Қарт адамдарға көмектесейік

Салауатты өмір салты /
Адам жасы ұлғайып қартайған шағында оның ағзасында үлкен өзгерістер болады.Кейбір әже-аталарымыз тез ренжігіш және әр нәрсеге бала сияқтанып қуанады. Әрине мұның бәрі адам жұйкесінің тозуына байланысты. Біз кішкентай балаларға қалай көңіл бөлеміз дәл солай қарияларға да көңіл бөлу керек. Олардың тамақтануы, ұйқысы және күнделікті отырып тұруына тіпті жуынуына да көмектесуіміз керек. Күтім жақсы болса олар ұзақ өмір сүреді.
Қарт адамдардың тамақтануының өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың жастарына қарай тәуліктік калориясы өзгереді (60-70 жас 20-30ккал 79%, 70 тен жоғары 69% болу керек). Бұл жастағы кісілердің тістері болмайтыннан ішек жолдарының бұзылып іш қату немесе іш өту жиі болады. Сондықтанда тамақты қоймалжын, аздап күніне 4 -5 рет беру керек.
Қария адамдардың көбіне ұйқысы бұзылады. Түнде ұйықтай алмай күндіз маужырап отырады. Себебі жоғарғы нерв жүйесі бұзылған, әр түрлі күйзелістің әсері. Ұйқысын тыныштандыру үшін бөлме іші тыныш, таза ауа, температурасы +18 22С болу керек. Төсегінде қыртыс не нанның қиқымы болмау керек.
Қарт адамдарға қарау әркімнің міндеті. Олардың көңіліне келетін ауыр сөздер айтпай жылы қабақ таныту керек. Қан қысымын әлсін-әлсін өлшеп отырған дұрыс. Сәл көтерілсе қан қысымын түсіретін дәрілер немесе көк шәй беру керек.
Әже-аталарымыз ұзақ жасасын десеңіз үлкен жауапкершілікпен қараңыз. Әр отбасының қызығы бала болса екінші әже-атамыз. Сондықтанда қолдан келгенше қызмет етіп, олардың батасын алып жүре берейік.

1 пікір

Arhun
Кез-келген адамның ішкі биологиялық сағатымен күндердің-күндері қартаяды (көбіне біліп тұрып, ұмытамыз)… демек қарттарға қазыр қандай құрметіңді көрсетсең, қартайғаныңда сл дәрежеде құрмет көрмекшісің… дүние алма кезек
Тамаша мақала
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.