Ұзақ өмір сүру құпиялары

Салауатты өмір салты /

Бүгінде әлем ғалымдарының басын қатырып отырған ең басты мәселенің бірі – адамзаттың неғұрлым ұзақ өмір сүруі болып отыр. Осыған орай, әлемдегі барлық ел халқының орташа өмір сүру жасын ұзартуға тырысуда.
Ең әуелі, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене құрылысының биологиялық, физиологиялық, анатомиялық құрылымымен таныс болу;
Ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру;
Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине, өмірдің әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау;
Денсаулықты сақтаудың негізгі принципі — Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын басшылыққа алу;
Табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі — ауа, күн, су құрылымдары болғандықтан, денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;
Жеке бастың тазалығы;
Дұрыс тамақтану жүйесі;
Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру;
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу;
Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;
Дене шынықтыру — сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;
Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу керек.

3 пікір

Aknyet99
Мүмкін бізде 100 жасап қалармыз!
Moldir_96
Барлықтарыңызға 100 жасаңыз дегім келеді! Жамбыл атамыздың жасын берсін!!!
naimankyzi
Ұзақ жасау барлық тіршілік иесінің басты мақсаты. «Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын басшылыққа алу» деген пікір өте келісті алынған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.