Шымкентте «Бар мейірім – балаларға!» мерекелік қайырымдылық акциясы өтті.

Шымкентте «Бар мейірім – балаларға!» мерекелік қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Шымкентте «Бар мейірім – балаларға!» мерекелік қайырымдылық акциясы өтті.
2015 жылғы 30 мамыр күні 1 Маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай Қаратау ауданы әкімі аппаратының тапсырысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қоры «Бар мейірім – балаларға!» мерекелік қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияда Қаратау ауданы әкімі Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов бүлдіршіндерді 1 маусым — Дүниежүзілік балаларды қорғау күнімен құттықтады. Акция барысында ауданның әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жалпы саны 224 бүлдіршінге киім-кешек сыйға тартылды.
Қазіргі уақытта Халықаралық балаларды қорғау күні барлық елдерде, барлық континенттерде, барша әлемде кең тойлануда. 1950 жылы Біріккен ұлттар ұйымы балалардың құқықтары, өмірі мен денсаулығын қорғауды өздерінің қызметтерінің басты бағыттарының бірі деп жариялаған болатын.
Акцияда балалардың көңілін аулауға арнайы концерттік бағдарлама түзіліп, онда цирк өнерпаздарының арнайы дайындалған ойындары көрсетілді. Өзегеде өнер ұжымдарының қатысуымен арнайы қойылым көрсетіліп, балаларға тәтті балмұздақтар үйлестірілді. Концерттік бағдарламаның соңында балаларға зоологиялық саябақтың жануарларлары таныстырылып, балаларға керемет мерекелік қөңіл күй сыйланды.
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Шымкентте «Бар мейірім – балаларға!» мерекелік қайырымдылық акциясы өтті.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.