Мақсатына жеткен мүгедек

Салауатты өмір салты /
Мистер Эванстың осыдан он жыл бұрынғы ахуалы әлі есімде. Кабинетіме өте ақсап келді. Калифорниялық белгілі дәрігерлер оған физиотерапиялық ем белгілепті. Өзім де Калифорния штатындағы мемлекеттік медициналық комиссияның лицензиясын алған физиотерапевтпін.
Әлгі адамныің хикаясы Құрама Штаттағы миллиондаған адамның басындағы жағдайға ұқсайтын еді. Кереметтей ағзасын күту керектігін оған да ешкім үйретпеген. Тәбетінің бар-жоғына қарамай, күніне үш реттен жүйелі түрде тамақтануға әдеттенген. Қуатыңыз қайтпай тұрғанда, асқазаныңызды қалаған уақытта кез-келген тамақпен толтыра аласыз. Азанда ұйқыдан ояна салысымен ботқа, сүр ет, жұмыртқадан пісірілген құймақ, қуырылған картоп жеп, соңынан бес пиала кофе ішесіз. Кейін мұның бәрінің зардабын тартасыз.

Үзім наныңызды маңдай теріңізбен табуға тиіссіз. Бұл – ең басты мәселе. Яғни, жейтін тамағыңыздың мөлшері дене белсенділігінің деңгейінде болуы керек. Ал, Мистер Эванс жасының егде тарқанын ескермей, фермада жұмыс істеген жас кезіндегіше тамақтана берген. Улы кристалдар бірте-бірте буындарын алып, жүйкені қысып, жан шыдатпас ауруға ұшыратқан.
Ауруынан оңай құтылғысы келді. Мен оған жылдар бойы дұрыс тамақтанбағандығын, салауатты өмір салтын ұстанбағандығын, соның салдарынан осындай халге душар болғандығын, енді ашығу мен сілтілік маңызы бар мәзір арқылы ғана ауруды азайту мүмкін екенін ашып айттым. Түсінігі бар екен. Сөзіме иланды. Тек тұзсыздандырылған суды кәдеге жаратып, үш күндік ашығудан бастады. Ашығуды аяқтаған соң, азанғы асқа жаңа үзілген көкөніс, түстікке көкөніс салаты мен қайнатылған көкөніс берілді. Кешкісін үгітілген сәбіз, майда туралған капуста, қайнатылған көкөніс тағамы ұсынылды. Ет, балық, жұмыртқа, сүт тағамдарын дастархан мәзірінен алып тастадық. Тұздан, қамырдан, бұршақты астан тыйылдырдым. Күніне оған Цельсия бойынша 40 градустық ыстық ванна белгіледім. Бірінші күні үш орамға дейінгі қашықтыққа жаяу жүргіздім. Әр үш күн сайын бір орамнан қосып отырдық. Ол кейінен күніне 5 мильге дейін жаяу жүретін болды.

Ол аптасына 36 сағаттан, кейінірек бір реттен жеті және он күн ашықты. Арада жыл өткенде, кісі танымастай өзгерді. Отбасындағылар мен достары мұндай өзгеріске таң тамаша қалысты. Буындары икемге келді. Бұрын жүзіп көрмесе де, жастар ассоциациясына мүшеклікке өтіп, аптасына екі-үш рет суға түсті. Велосипедке мінбегеніне де талай уақыт болған екен. Қазір онымен көптеген миль жүреді. Әйелімен бірге бимен шұғылданып, бір жылдан кейін бишілер байқауында жеңімпаз атанды. Буындары қыспақтан босап, саусақтары пианинода жылдам жорғалады. Мистер Эванс жыл санап жасара берді. Ауруы алыстады. Денесіне бір ретте қол тигізгем жоқ. Физиотерапевт ретінде салауатты өмір сүру бағдарламасын ғана ұсындым. Қазір ол аптасына 24-36 сағаттан, жылына төрт мәрте – қыста, көктемде, жазда, күзде он күнен ашығады. Қозғалуы 20 жастағы жігіттің қимылындай жылдам да ширақ. Әрине, мұның бәріне бір күнде, бір апта да бір айда қол жеткізген жоқ. Улы қышқылдардың кристалдарын денеден шығаруға қыруар уақыт кетті.

Мистер эванс жасаған іс-әрекеттің бәрі әркімнің-ақ қолынан келеді. Ағза өзіне-өзі қайта қалпына келтіріп, өзін өзі емдеп, өзіне өзі қуат дарытып отырады. Бізден жалғыз-ақ нәрсе – табиғат заңымен өмір сүруіміз тала етіледі. Табиғат сонда ғана қуанышты өмір сыйлайды.
Буындарыңызды иліктірмейтін улы қышқылдар кристалынан арылу бағдарламасының негізгі құралы – ашығу. Мезгілсіз қартайудан буынды қалай құтқарудың амалын тек өзіңізден табасыз. Кейінге қалдырмай, 24 сағаттық ашығуды бастаңыз. Буынға қалай әсер ететініне көзіңіз жетеді.

Басыңызды екі жағыңызға қарай бұлғақтатыңызшы, қытырлаған дыбыс естисіз. Бұл – омыртқаңыздың жоғарғы жағына қордаланған улы кристалдардың белгісі. 24 сағаттық немесе жеті күндік ашығулар қордаланған зиянды қалдықтарды түгел шығармағанымен, ағзаңызда тазарту басталады. Аптасына бір рет ашықсаңыз, жылына 52 рет ашығасыз. Осы уақыт ішінде бойыңыздағы күш-қуатыңыз буындағы қышқылдық кристалдарды қуып шығатын деңгейге дейін көтеріледі.

Әр ашыққан сайын, буыныңызда бостандық пайда болатынын байқайсыз. Бей-берекеттігіңізді жастық жалын мен сергектік алмастырады.

Поль Брегг, денсаулық миллионері

10 пікір

AKA
Өткендегі кітаптан көшіріп жазып отырмысыз?
Korkem
әлбетте
AKA
Оны да жазып қою керек онда, тақырыпты жөндесеңіз.
Korkem
әлбетте, оны мен әуел баста жазып өткенмін және «шаңырақты» ашып қараңыз. Тақырыпты өзім ойлап тапқам жоқ, сол қалпында жаздым
AKA
Мақстына жеткен мүгедек
Әдетте «мақсатына» деп жазылушы еді…
сол қалпында жаздым
… дәл осылай жазылса онда мен көштен қалыппын, «мақстына» сөзін естімеген екенмін. Жаңа сөз болса керек…
Korkem
мяяяяя, мән бермеппін)))))) ыыы рахмет
konvict

Мынау қалай?
Korkem
мынының уаще қатысы жоқ. сыртқы емес, ішкі жан-тазалығы. Мынау тума мүгедек қой
qyrmyzy
Тақырыбын түзеп жіберсең...әлде менің көзім солай көріп жатыр ма?
Korkem
))))))))) түзедім, раха
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.