Кім жүйрік?

Интернет қолданушы үшін /
Бұл жолғы жазба ерекше болмақ. Өткенде Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы туралы жазған едім.

Бұл жолы Астана қаласында дәл сондай сынақ жасадым. Айырмашылығы – үш байланыс операторын пайдаландым.

Олар – өзім тұтынатын Kcell, Tele2, ал Beeline-ды да ренжіп қалмауы үшін қосып алдым :) (қалжың). Салыстыру үшін.

Сонымен, қаланың бес нүктесінде 3 байланыс операторы ұсынатын мобильді интернет жылдамдығын Speedtest арқылы өлшеп шықтым.

Кім жүйрік дейсіз ғой? Картадан қараңыз (суретті бассаңыз, қарта ашылады. Ондағы жұлдызшаларға тінтуірді апарып шертсеңіз, тест нәтижесін көре аласыз)

Интернет қолданушы үшін: https://mapsengine.google.com/map/u/0/edit?mid=zauq6QZv5wyU.kY11gpM_uGtw

Теле2 операторының мобильді интернет жылдамдығы ұнағандықтан, қаланың басқа да жерлеріндегі жылдамдығын тексеріп көрдім. Міне:

Интернет қолданушы үшін: https://mapsengine.google.com/map/u/0/edit?mid=zauq6QZv5wyU.kWCoBBSUnIKQ

Сіз де өз қалаңыздағы мобильді интернет жылдамдығын өлшеуіңізге болады. Тек телефонның қуатын толтырып алуды ұмытпаңыз.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.