Құлқынның құлы болмаңыз

Салауатты өмір салты /
Адамдардаң көпшілігі — құлқынның құлы. Олар тәуліктің белгілі бір уақытында ертеңгілік, түстік, кешкі асқа ден қояды. Аш-тоғына қарамай, байғұс дені артық ас, жарамсыз тамақпен ауырлата береді. Осыдан кейін денсаулық проблемасының шиеленісе түсетініне таңданбай-ақ қойыңыз. Тамақтану жөніндегі аса ірі мамандардың бірі, профессор Арнольд Эрест: "Өмір — тамақтану трагедиясы" дейді. «Адам өзінің моласын пышақпен және шанышқымен қазады» деген көне сөз қалай дәл айтылған деңіз! Адамдардың көпшілігі асқазанына демалыс бермейді. Бөліп шығару, ас қорыту жүйелерін үнемі сырқап ұстайды. Ақырында артық қиянат мүшелеріңізді істен шығарып тынады. Бүкіл ағзаңыз зардап шегеді.
Өзіңіз жайшылықта ішіп-жеп әдеттенген тамақ мөлшерінің керексіз екенін ашығудан кейін білесіз. Ашығу асқазаныңыздың көлемін кішірейтеді. Тамақты бұрынғыдан екі есе аз ішіп-жесеңіз де, өзіңізді жақсы сезініп, сымбаттана түсесіз.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

5 пікір

beko
Керек нәрсе екен…
calendula
Осы мақалалар хақында маған бір арам ойлар келіп жүр соңғы кездері…
Korkem
Салем, Календула! Ол қандай арам ойлар? ә?
VVVWWW
Ия маған да сұмдық ойлар
Baha_07
Оны ойлауға да уақыт жоқ боп жатады ғой кей кезде...әсіресе студент қауымы оны жақсы түсінеді… асқазанын ролтонмен алдап жүргені қаншама?! әрине көбі өзінің жалқаулығынан табады…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.