Ата өсиеті (ер жігітке арналған)

Пайдалы кеңестер /


— Ата, ер жігіт қандай болу керек?
Бір сырлы болсын жігіт сегіз қырлы,
Сақтасын жұртқа шашпай асыл сырды.
Келеді ең әуелі әнге қосқым.
Ән мен күй жақсы әнгіме, өлең жырды.
Екінші болу керек жігіт көпшіл,
Кең пейіл болған дұрыс, болмай кекшіл.
Біреуді алыс, біреуді жақын көрмей,
Жұмысы болсын тегіс әлеуметшіл.
Мінезі болсын жұмсақ сары майдай,
Дидары болсын ашық жарық айдай.
Майда сөз, жылы жүзді келсін жігіт,
Жақсылық өн бойына дарығандай.
Қыр досы болсын оның сырласқандай,
Бел шешіп берекелі силасқандай.
Көңілін көтерерлік шын дос болсын,
Набада қалса оны қыр басқандай.
Болсын да туған елге әр кезде жақ,
Жігітке сыналар кез дәл осы шақ.
Еліне шын пейілмен көмек етсе,
Кетпейді одан алыс абырой, бақ дегеееен балам.


— Ата, адам неге жылайды?
Еее балам, есіңде болсын, өмірде адам алты рет жылайды:
1. Нәресте өмірге неге келгенін білмей жылайды.
2. Өмірде қиналып-қиындықтан құтыла алмай жылайды.
3. Жақыны қайтыс болғанда жылайды,
4. Ойнап жүрген бала біреуден таяқ жесе жылайды.
5. Досы жоқ, жалғыз қалғанына жылайды.
6. Қасына көп жеңілгеніне жылайды — балааам.



Атаның ұлы — Ертай Ақылбекұлы
Дерек көзі: «Көп жаса» газеті (№4)

7 пікір

yesbolat83
Тәрбие, өнеге тұнып тұрған ғибрат аларлық жазба.
beko
Осындайдан сусынданамын, неткен керемет десейші иа? Құнды (бағалы) жауап (кеңес)…
qyrmyzy
Кәзиттің аты қызық екен :)
beko
Көөп жаса.)) Не болса да, өзіне бір тұрақты оқырманын тапты.
Kan
Жақсы айтқан екен
zhano_almuhambet
«Адам күліп тумайды, Жатады жұрт жұбатып. Және жылап өледі, Өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда — Жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде — Жақсылар бар қимайтын...» Нәрестенің туғанда жылайтыны сол себепті де болар, кім білсін. Не болса да қуаныштан жылайық лайым.
saryqazaq
Ең маңызды жылауды жазбапты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.