QIWI WALLET

Интернет қолданушы үшін /
Бәлкім біреу біліп, біреу білмес, дегенімен білмейтіндер көп секілді.Сондықтан білгеннімен бөлісем деп ойладым.
Қазір мобильді байланыс дамыған кезең. Аз дегенде әр қайсымыздың қолымызда бір ұялы телефоннан бар. Ал ол ұялы телефондардың мүмкіндіктері шектеусіз. Олар арқылы желіге шығамыз, суретке түсіреміз, бір-бірімізбен тілдесеміз. Алайда әркімге белгілі мұндай мүмкіндіктерді қолдану біраз қаражат қажет етеді.
Өздеріңіз түсінгендей бүгінгі жазба мобильді бірліктер туралы болмақ.Яғни оларды толтыру жолдарына тоқталамыз.Қазіргі уақытта бірліктерді толтырудың бірнеше жолдары бар мысалы: карточка, терминал, кассалар, сонымен қатар интернет банк арқылы. Бірақ мен бұлардан сәл өзгешелеу жолын көрсетпекпін.Сонымен қарсалыңыздар Qiwi wallet.
Qiwi wallet – бұл интернет кошелек. Ол арқылы сіз тек бірліктер ғана толтырып қоймай,әр түрлі төлем ақылар жасай аласыз.
Сонымен тіркелу туралы айта кетсем.Ол үшін бізге ресмей түрде тіркелген номер керек(Магазинен не көшеден сатып алғанды негізі жарайда бірақ та смс хабарламаны біраз күту керек болад).Мына сілтемеге өтіп тіркелеміз w.qiwi.com/register/form.action.
1)Өз тел нөмірімізді жазамыз
2) Суреттегі санмен,әріптерді жазамыз.
3)Sms хабарламаны күтеміз, оныны енгізіп тіркелуді аяқтаймыз.
“Егер нөмір еш жерде тіркелмеген болса Sms хабарлама келмеуі мүмкін.Бұндай жағдайда 7-күн күтіп тіркелу процессін қайта жасаймыз”
Төмендегі Qiwi wallet тің басты беті


Әйтеуір кошелекке қол жеткіздік делік, енді ол арқылы қалай төлем жүргізуге тоқталып кетейік.
Ол үшін “Найти” деген жерге өз мобильді провайдерді жазамыз.Мысалы ретінде “Activ“ алалық.


Арықарай өтеміз де
1)Тел нөмірді жазамыз
2) Төлеу тәсілін KZT таңдаймыз
3) керекті Сумманы енгізіп төлеуді басамыз
4)расстауды басып төлем аяқтаймыз



Расстауды басқан соң бірліктер лезде түседі. Тек Dalacom & Pathword операторларындағыларға біраз шыдамдылық таныту керек.Тағыда айта кететін жай кейбір операторлар 3-4 болу мүмкін Мысалы “Beeline” таңдағанда өздеріңіз байқағандай оның бірнешеуі бар.Мұндай сәтте өз қазахстандық операторларды басқалармен шатастырмау жөн.



Әр төлеген сайын керекті операторды іздемеу үшін төлем барсында “Таңдалулар” қатарына қосып қоюға болады.Ол үшін төмендегідей істейміз.



Сонымен қалай тіркелуді,қалай төлеуді үйрендік ендігі кезекте өз кошелегімізге ақша салуды үйренейінік.Ол үшін өзіміз үйреніп қалған терминалға көмекке жүгінеміз.
1)Терминалдың басты беттінде QIWI Wallet( Кошелек) ті таңдаймыз
2)“Пополнить” ті басамыз
3)Арықай qiwi дегі нөмірімізді яғни тел нөмірімізді жазамыз ары қарай нұсқау бойынша жалғастырамыз.Ескерту Коммиса кез келген терминалда 2% коммисасыз тек “Евросеть” нүктелерінде ғана толтыруға болады.Толығырақ w.qiwi.ru/fill.action

3 пікір

tonukok
мен virtual visa қызметін ұнемі қолданам. paypalға төлейтін болсаң керемет қой :)
Kan
керемет екен
ereke_enu
Авторға құрмет. Пайдалы жазба.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.