Асқабақ

Пайдалы кеңестер /
Қазақстанда асқабақтың кәдімгі түрлері мен суретірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі. Құрамында 18 пайыз құрғақ заттар, 10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, дәнінде 40 паыз май бар. Құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Адамға пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге өте бай. Адам ағзасына қажетті С, В1, В2, В5, Е, РР, ағзадағы зат алмасу жеделтететін Т және қанның ұюына ықпал болатын К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі. Дәрумендердің көптігіне бола, мың бір ауруға ем. Көру нашарлағанда, қаназдық, артық салмақтан, тағы басқадан арылғысы келетін таптырмайтын ем. Шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.
Ауа райын мен топырақтың жағдайын талғамай өсетін болғандықтан, суретөсіргенде химиялық препараттарды қолданбайды, өш күшімен өседі. Жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданатын асқабақтың жұмсақ мәйегін дәрігерлер қауымы айтатыны, отқа немесе суға күйген науқастарға жарасына таңуға болатыны. Асқабақ несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі Жүрек қан тамыры аурулары, гипертония, зат алмасудн қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде ұсынылған. Асқабақ дәні балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланылады. Бүйрек, бауыр, ауырған кезінде, күніне 1 стақан шырынын ішу керек. Шырынын, яғни сөлін жаңа пайдаланған күйінде ғана ішеді, өйткені үйде сақталуы шырыны қиын. Минералды тұздар мен дәрумендерге бай асқабақтың бағалы дәндерің құрамында ақуыздар, омеге-3, қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, С, В, тобының дәрумендері де жеткілікті. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмегі зор. Несеп аудаушы, қабынуға қарсы, өт айдап, паазиттерді құртатын асқабақтың өзі.
суретҚұрамында жасанды талшықтың, судың, көп мөлшерінің арқасында асқабақты арықтауға болатын емі де бар. Асқорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазарады.
Денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктерді майлардың бірі асқабақ майы. 90пайызға жуық қанықпаған майларды, 60пайызға дейін линолді қышқылдан және 15 пайыз шамасында линолен қышқылынан тұрады, омеге-3, омеге-6 май қышқылдарына бай.Асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Қошқыл жасыл немесе қою қоңыр түсі бар, өткір хош иісті, тәтті дәмі бар. Биологиялық белсенді зат ретінде қолданылады. Құрамында май қышқылдары; пальмитин, стеарин, олейн, линол, стерин қышқылдары, фосфолипидтер, каротинойдтар, дәрумендер мен микроэлементтер бар. Дәнінің майын түрлі дәрілік формаларда қолданады. майының құрамында қанықпаған май қышқылдарының болуы жануар ең жақсы алмастырғышы болып табылады Себебі жануар май қышқылдары қаныққан, яғни эмульсия түзбейді де ағзаға сіңіуі қиын.сурет

Асқабақтың пайдасы;

Асқабақ шырыны балмен жатар алдында ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқы дәрісі секілді әсер етіп, тыныш ұйықтайсыз.

Жүкті әйелдердің жүрегінің айнығанын асқабақ шырыны басады.

Ағза жүдегенде, әлсіздік кезде асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ, май, жаңғақ, бадаммен қосып жейді.

Асқазан ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе дайындап, ішіңіз.

Бүйрек ауырғанда тәулігіне жарты стақан шырыны немесе қайнатылғанын жейді.

Терідегі қышыма, есекжем шыққанда, не болмаса күйік шалғанда үккіштен өткен мәйегінен компресс жасайды.

Сары ауру дертінде 4 ай қатарынан үзбей мәйегін жеу керек. Бауырға өте жақсы, әрі қызметі жақсарады, әрі пайдалы.

Ішектегі құрт дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып алып, жылы су құяды. Жарт сағат беті жабық ыдыстың ішінде болуы керек. Дайын кезде тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақан ішеді. 20 күн. Бір айдан кейін қайтадан жалғасы.

Ішектегі паразиттен ең тиімді тәсілі қабығы аршылған дәнін ашқарынға жейдің. 7 шақты дәнді езіп, сүтпен ішеді.

Простатит кезінде, 0,5кг тазаланған асқабақ дәнін, шикісін, еттартқыштан өткізіп, 1 стақан балмен араластырып жеу керек. Он шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышқа сақтайды. Күніне 1 рет ашқарынға 30 минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.

Ұйқысыздық болғанда қайнатылған, буға піскен асқабақ мәйегінен ботқа дайындап күніне 2 рет 50гр ішеді. Жатар алдында қайнатпасына бал қосып, 3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші жағдайда; 20 бадам жаңғағына 1 шәй қасық асқабақ дәнегін қосып, үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырады. Кешке таман ішу керек.

3 пікір

Korkem
уаууу тамаша пост болды мынауыңыз, пайдалы әрі. Осылай, асықпай, аптықпай жазсаңыз, суреттермен көмкерсеңіз сізді жақсы көріп кетемін бар ғой
m170785
))), мен де жақсы көріп кетемін ғой сізді Көркемжан )))
tursynai
майеги деген семкасы маа???
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.