Әйел болып, сұлу болмау - қылмыспен тең

Пайдалы кеңестер /
Әдемілік, сұлулық — жалпы әйел табиғатына тән нәрсе. Халқымыздың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай "әйел болып, сұлу болмау — қылмыспен тең". Бұл әсіресе бойжетіп келе жатқан әрбір аруды ойландыратын жәйт. Сондай бойжеткендерге ой салар, бір көмегі болар деген оймен сұлу болудың жолын ұсынып отырмын.:
1. Ернім әдемі болсын деген аруымыз тек жылы сөздер айтуы керек.
2. Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.
3. Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз.
4. Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарымен сипатыңыз.
5. Өзіңізге сенімді болу үшін мына әлемде өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.
6. Адам өзін сергек сезіну үшін өзін өзгелердің кешіргенін, мақтағанын, көтернмелегенін, сүйгенін қалайды. Ендеше сіз де біреуге қажетсіз. Өміріңізден ешкімді «лақтырып тастамаңыз»,
7. Әйел затының әдемілігі оның киген киімінде немесе оның сымбатында һәм шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі — оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол.
8. Жасы ұлғайған сайын әйел адам тек әдемілене түседі.
9. Тағы бір есте ұстайтын жағдай әйелді бояу әдемілемейді, әйел бояуға жан бітіреді.

19 пікір

MSHERIMBEK
Иәә! Өте орынды:) Жоғарыда айтылған қасиеттер әйелімде болса ғой, шіркін:) Сондай қыз іздеймін енді:)))
Korkem
Ондай қыз сені өзі іздеп табатын шығар....))
Yasin
Садық, менің бір таныс ағам бар әрі ұстазым діни жағынан білім берген сол кісі Авицена коледжінде уағыз айтады, сол кісі ербала қыздың 4 нәрсесіне қарап үйленеді дейді
1.Сұлулығына
2.Байлығына
3.Мансабына яғни жоғары лауазымына
4.Иманына
ол иманды болса сұлу болуы мүмкін, иманды болса бай болуы мүмкін, иманды болса мансапты болуы мүмкін бірақ жігіттер құлақтарыңа алтын сырға олар 4 -уі бірге келмейді төртеуін күтіп бойдақ өтіп кетпеңдер деп еді сол есіме түсіп кетті.
MSHERIMBEK
Қазірде сол, иманды қыздардың жағдайы мәз болмай тұр ғой. барлығы да біржақты ойлайды, ғылым атаулыға жоламайды. тамақ істеп, киім жууды мен де білемін. маған жақсы дос, сырлас, түсінісетін адам керек.
Yasin
Алладан сұрадың ба? Қияметте Алла тағала айтады пендем сен сұрадың ба мен бермедім бе деп
alikona
иә иә осы сөзді мен де естігем))
Korkem
Тамаша айтыңыз, Ясин!
Daka_sss
ойй, қарап отырып, армандап кетіппін))) жақсы жазылған деп ойлаймын!
Ais_97
Жақсы жазылған!
mairosh
Керемет жазылған. Әсіресе мына сөзі өте керемет жазылды «әйелді бояу әдемілемейді, әйел бояуға жан бітіреді.»"" ))
AiEcPi
Ия Садко айтқандай менде де осындай әйелілім болса, шіркін ә!!! Сұлулықтың сырлары осы екен ау!!!
bazaraigul
9. Тағы бір есте ұстайтын жағдай әйелді бояу әдемілемейді, әйел бояуға жан бітіреді.
kelysemin)
pana
Одри Хепберннің сөздері қателеспесем.неткен таза жан!
Korkem
Солай шығар… Қойын дәптерімнен алып ем))
Jako
Менің сегіз жасар балам бір киім кигізіп тұрып: " Мә, мына киім тамаша екен, жарасып түр"-десем, маған қарап:" Бұл киім емес қой, мен оны тамаша қылып көрсетіп тұрған"-дейді.
Ол Одри Хепберннің кім екенінде білмейді, ол тұрмақ менде білмеймін, осыған қарағанда Одри, Модрилардың әулиесітіп жазып қалдырған сөздерінің бәрі қазақтардың күнделікті қолданыстағы қарапайым сөздері-ау деймін.Жоғарғы айтылған «Тағы бір есте ұстайтын жағдай әйелді бояу әдемілемейді, әйел бояуға жан бітіреді»-деген сөзге байланысты жазып отырмын.
pana
қазақ халқының емес баланың танымының контекстінде алып көруге болады, балалар өте сезімтал, ақылды, және еркін, өсе келе ақылсыз ата-ана мен қоғам оларды тұмшалап, қатқан қалдық ойлармен матап тастайды, еркін, ерке өскен баладан қайсар, жігерлі адам шығады қашан да.
Jako
Сая, мынауың бір миға тоқып қоятын тұжырым екен. Бірақ ата-ана ақылсыздықтан емес, " Балам бірдеңеге ұрынып қалама болмаса тіл-көз тиеме" — деген сияқты қорқыныштардан артық сілтеуге ұрынады-ау деймін.
Akmanat
tamasha aitylgan!!! Jaraisyz!
Jako
Тамаша, бұл бір тамаша жазба болған екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.