. Мұндай улар мен есірткілерді зарарсыздандыруға ағзаның күші жетпейді. Олардың қауіпі туралы әлденеше рет ескертілсе де, кісі өз ағзасын бүлдіруден өзге ештеңені де қаламайтын тәрізді. Аталған қоздырғыштардың бәрі де алғашқыда күш қосатындай көрінгенмен, кейінен орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Ашығу – адамды зиянды дағдылардан құтқарудың амалы. Ашығу үстінде зиянды әдеттердің әрменірек шегінетінін өзім талай байқадым.
Бірнеше жыл бұрын маған темекінің түбін түсіре шегетін бір әйел келді. Күніне ең кемі 4 қорап темекі тартып, бес сыбаға виски, көп мөлшерде шәй мен кофе ішеді екен. Жүйке жүйесінің тозып біткенін өзі айтты. Қалам ұстаған қолы қалтырап тұрды. Ұйқысы да, тәбеті де қашыпты. Көзі алақ-жұлақ етіп, терісі күлкілдейді. Қиналғаннан өз өзін өлтіргісі де келіпті. Физиотерапияның бір себебі тиер деген үмітпен дәрігер маған жіберіпті.Әйел ажал апанының аузында тұрғандықтан, қандай талапты да орындауға даяр еді.
Алдымен ашықтырдым. Бірақ, оның жақсаы көретін уларына тыйым салғаным жорқ. Бұрынғысында темекі шегіп, аздау мөлшерде алкаголь мен кофе ішіп жүрді. Ашығудың үшінші күнінде ағзасында көтеріліс басталды. Бұрын құныға қабылдайтын уларынан безіне жиренді. Темекі тартса да, аз мөлшерде алкоголь мен кофе де, қатты лоқсық буындыра түсті. Ашығу он күнге созылды. Ұзақ жылдар бойы уланған ағзаның алғашқы арылу күндері басталды. Ашығуды оныншы күі тоқтатқыздым. Оныншы күнгі азанғы зәрі іріңге айналған қоймалжың жалқаққа толы екен. Бұл у қалдықтары еді.
Әйелді он күн бойы жалқақ құрамайтын азық-түлікпен тамақтандырдым. Содан соң, тағы да он күн ашықты. Екінші рет ашығуының әр күнінде оның зәріндегі у мөлшері көбейе берді. Сөйтіп, бұл әйелді он айға жуық бақыладым.
Оны емдеудің алдында да, емдеуден кейін де суретке түсірдім. Екі суреттегі бір адам екеніне сену қиын. Терісі мен түр әлпеті кереметтей өзгеріп, қолы сұлуланып, қалтырауын тоқтатты. Өмірдің езгісі мен тепкісінен құтылып, бақытқа бөленді. Темекі шегу, алкоголь, шәй мен кофе ішу дағдылары жойылды. Қазіргі Голливудтегі ең айтулы сценаристердің бірі. Табысы екі есе өсіп, жағдайы жақсарды. Салауатты да сымбатты адамға сүйкімділігімен ұнап, тұрмысқа шықты.
Темекіге, алкогольге, шәй мен кофеге құмарлық адамдарды түпсіз тұңғиыққа батыра жаздаған басқа да талай-талай мысал келтіре аламын. Сол кісілердің бәрі де ашығудың құдіретімен аман қалды. Кімде-кім темекіден, алкогольден, шәй мен кофеден арылғысы келсе, оның ең төте жолы – ашығу. Тән тазарса – уды қабылдамайды. Таза да салауатты тән қай кезде де уды кейін тебеді. Ашығу – ағзаны тазартудың ең керемет әдісі. Ашығу үстінде ағза кез-келген улы затқа қарсыласа алады.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

21 пікір

Moldir_96
Керемет! Ақыл-кеңесіңізге темекіден, алкогольден арыла алмай жүрген адамдар жүгінеді деген ойдамын)
dimash
Иә, дұрыс-ақ, Ашығудың да өзінің белгілі бір тәртібі болады ғой, қос кететін жайт, арықтаймын деп өз бетінше ашығу ағзаға кері әсері мол екен.

Осы әдісті күніне 2 қороп темекі ашатын досыма айту керек екен, тастағысы келеді-ақ, алайда тастаған уақытында ұзаққа бармай ауырып қала береді.

Көркем, сіздің физиотерапиямен айналысатыңызды бұрын сонды білмеппін…
KILYZAMAN
Әйелді он күн бойы жалқақ құрамайтын азық-түлікпен тамақтандырдым.
— азықтың түрлері жайлы айта түссең…
Korkem
Алдыңғы жазбаларымда міндетті түрде ол тақырыпқа да тоқталатын боламын
Liberal
Шайдың зияны туралы нақты ешнәрсе таба алмадым, жалпы интернетте де көп айтылмайды. Келесіде осы шайдың зияндары жөнінде малімет бере кетсеңіз
Korkem
Міндетті түрде. Өзіңіз де байқайтын шығарсыз, шайға букіл адамзат тауелді, шай ішпесеңіз басыңыз ауырмай ма? Мен ашығудың арқасында шайді ат-матымен ішпеймін, кей-кейде қазақпыз ғой қонаққа барған уй иесінен ұялғанымнан ішем, көңіліне тимесін деп…
Liberal
ааа, да байқадым. Менде елден кетіп біраз шай ішуді ұьытып кеткен едім, елден келген достармен жүріп қайта ішуді үйрендік (((
KILYZAMAN
— Уот ета шәәәй — деп ойладым ішімнен.
дегендер де бар ;-)
QAZAQ
Шайдың түр-түрі бар ғой, көк шай деген деген нәрсе бар дәмі жәмөөөөөн, бірақ пайдалы.
Korkem
оны көп іше беруге болмайды, қан қысымын төһмендетіп жібереді. Оны толық адамдарға пайдалы дейді. негізі ол да есірткі )))
QAZAQ
Бәрін есірткі қылып жібердің ғой, тек толық адамдарға ғана емес, ас-ауқаттан соң сіміріп жіберсең өкінбейсің десем жарнама болып кетті ме?! )))))))))))))))
MSHERIMBEK
Маған пайдасы тиіп қалар:)))
MSHERIMBEK
Мен күріш көп жеймін. Мына қалада күріштен басқа ештеңе жоқ. Шымкентте де күнде күріш. Қысқасы жейтін асымның барлығы күріш.
Айтыңызшы, күріштен қалай құтылсам болады?:)))))
Korkem
күрішті қырық жастан кейін мүлдем жеуге болмайды (өз ойым мүлде жемей-ақ қойған дұрыс) себебі күріш ағзаға барған соң суды өзіне тартады, күрішті біздің қазекем жай өзін ғана жемейді ғой, онымен тұзды огурец жейді, күріш су тартса ол шолдетіп… ия, ағзаңыздағы көріністі елестетіп көріңіз. аты жаман ауруға шалдықтыруы мүмкін. Ал одан арылғыңыз келсе ашығып көріңіз. Мына кітапты толық жазып шыға алмайтын сияқтымын. Пол Бреггтің «Чудо голадания» кітабын тауып оқып көрсеніз қайтеді? Өкінбейсіз! Құлқынның құлы болудан өз күшіңізбен арыласыз…
MSHERIMBEK
Жеке қабылдауыңызда жазылу қанша?:))) Админдері үшін жеңілдік бар ма?:)
Korkem
жоға о не дегеніңіз? ондаймен айналыспаймын, азірге озім гана, жетістіктеріммен болісіп, оган калай жеткенімді жазып жатырмын, алі тауыса алмай. Не гой, басылымдардың жазуынша, біздің онтустік Қазақстанда ғана бар, яғни «Ашығу орталығы» келіп алдын ала кезекке жазылып кетпесеңіз адамдар саны толастамай тұр, сонау қиыр шығыстан келіп адамдар емделуде жок ашыгуда. Онда бар жагдай жасалган, 10 кун аығасыз 20 мың тенге көлемінде арзан. Бірінші бастаманы сонда бастасаңыз, онай уйреніп кетесіз, Сол туралы да жазатын болдым енді алдагы кунде)))) және шипа көргендердің сөздерінде…
Liberal
еще майға қуырылған тауық бар ғой :))
Yasin
Садко макарон жесей күнде күріш жеме
Aspan
Рахмет, Көркем, кеңестеріңізге. Кітапты өзіңіз аударасыз ба?
KILYZAMAN
Қақалатын, жөтелетін күлсалғыш :-)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.