Бәйгеге қатыс, балақай!

Интернет қолданушы үшін /
Қымбатты достар! «Балапан» телеарнасы «Менің Астанам» атты сурет бәйгесін жариялайды!



6 шілде — Астана қаласының туған күні. Біздің Елордамызда көз тартатын әдемі ғимараттар мен аспанмен астасқан зәулім үйлер көп. Сендерге осы сүйікті қалаларыңды суретпен бейнелейтін сәт туды.

Байқауға 12 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Жіберілген суреттердің барлығы біздің сайтымызда жарияланады. Ал, үздік шыққан туынды авторларының қатысуымен арнайы бағдарлама түсіріледі.

Сонымен қатар, сыйлықтарымыз бен Алғыс хаттарымыз да бар! Ендеше достар, бәйгеден құр қалмайық!

Суреттеріңді [email protected] электронды мекенжайына жібере аласыңдар.

Түпнұсқа

6 пікір

qyrmyzy
О, жарияланыпты ғой, кеше сайт қуды ма, компьтер, интернет па білмеймін. Екі сағат «загрузка» тұрды :( Қойшы деп, жаба салып ем…
yesbolat83
Менің де қатысқым кеп кетті. Маған қатысуға бола ма? Жасым 30-да. Бірақ, әлі бала сияқтымын.)
Kan
yesbolat83 бағыңды сынып көр сен өтіп жатсаң артыңнан бізде барайық.
korwinin_kyzy
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.