Шымкентте «Жас Отан» ЖҚ кубогіне республикалық жайдарман ойындары өтті.

Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Шымкентте «Жас Отан» ЖҚ кубогіне республикалық жайдарман ойындары өтті.
2015 жылғы 1 сәуір күлкі күніне орай «Қазақстан КВН» одағының қолдауымен Шымкент қаласында «Достық» үйінде «Жас Отан» жастар қанатының кубогіне Республикалық жайдарман ойыны өтті. Жайдарман сайысында Сырдария, Қармақшы, Шымкент жастары, Шу-Чу, АЭСА-Алматы, Жаснар команлары қатысты. Қызықтыда тартысты өткен сайыс қала тұрғындарының көңілінен шығып, керемет көңіл күй сыйлады. Қазіргі таңда, барлығымыз сүйсініп тамашалайтын жайдарман прогрессивті дамып келе жатқан жастар қозғалысына айналды. Қазіргі таңда «Жайдарман» қазақ тілінің жанашыры, сонымен бірге ұлттық құндылықтардың жаршысы болып қалыптасып келеді.
Cонымен қатар, елімізде болып жатқан саяси және экономикалық жаңғыртулардың (өзгерістердің) барлығы жайдарманның әзілдерінде көрініс табады. Жайдарман жарты ғасырлық тарихында жастармен аға буынның арасында ұрпақтар сабақтастығының құралы екенін дәлелдеді. Жастар әрдайым халықтың жай күйін көрсетіп, елдің жоғары мақсаттарын көрсетіп келді. Жайдарманның әзілдері әрдайым баршамызды қуантып жүреді, себебі көп орын алатын оқиғаларға әзіл арқылы қарайтын болсақ, айтылған ойдың тереңділігіне көзің жетеді.
Гарвард университетінің ғалымдарының зертеулеріне сүйенетін болсақ күлкі адам өмірін ұзартады, ал жақсы көңіл күй мүмкін болған ауырулардың 50% алдын алады. Ересек адам күніне не бәрі 8-10 рет ғана күледі екен. Әйел азаматшалар ер азаматтарға қарағанда екі есе көп күледі екен, есесіне еркектерден ұзақ өмір сүреді. Әзілмен күлкі адамдар арасындағы қарым қатынасты жеңілдетіп, ашық және жарқын жүзді етеді.
Күлкі күніне орай ұйымдастырылған Жайдарман сайысының бас жүлдесі «Жас Отан» жастар қанатының кубогінің иегесі Қызылорда облысының «Қармақшы» командасы атанды. Екінші орын келген Алматылық қонақтар «Жаснар» қомандасына бұйырып, үшінші орынға «Алматы-АЭСА» лайық деп танылды.
Төрешілер алқасында «Нұр Отан» партиясының «50 тұлғасы» жобасының қатысушысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты – Қалауов Жамбыл Мұратұлы, «Банк центр кредит» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалының директоры – Орынбасаров Ерлан Тасбергенұлы, «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүсітік Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы – Бауыржан Молдабеков, белгілі жайдарманшы – Марат Достаев, «Отан» жекеменшігі шектеулі серіктестігінің директоры – Тастемиров Нұрлан Қуанышбайұлы болды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.