Қатерлі ісік ауруынан сақтаныңыз !!!

Салауатты өмір салты /
Қатерлі ісік
Көп аурулардың арасында адамның өміріне тікелей қауіп туғызатын-бұл қатерлі ісік ауруы.
Қатерлі ісік тез өсіп, шірітіп, дененің бір жеріне ғана тоқтамай белгілі мерзім аралығында қан және лимфа тамырлары арқылы басқа мүшелерге тез тарайды.
Қатерлі ісіктің қауіптілігі алғашқы кезде ауырып білінбейтіндігінде, ал білінген кезінде басқа мүшелерге қанмен тарап кеткендігінде.
Бұл науқастың РАК аталу себебі аяқтары жан-жағына жайылып жатқан теңіз шаянына ұқсас болғандықтан.Сол себепті, атақты ғалым Гиппократ оны РАК деп атаған.
Ал өңеш қатерлі ісігін халқымыз қылтамақ деп атаған.

Өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептері

Бұл аурудың пайда болуына бір емес, бірнеше себептер әсер етіп, оларды үш топқа бөлуге болады:
1.Тағамды, шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық түрінде ішу,қақталған,қуырған, көп тұздалған ащы және қаттытамақтарға әуес болу, тамақты әбден шайнамай жұту, тістердің жоқтығы, витаминдердің жетіспеуі, насыбай ату, темекі тарту, градусы жоғары спиртті ішімдіктерге салыну, күйдірген майдыбірнеше рет қолдану;
2.өңештің кілегей қабатының қабынуы, оның әртүрлі қышқылдармен және негіздермен күйіп жарақаттануы, тыртықтануы және тағы басқа өңештің аурулары, яғни қатерлі ісік алдында кездесетін дертер.
3.Тұқым қуалаған дене құбылыстарының ерекшеліктері.
Осы айтылған себептердің әсерінен өңештің кілегей қабаты қызарып, бозарып,қабынып, желініп, жараланып, тыртықтанып, келе келе өңештің қатерлі ісігіне айналады.Осы созылмалы қабыну дерт рак ісігінің пайда болуына себеп болатынын көптеген ғалымдар дәлелдеп жүр.
Бұл ауру өмір бойы зиянды әдеттерге үйір болғандардың арасында көбірек кездеседі.Өйткені зиянды әдет-ғұрыптар (темекі тарту, насбай ату, маскүнемдікке салыну) организмнің қорғаныс күшін азайтып, ауруға шалдығуға септігін тигізеді.
Арақтың градусы мен ішкенлегі мөлшері көбейген сайын қылтамақтың пайда болу қаупі аса түседі.

Өңеш қатерлі ісігінің белгілері қандай?

Өңеш қатерлі ісігі уақыт уақыт өткен сайын,өсе келе ас жүретін жолды тарылтып,өңештің тамақты өткізу қызметін нашарлатады.Сол себепті адамдарда төмендегідей белгілер пайда болады:
-қою тағамдардың анда-санда түйіліп өтуі
-тамақ жұтқанда тырнап ауруы
-кекірік, сілекей шұбыру
-уақыт өте қою тағамдардың жиі түйіліп, тіптен сұйық тағамдардың өтуінің де нашарлауы
-тамақ ішкеннен кейін қайта құсып тастау
-әлсіздік

Өңештің қатерлі ісігінен сақтану жолдары.

Өңештің қатерлі ісігінен сақтану үшін жоғарыда айтқан үш топтағы себептерден құтылу керек, не болмаса бұл себептердің мүмкіндігінше азайту.Темекі тартпай, тағамды өте ыстық ішпей, маскүнемдікке салынбай, витаминдері жеткілікті жеміс-жидектерді көп пайдаланып,өңештің кілегей қабатының ауруларын алдын-ала емдеп жүрген адамдарда өңештің қатерлі ісігі аз кездеседі.Осы орайда, халқымыз Сұңқарға талшық тағам болады, тағамды аздап түрінен жесең, денің сау болады деген даналығының жалпы даерттердіңалдын алуда маңызыныңзор екенін атап өту қажет.

Өз денсаулығыңыз-өз қолыңызда

Әр адам өзінің денсаулығын сақтау жолында жоғарыдағы зиянды әдет-ғұрыптардан арылып, айтылған алдын-алу шараларын жасаса, онда өңеш қатерлі ісігін болдырмаудың жолы ашылады.Ал өңеш дертінің белгілері пайда бола бастаған кезде дереу дәрігерге көрініп, түрлі тексерулерден өту керек.Осы салада арнаулы рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерді қолдану ісік аурулардың диагнозын дәл қоюға жағдай жасайды.Ал мұндай аурулардың басталған кезеңін анықтаудың өзі де адамға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Егерде, сіз жоғарыда айтылған белгілерді өзіңізден байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз!!!

3 пікір

dimash
Та-ма-ша! Керемет жазба болды! +1
qyrmyzy
зиянды әдет-ғұрыптар (темекі тарту, насбай ату, маскүнемдікке салыну) организмнің қорғаныс күшін азайтып, ауруға шалдығуға септігін тигізеді.
қола сырға! Дереккөз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.