Тұз сорымызды қайнатады

Салауатты өмір салты /
Суда жемір ерітіндіге айналатын натрийді ас дәмін кіргізу үшін пайдаланасыз ба? Хлорды, өте улы газды ше? «Сұрағыңыз күлкілі екен. Есі дұрыс адам ондай ақымақтыққа бара қоймас»-дерсіз.
Әрине, ондайға бармайды. Бірақ көпшіліктің өзін-өзі қиянаттайтынына қайран қалмасқа амал жоқ. Өйткені ТҰЗ деп аталатын белсенділігі күшті заттың органикалық емес кристалдар түзетінін олар біле бермейді.
Ғасырлар бойы «Жер тұзы» деген тіркес жақсылық пен мәнділікті білдіру үшін қолданылып келді. Мұнан асқан ателік жоқ. Күнделікті тамағыңызға қосатын тұз денсаулығыңызды бұзыды. Фактіні талдап көрейікші:
1. Тұз — тамақ емес. Оның аспаздық өнерде қолданылуына қолдау көрсетудің өзі дәріхана сөресіндегі калий, кальций хлоридтерін, барий немесе басқа да реактивті заттарды тамаққа қосуға болады деумен бірдей нәрсе.
2. Тұз қорытылмайды. Оны ағза сіңрмейді. Қоректік маңызы да жоқ. Тұздың құрамында витаминнің, органикалық қоректік заттың қай-қайсысыда кездеспейді. Оның есесіне бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, күретамырлар мен басқа да тамырларға зиянын тигізіп, тіршілігіңізді бей-берекет етуі ықтимал. Дене талшықтарын кептіріп, жағдайды өте қиындатуы да мүмкін.
3. Тұз жүректегі уға айналып, жүйке жүйесінің ашушаңдығын көбейтеді.
4. Тұз ағзадағы кальцийдің шайылуына әсерін тигізіп, асқазан, ішек жолын түгелдей жауып жатқан сілемейлі қабықшаға ықпал етеді.
Ағзаға осыншалықты зиянды тұзды кең көлемде қолдануымыздың сыры неде? Бұл жұмбақтың шешуі ғасырлар бойы тамақты тұздауға үйреніп кеткен әдетімізде жатыр. Осы қателігіміз орасан зор қателікке негізделген.Себебі, ағзаға тұз қажет деп ойлаймыз. Ал, эскимостар (не ғой, мына елдің қазақшасы жоқ шығар), басқа да көптеген халық титтей де тұз пайдаланбайды. Одан зиян шеккен емес. Тұз пайдалану әдетінен арылған кісі өмірі темекі тартпаған адамның сигарет иісін жақтырмағанындай күй кешеді. Кейбір жануарлар мен үй құстары үшін тұз нағыз удың өзі. Оны көп жеген шошқа өліп қалатыны баяғыдан-ақ белгілі.

Тұздың қан қысымына ықпалы

Қан қысымының жоғарылауына себеп не? Оның медицинаға белгілі — күшке үнемі артық салмақ салу, ашулану, темекі шегу, двигатель газын жұту, тамаққа үстемелер қосып пайдалану, дәрінің жанама әсері, индустрияныңсалдары сияқты себептері бар. Мұндай зиянан өзіңізді қалай қорғайсыз? Ең дұрысы — жоғарыда аталған жаман әдеттерден арылу. Қан қысымын көтеретін натрий хлоридін мезгеп отырғанымды сезген боларсыз?
Біз осы кезге дейін "қалыпты адамның" қан қысымының жоғарылауы туралы айтып келдік. Ал семіздік дертіне шалдыққандарға тұз қалай әсер етеді?
Семіздік көбіне қан қысымының артуынан пайда болады. Демек, оны зерттеудің мәні ұшан теңіз. Адамдардың өрескел семіруі мен тұз пайдаланудың арасында байланыс бар ма?

Тұз тапшылығы туралы өтірік

Аз тұздалған тамақ татымсыз ба? Өзімізді қалыпты жағдайда ұстауға тұз қажет пе? Көпшіліктің қалыптасқан ұғымына сенсек — керек-ақ. Жануарлар «тұз жалау» үшін бірнеше шақырымға баратынынан да хабардармыз. Ондай жерлерді зерделей зерттегенімізде де, бәрінде де натрий хлориді (ас тұзы) жоқ екені анықталды. Керек десеңіз, натрийдің органикалық емес қогсындылары да кездеспеді. Оның есесіне жануарларға қажет басқа нәрселер көп екен.

Сиырға тұзды неге көп береді?

Сүт фермасын ұйымдастыруға қаржы жұмсаған кісі одан мейілінше мол табыс алуға ұмтылатыны белгілі. Жем-шөбіне тұз қосылған сиырдың суды көп ішетінін фермерлер әлдеқашан байқаған. Сиыр суды көп ішкен сайын, сүті де көбейе түседі. Бірақ, 0,94 литр сүтте 0,5-1 граммға дейін тұз болады.
Америка мектептеріндегі балалардың дене дамуымен таныссаңыз, көпшілігінің толық екеніне таңданасыз. Мұның сыры — балалар комерциялық сүтті көп ішеді. Тұтынатын тамақтарында да тұз көп (қазақта сөз бар ғой «семіздікті қой ғана көтереді» деген) Дүкендегі қалбырлаған азық-түлікте де тұз жетіп артылады. Сүтте — тұз, көкөністе — тұз, нанда — тұз, басқа азық-түлікте — тұз. Осының бәрін қосыңызшы, жүрек-тамыр ауруы қоғамымызда неліктен бірінші нөмірлі ажалға айналғанына көз жеткізесіз. Біздің ұлтымыз — тұз нашақоры! Ірімшігімізде де, қалбырлаған жемісімізде, нанымызда — жаппай тұтылатын азық-түлігіміздің бәрінде де тұз қаптап жүр. Балалар (сәбилер) тағамы да тұзға толы.
Алдағы тақырыпта тағы да дәлелдейтін боламын…

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

15 пікір

MSHERIMBEK
Мен қанттан көре тұзға құмармын. Ащы тағамдарды ұнатам, әсіресе, тұзы көп тағамдарды. Мұным дұрыс емес болғаны ғой...:(
vkm
Бүйректе,өтте тас пайда болуы мүмкін
MSHERIMBEK
Содан қатты қорқып, соңғы кезде қияр мен помидор жегенде тұз қоспай жүрмін.
Korkem
Дұрыс, каз тіпті әсерлісін жазамын))))
MSHERIMBEK
анашым-ау, не боп барады мына өмір:)))
Korkem
Ия, тұздан гөрі бұрышты пайдалансаңыз қайтеді?
yerbol89
Мен қазір ауылдан анам әкелген оджиганы жеп отыр едім. Ойланып қалдым Ғооее :)
yerbol89
Ризамын саған Көркем! :) Тамаша ақпараттар. Қаламыңыз ұшқындала берсін.
Korkem
Рахмет, пайдаға аспай қалама деп отыр ем))))
MSHERIMBEK
«Соль и сахар — белая смерть» деуші еді орыс быратандар!
a63a1
бәрі де пайдалы, пайдасына қарай пайдалансаң
Jako
Мен қалай өмір сүріп жүргенмін бүгінге дейін.
Korkem
ооо Жако сізде осындамысыз?
Ол жайлы да толық жазамын алі, шет жағасын айтсам Адамнң денесі АҢҒЫРТ! біздің денеміз кез келген нарсені кабылдай береді, ал біз ағзамызды аямаймыз. Нәтижесінде жазасын отейтін боламыз
Togzhan
Тұздың ішінде йод болады емес пе? Йодтың жетіспеуі де организм үшін қауіпті, ол қалқанша безінің аурын туғызбай ма?
Korkem
Сұрағыңыз орынды.Й Иод та, тұз да шынайы табиғат өнімдерінің құрамында бар нәрсе.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.