Қанша уақыт ұйықтау керек?

Пайдалы кеңестер /
Тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек? Ересек адамдарға тәулігіне 8 сағат ұйқы қажет. Көпшіліктерімізге үш 8 туралы ереже секілді белгілі; 8 сағат жұмыс үшін, 8 сағат демалыс, 8 сағат ұйқы үшін. Шыныменен көпшілік адамдар 8 сағаттық ұйқыға әдеттенген. Ерекшеліктері де бар. Мысалыға; Наполеон 5 сағаттық ұйқыны жөн санаған, Эйнштейн болса 12 сағат ұйықтайтын болған, Леонардо Да Винчи 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған екен. Тәулігіне 1,5 сағат ұйқыны қанағат тұтқан.Негізінде ұйқының жетіспеушілігі ағзаның қорғаныс күшін азайтып, жүйке жүйесінің жұмысын бұзып, ашуланшақтық, зейінсіздік, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ұйқы қанбауы гипертонияны, диабеттің 2 түрін, ұйқысыздықты, меңіреу жағдайды, артық салмақ қосуды тудырады.
Тым көп ұйықтауда зиян. Зерттеулерге қарағанда, күніне 7 сағаттан артық ұйықтайтындар ерте қайтыс болатын адамдар санатына кіреді дейді.
Ұйқы қанбау немесе тым көп ұйықтау суицидтік бейімдердің пайда болуына әкеледі. Өзін өлімге жығатындар көпшілігі ұйқыға қатысты проблемаға шалдыққандар болады дейді зерттеушілер.
Көптеген зерттеушілер өз ағзаларыңыздың талабына құлақ асуы керек дейді. 5 сағаттық ұйқы барысында сергек сезінсеңіздер, онда 5 сағат қана ұйықтасаңыздар болады, керісінше де солай. Сіздің ағзаңыз осындай ұзақтылықты талап етеді деген сөз.

23 пікір

Kan
Ұйқы қантамырларының айналымына қатты әсер етеді екен. Бір тәулік ұйықтамаған адамның қан айналымы бұзылады екен де оның қалпына келу үшін үш түн тыныш ұйықтау қажет екен.
VseProSSto
3 арсызды кім біледі?
yfriend
men emes:) Baskalarina jauap bere almaim
VseProSSto
нағыз қазақтар біледі мұның жауабын…
Ak123
ұйқы, күлкі, тамақ емес пе?
m170785
бағана мына жер басқа жерде тұр еді, енді қара көлеңкеде тұр, қызық )
Jako
Өзім бала шщағымнан қалыптасқан әдетім бойынша 5-6 сағат ұйықтаймын.Кейде жолда көлік рөлінде келе жатқанымда өте қатты ұйқы қысқан кездерде, 20-минутта жетіп жатады.Негізі ұйқым сергек.
dimash
Энштейін сияқты 12 сағат ұйықтамасам да соған жақындаймын негізі)
Ұйқы дұшпан ақыл дос, ақылына ақыл қос дит, ұйқы дұрыс болмаса қайдағы ақыл?..
yfriend
Tipa akil kosip jurmin de solai
yesbolat83
Мен жақында невропатолог дәрігерінің қабылдауында болғанымда ол маған кем дегенде 8 сағат ұйықтауыма кеңес берген.
Ал, өзіме келер болсам, еркімнен тыс 6 сағат ұйықтаймын. Себебі, өте кеш жатамын, ертеңгісін жұмысқа бару мақсатында оятқыштың көмегімен әрең дегенде ерте оянамын. Өзімді сергек сезінбеймін. Не боп кетті.
Айтар кеңесім: Ерте жатып, ерте тұрыңдар.
1 uiky arsyz,2kulki arsyz,3 tamak arsyz. Uikylarynyz tynyw bolsyn!
rauan
онда 5 сағат қана ұйықтасаңыздар болады
Вызов принят!!! Түнімен интернетте отыратын болам онда!!! ))
sultan_yerkebulan
Демалыс күні аттың басын жіберіп ұйықтағанға не жетсін)
didi0393
Rahat a) sogan jetalmai jurmiz)))
Ak123
ұжс, онда менікі қайсысына жатады, түнде кеееш жатам сосын сабаққа ертеее тұрып кетем, үйге келгесін демалып алам. норма емес менікі енді явно
Ak123
ааааааа))) дизайн өзгердііііііі
zhomart
Керекке келеді екен, біртүрлі…
үйрене алмай жатқандықтан шығар :-)))
Ak123
«Керекті» керек етпеппін, сондықтан маған норм)))
zhomart
Кешегіге қарағанда кішкене дұрысталып келеді :-) Бірақ мына лого күмілжітті…
m170785
Әй ағайын өзгерім жатырмыз ба ))
followme_alik
Ұйқымыз Алматы ауа-райындай құбылмалы...Сәтті пост) +
p.s. жаңа дизайн? жо, жо, үйрен`алмадым.. .=(
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.