Ди Матео мырза!!!

Жасыл алаң жаңалықтары /
Роберто Ди Матео

Қазірде бұл бапкер жайында сөз көп, айтар пікірлерде жеткілікті. Бәрін айтып болдықта әуелі даттадық, одан мақтадық. Қазірде бұл бапкерді Хидинк не болмаса Моуриньюға бағалап жататындарда табылады. Расымен ақ! Жұмабақ кейіпкеріміз «Челсидің» бапкері Роберто Ди Маттео.

Бапкер жайында….

Маттео мырза келгелі Челси адам сенгісіз өзгерді, еркеше түрленіп сала берді. Аутсайдер (әлсіз) командалармен ұпай бөлісіп, мықтылардан таяқ жеп жүрген Челсиді қысыл-таяң тұста қолға алған Ди Маттео мырзаның жоспары, Челсиді биікке шығарып, өрге сүйреді. Чемпиондар Лигасында Италияның «Наполинен» ұтылған «Ақсүйектердің» келесі кезеңге өтіп ойнайды деген,үміті мүлдем бұлыңғыр болатын. Осының салдарынан келгеніне аз уақыт болсада Андре жылы орынын боасатып кете барды. Оның орынын суытпаған Маттео мырза «Челсидің» уақытша бапкері болып тағайындалды.Маттеоның сызба нұсқасымен ойындарын құрған ойыншылар «Наполиді» де жеңді. Одан әйгілі «Манчестр Юнайтедті» тұқыртқан «Бенфиканы»да тізе бүкітрді. Келесі ойында әйгілі Чемпиондардың чемпионы Испанияның «Барселонасын» жеңіп, үлкен ерлік жасады. Шабуылдайтын командаға тас қамал орнатып, тоқтатқанда Маттеоның ойы. Сіз білесіз бе? Маттео келгелі құрама сапындағы жұлдызды ойыншылардың жұлдыздары жарқырап сала берді. Әуелі Торрес. Анчелоттидің ірі қадамы болған ойыншы Челсиға келегілі түк бітірмей, гол соғу қарқынын жоғалтқан болатын. Ал Маттео мырза келгелі бабына келіп, қайта қарқынына қарқын қосып, үдей түсті. Ал осындай ойыншыға мүмкіндік беріп жұлдызды голдарды соғуға ықпал еткенде осы Ди Маттео ғой. Бұл бапкердің әрбір ерлігі Челсидің жеңісі, жетістігі. Ал Ресейдің байы, Челсидің қожайыны Абромович мырзаға басқа бапкердің қажеті қанша? Чемпиондар Лигасының финалы. Өз алаңында ойнайтынын ескерсек, Баварияның бір басы жоғары тұр Челсидан. Кім ойлады Челси ұтады деп?.. «Ақсүйектер» өз тарихында ерлік жасап, Чемпиондар лигасының кубогын алғаш рет төбелерінен асыра көтерді. Шешуші пенальтилер сериясындағы бес ойыншының есімін жазып, сенім артқанда Маттео мырза. Неге Торрес теппеді? Мата ше?
Бұл айтқанымыз Маттео мырзаның былтырғы табысты, жеңісті жолдары. Биыл ше? Маттео мырзаның командасы буын алмасу кезеңін басынан өткеріп жатыр десекте болады. Жаңа ойыншылар мен қатар жас ойыншыларды негізгі құрамда ойнатып жатыр. Оскардың оқыс соққысын қазір жанкүйердің кез келгені әңгіме етіп отырады. Маттео биыл Чемпиондар лигасының кубогын қайтарып алуға тырысады, сол жағына еңбектер жасамақ. Ал ағылшын премьер лигасында қазірде Челси жеке дара көш бастап келеді. Кеше Арсеналды ұтты. Тек Уефаның суперкубогында Атлетикодан тізе бүкті демесеңіз, әзір Челси тәп-тәуір нәтижелерді иеленіп келеді. Бұл да Маттео мырзаның жетістігі.

Роберто Ди МАТТЕО: Саңылақ ойыншы

Роберто Ди Маттео сонау 90шы жылдары футболға қадам басқан ойыншы болатын. 1970 жылы 29 мамырда Щвейцарияның, Шаффхаузен қаласында дүниеге келген. Футболға деген аңсары бала жастан ауады. Жергілікті «Шаффхаузен» клубында доп тебеді. Ең қызығы бұл клубтың қорғаушысы ретінде алаңға шығып жүрді. Одан кейін голдық пас жасап, гол соғып жүрген қорғаушыны «Цюрих» клубы шақыртып, өз қатарына қосады. «Цюрих» командасының бас бапкері Дино Дзофф талантты қорғаушының алаңдағы орынын, жартылай қорғаушыға алмастырады. 1992 жылдың жазында «Арау» клубына ауысады. Бұл клуб өз тарихында тұңғыш рет 1914 жылы Швейцария чемпиондары болады. Алаңдағы осынау дарын иесін өз қатарларына қосқысы келетін клубтардың да саны артты.
Ал Маттеоның ойыншы ретінде жұлдызды ғұмыры 1993 жылы басталады. Осы жылы Италияның «Лациосына» шақырту алып, осы клубтың намысын қорғайды.Ал келер жылында Италия құрамасында ойнайды. Байқағаныңыздай Робертоның қалтасында екі елдің азаматтығы бар. Бірі Щвейцария, екінші Отаны Италия болды. Бірақ Щвейцария құрамасында мүлдем доп теппеді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін Италияның сапындағы үздіктердің бірі болды. Мальдини, Неста, Баджо, Каннаваро сынды саңылақтармен құрамада есімі қатар аталып жүрді. Ұлттық құрамада айы оңынан туды. 1996жылы әйгілі Ағылшын Челсиінің құрамында ойнап, талай атақ дәрежелерге жетіп, маңызды голдарды соғады. 2002 жылы Маттео ойыншы ретінде алаңды біржола тастап кетеді.

Роберто Ди МАТТЕО: Бапкерлік жолы

Саңылақ ойыншы кез келген уақытта шешім қабылдап ойлаған ісін жүзеге асыруы тиіс. Маттеода сондай жандардың қатарынан.Алаңдағы жағдайды жетік біліп жақсы түсінетін Маттео өзін бапкер жолында бағын сынап көремек болады. Сөйтіп алғашықы бапкердің оң қолы, ақылшысы болады. «Милтон Кинс Дон», «Вест Бромвич» сынды клубтарда менеджер қызметін атқарады. 2011жылы «Челсиға» Андре Билаш Боаштың жөн сілтеушісі, ақылқосары болады.


Алайда көп ұзамай Боаш орынын босатып, бапкерліктен қуылады. Орынына келер адамда дайын емес, уақытша бас бапкер болып Маттео тағайындалады. Челсиға келер алдында «Вест Бромвич» клубынан қуылып, қатаң сөгіс алған Маттео «Челсиға» қай күні келді, сол күннен бастап өзгеріс енгізді. «Челсидің» атын аспанға шығарып, есімін Әлемге мәшһүр етті. Әрине бұрында «Челси» абыройлы болатын. Бірақ Маттео мырза келгелі мәртебенің үстіне мәртебе қосты, жинады. Осыны ескерген клуб мүшелері мен қожайыны Робертомен екі жылдық келсімшартқа қол қойды.
Ди Маттео мырзаның аладоптағы жолы осындай болды.

Мына жерден алынған
ӨМІРДЕРЕК.

1 пікір

qyrmyzy
Жап-жас екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.