ebay-ден қалай сатып алу керек

Интернет қолданушы үшін /
UPD: 04.09.12
Сіздерге әлемдегі ең ірі интернет аукционнан заттарды қалай сатып алу туралы жазып берейн. ҚазНЕТте бұндай мақала жоқ екен, бөлісейін. Келешекте өзгертіп, толықтырып тұрамын.
Заң жағын қарастырайық.
Біріншіден, ҚР заңы бойынша, шет елден айына жалпы құны 1000 доллардан аспайтын зат сатып алуға ешқандай қосымша салық төлемейсіз. 1000 доллардан 1 тауардың бағасы емес, жалпы есептегінде 1 айдағы сатып алатын тауардың бағасы аталған соммадан аспау керек.
Екіншіден, 1 тауарды өзіңіздің жеке қолдануыңызға ғана алу керексіз, таурдың саны партия болмау керек, 2 данадан аспау керек.
Үшіншіден, салмағы 31 кг. аспау керек.
Аталған үш ереженің бірі бұзалса, сіз тауарға қосымша 30%-дық салық төлейсіз, ал егер арналуы тауар болса онда, сол тауарға арналған салық төлемін бегітілген мөлшерде төлейсіз.
Кедендік төлемдер туралы ҚР үкіметінің 9шы наурыз 2005 жылғы №217ші қаулысында жазылған.

Қандай заттарды алған тиімді?
Ұялы телефон, киім, ноутбук, компьютер бөлшектері жалпы көлемі аз болған сайын тиімділігі арта береді, себебі жеткізілуі тегін болады көлемі және салмағы аз тауарлардың. ebay сайтын көріп, өзіңіз ақ байқап көрсеңіз болады ebay-дегі бағаларды.

ebay сайтына тіркелу.
ebay сайтына тіркелудің түк қиындығы жоқ, кәдімгі анкета, мына сілтеме бойынша тіркеле аласыз, ZIP Code деген пошта бөлімшесінің индексі, First Name біздегідей бірінші тегі емес, АҚШ-та аты жазылады, шатастырып алмаңыздар. Тек латын әріптерін қолданыңыздар. Толық аты-жөніңіз, сіздің төлем карточкаңыздағыдай жазылуы керек.
Егер өзіңіздің карточкаңыз болмаса, досыңыз немесе ата-анаңыздың атынан алғыңыз келсе, онда аты жөнін толық банктік карточкадағыдай етіп жазу керек.


Paypal.
Ebay аукционында төлемді тек paypal арқылы жасаған дұрыс, себебі бұл төлем жүйесі сіздің тауарыңыздың жеткізілуіне толық кепіл береді, егер де тауар 45 күнге дейін жеткізілмесе, paypal жүйесінде сатушыға шағым жасап, ақшаңызды толық қайтаруыңызға болады.
Егер тікелей банктік картаңыз арқылы төлесеңіз, тауардың жеткізілуіне ешкім сізге кепіл бермейді.
Paypal — бізге таныс webmoney, kiwi секілді төлем жүйесі, бірақ paypal шотыңызға ақша салу міндетті емес, сіз paypal-ға өзіңіздің visa немесе mastercard картаңызды тіркеп, төлемді банктік картаңыз арқылы жасауыңызға болады. Сондықтан paypal-дағы шотыңыз әрқашан 0-ге тең болады. Paypal мұнда сіздің картаңыздан ақшаны алып, сатушыға жіберіп тұратын делдал қызметін атқарады. Қуанышымызға орай ол қызметі тегін. :)
Paypal-дан шот ашу қиын емес, бірақ ол үшін өзіңіздің атыңызға тіркелген MasterCard Standart немесе Visa Classic картасы болу керек. Premium, Gold, Virtual карталары да жарайды, ал Visa Electron мен Mastercard Maestro төлемге жарамайды.

Тіркелуде сіз картаңыздың номерін және CVC/CVV кодын енгізу керексіз, CVC/CVV кодын карточкаңыздың артқы жағынан көруге болады. Тіркелгенде сіздің шотыңыздан 1$ алынады, алайда ол бір аптаның ішінде қайтарылады.
Егер сіздің карталық шотыңыз теңгемен болса, ал ибейде сауда доллармен жүргендіктен, онда сіздің ауыстыру курсыңызды paypal өзі есептейді, бірақ ол бізге әрдайым диімді болмайды, сол үшін, сіздің банкіңіздің курсы бойынша теңгені долларға аударатындай етіп өзгерту керек, ол үшін тіркелгеннен кейін, Profile > My Money > My preapproved payments қатарындағы update сілтемесіне кіреміз.

Set Available Funding Sources.

Conversion Options.

Bill me in the currency listed on the seller's invoice — дегенді таңдап, Submit батырмасын басамыз.


ebay-дегі лоттардың түрі.
place bid — сіз таңдаған тауарға өзіңіздің бағаңызды ұсынасыз және сіздің ең жоғарғы бағаңызды көрсетуіңізге болады, бағаңызды өсіру қадамын да көрсетесіз. Мысалы, лоттың бағасы 1 доллардан баслатса, сіз 2 доллар ұсынып, кейін егер ол ұсынысыңыздан біреу асса, сіздің ұсынысыңыз автоматты түрде 100 долларға дейін өсетін етіп қоя аласыз.


Buy it now — бірден ұсынылған бағаға сатып алу, бұнда ешқандай түсініксіз нәрсе жоқ сатушы аукционсыз ақ баға ұсына алады, егер ол баға сізге тиімді болса, еш аукционсыз бірден сатып алуыңызға болады.
Make Offer — ұсыныс жасау, бұнда да сауда бар :) бірақ ұсыныс жасаған кезде базардағыдай сауданы күтпеңіз, үлкен жеңілдікті сізге ешкім жасамас.
Қосымша: Қытай, Тайвань, Корея, Жапония мемлекеттерінен сатып алынатын тауарлардың көбісі тегін жеткізіледі. Бұндай мемлекеттерден тауар алудың керекгі жоқ деп ойласаңыз, қателесесіз, электрониканың көбісі осы аталған мемлекеттерден шығарылады. Аталған елдердің әйгілі брендттері: Samsung, HTC, Panasonic, Sony, ZTE, Huawei, Lenovo, LG және т.б.

Сатушылар.
Тауарды алмас бұрын сатушыға жазылған басқалардың пікірлерін оқыңыз. Пікірді тек сатып алғандар ғана жаза алады.

Соңғы пікірлер:


Төлем жасау.
Сіз лотты(тауарды) ұтқаннан кейін немесе сатып алғаннан кейін сізге оны төлеуді ұсынады.

Continue батырмасын басқаннан кейін сіз paypal аккаунтыңызға кіріп(логин болып сіздің тіркелген кездегі көрсетілген электронды поштаңыз саналады), төлеміңізді растайсыз.


Қайталайын, ақша сіздің paypal-ға тіркеген банктік картаңыздан алыданы.

Жеткізілу.
Жеткізілудің бірнеше түрі бар, тегін, арзан, қымбат, вип дегендей әр-түрлі мемлекетте өзгеше, жеткізілу уақыты да бағасына сай. Тегін немесе ең арзан жеткізілу түрі шамамен 1 ай болады, ал басқа жеткізілу түрлері сатушының ұсынысына қарай 3-4 күн 1 апта немесе 1 ай болып өзгереді.

Track-code
Трек-код арқылы сіз тауарыңыздың қайда екенін қадағалап отыра аласыз. Трек-код — ақылы пошталық қызмет. Оның құны 1-2$. Көбнесе тауар соммасы 30$ асса, сатушы трек-кодтты тегін береді.
Жіберілген тауардың трек-коды туралы мәліметті толығырақ post-tracker.ru немесе gdeposylka.ru сайттарынан біле аласыздар.
Ал тауар Қазақстанға келгеннен бастап online.kazpost.kz/kz/Tracking/Index/ сайты бойынша қарауыңызға болады.
ebay-дегі тауардың трек-коды:
track-code,ebay,kz
Трек-код бойынша мәлімет:
track-code,ebay,kz

Шағымдану туралы:
Жоғарыда айтқандай, егер тауар 45 күнде жеткізілмесе сіз сатушыға хат жолдайсыз, шамамен 40шы күндері, сіздің тауарыңыз келмеді не істейміз? болмаса paypal-ға шағымданамын деп. Көбнесе сатушы шағымсыз-ақ тауардың құнын қайтарады. Refund дейді оны. Егер қайтарғысы келмесе paypal-да resolution center-де диспут ашқан дұрыс, диспут — сіз бен сатушы аралығындағы келіссөздер. Сіз сонда сатушыдан ақша қайтаруды немес тауарды қайда жіберуді талап ете аласыз. Егер, сіз сатушымен келісе алмасаңыз немесе сатушы сізге жауап қайтармаса, онда келіссөзді, шағымға айналдырасыз. Ол үшін ашылған диспут терезесінде «I would like to end communication and escalate this dispute to a claime with Paypal» деген нұсқаны таңдап, шағым жолдайсыз. Сосын paypal сол сатушы екеуіңіздің болған әңгімеңізге қарап, трансакцияңызды(ақша аударылымы, жеткізілу мекен жайы, уақыты) тексеріп үкім шығарады. Шағымды 45 күн толмай беру керек. Осылай ақшаңызды қайтарып алуыңызға болады.
Шағымды paypal сайтында resolution center > dispute a transaction бөлімінде бере аласыз.


Шағым менің жеңісіммен аяқталып, ақша қайтарылды:


Шағымсыз-ақ қайтарылған ақша:


Қандай жағдайдаларда ақша қайтарылады.
1: Егер, жіберілген тауар турдың пост коды болмаса немесе берілген пост код туралы еш мәлімет болмаса.
2: Егер, resolution center-де сатушыдан 1 апта бойына еш жауап болмай, сіз келіссөзді шағымға айналдырсаңыз.
3: Егер, алынған тауар зақымдалған болса, оны суреттермен дәлелдесеңіз.

Сіздердің сенімдеріңіз үшін өзім сатып алған тауарлардың суреттері:









Егер, түсінбеген жерлеріңіз болса сұраңыздар. Мақала өзгертіліп, толықтырылып тұрады. Ризалығыңызды төмендегі + пернесімен білдіруіңізге болады :)

43 пікір

MSHERIMBEK
Рахмеееет:) Ноутбукке бірдеңе алу керек еді. Осы арқылы алғаным арзан түсіп тұр:) Бірақ, кішкене күту керек.
pari
Пайдалы жазбаңызбен бөліскеніңіз үшін, ризамын:)Шыныменде байқап көру керек, меніңде бір-екі нәстем бар еді алатын:)))
Chimaq
Oибаи мұқым әмерикадан алу керекпа, жол ақысы бір талаи жамыр ғои ә..?
balgalym
Біртала түгі де жоқ, заттың көлемі мен салмағына байланысты, өзің тіркеліп көрсеңші, сәл ағылшын керек бірақ, әйтпесе болмайд. Суреттегі менің алған майда шүйдемнің жеткізілуі тегін. АҚШтан ұялы телефонның жеткізілуі шамамен 1500-3000тг, ол да сатушыға байланысты, тегін жіберуі мүмкін, қысқасы өзің қөр, көрмей жатып үркімей.
Chimaq
www.ebay.cn/ мін жерге барып көріп шықтым… болады екен бірақ өзім нәрсе алып жүрген жерлерге қарағанда әуресі көп екен деп қалдым,,,,
balgalym
мұнда арзан ғой, шетелдік сапалы брендттік киімдер мысалыға, көп, не керек бәрі бар. Кемшілігі уақыт әрине, керекті тауарды алдын ала алу қажет. Біздеге брендттік киімдер әкесіңің құнын сұрайды ғой.
Korkem
мұқым, жамыр
мыналар не сөз? түсіндіре кетсеңіз?
beko
Мынауың бір керемет екен, жазбаңды айтамын. Ұнады. Рақмет.
Айтқандай сұрақ жауапта осы бағытта қойылған сұрақ бар еді, мүмкін уақытың бар да жауап берерсіз?
Тақырыбы: Интернет арқылы тапсырыспен сауда жасаған адамдар бар ма екен араларыңызда?
Сілтемесі мұнда.
Korkem
Мұнда кез-келген елден ала аламыз ба әлде…
balgalym
ebay.com сайтынан көруіңе боладе заттардың тізімін, кез-келген десе де болады.
Abylai
кезінде не бүлдіргенімді білмеймін, әйтеуір осы екімың тоғызда ма интернеттен бір кітапқа заказ беріп едім, ризер дайджест дейтін бір сектаға кіріп кете жаздадым. бір кіраптың орнына ай сайын кітап келіп тұрды, еще ақшасы да сұмдық, бәрін кері қайтарып жібердім, сосын соттан қағаз келді соттаймын дейді ма бірдеңе, ай сайын келді сондай қағаз, сосын казпочтаға барып, осы адрестен хат келсе автоматты түрде кері қайтарып жіберіңдер деп өтініш жаздым (типі это спам деп белгілеп келдім), содан хабар жоқ, әйтеуір құтылдым. сол енді заказ беруге жүрексініп отырмын.
Abylai
Айтпақшы былтыр футболка заказ беріп едім, әумин болып кетті. хат та жоқ, қара қағаз да жоқ
Korkem
муахахахахах
balgalym
ebay-ден ба?
Abylai
есімде жоқ ))
qusbegi
бәрібарғой.кейзет
balgalym
:D ebay әлемге әйгілі аукционғой! еш қорықпа! :)))
Chimaq

Aldynghy aptede internetten usaq-tuiek alyp edim bugin kelipti..))
qyrmyzy
Қандай заттар?
qyrmyzy
Андағы заттарды көрсетіңізші ашып. Көргім кеватыыыррр.
qyrmyzy
Киімдері арзан екен. Бұйыртса, келер апта тапсырыс беретін шығармын. Рахмет!
Korkem
Мынаған кәдімгідей ойым кетіп жүр. Түсінбеген жерлерімді сұрайтын адам керек...)))
MSHERIMBEK
Аптырға «Логиніңізді беріңізш а?» деп сұраудың жысырын түрі ма:)
qyrmyzy
аха, тура солай ғой, ық ық
Korkem
qyrmyzy
мойындай салшиш, афффтор симпотяк қо
Korkem
qyrmyzy
рас қое!
Korkem
муахахах епті, көлеңкемнен бәттәр болдың ғҰә? Беком бар
qyrmyzy
Беком бар
оххх, мойындадың и! АКА, Майрош, Аяла, тез келіңдер! Мойындады ақыры!
MSHERIMBEK
Оппаааааааанааааааааа:) Еріксіз мына жер еске түсіп отыр.))
qyrmyzy
Қашан аттанайық тойға?! Қамданып отырмасақ, қалып қоятын түріміз бар-ау! Заттыбекке ызбандап қой!
Korkem
ох, үйстіп жеңгетай бопкалад енД. Беконы аясаңдаршиш
qyrmyzy
Сен аяшиш Беконы!
MSHERIMBEK
Айтқандай былтыр Беко ebay сервисінен ноутбугіне бір зат алған еді. Жаңағы жөнінен ол да мәстір:) Ну, енді ар жағын өздерің білесіңдер ғҰә:)))))
AKA
Мына жерді көрсем жаман ұялам :) Әдемі бірақ…
balgalym
қазағымның ялшақ қыздары-ай, логинім жеке хатта, сұрай беріңдер, сендердің көмектеріңмен осы мақаланы толықтырып отырамын.
Sultan
егерде мен ағамның карточкасын пайдаланатын болсам, эбау ға сонын карточкасымен тиркелембе? жәнеде сол тіркелсем, мен озимнин почтамды жазам гой дя?
balgalym
Барлық жерде бір адамға тіркелген дұрыс. Келеңсіз жағдайда қатты көмектеседі.
AL-ASTER
Men e pay erkili transfer jasadim, satip aldim. Zatimdi aldim. Birak kartochkamdagi aksham orninda tur! Sheship aldim aksha kerek bolgasin. Endi kelesi joli aksha tuskende alip koimasa boldi. Aitpakshi, e pay«men saudaga katisu ushin, bankke zvondau kerek sauda jasauga kartochkani iske kossin dep.
balgalym
paypal арқылы төлеген дұрыс, негізі ТМБ аумағындағы карталармен, шетелдеге аударымдармен проблемалар жиі кездеседі. Сенің жағдайың соның бір дәлелі, сенің төлемің «зависать» етіп қалған ау :)
AL-ASTER
Amigo, osi postka rakhmet.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.