Поездағы үш күнді қалай өткізуге болады?
Бәріңе сәлем!!!
Тағы да жазбай кетті деп ренжіп жатырсыңдар ма?
Осыдан бітіріп алайыншы, жазбаға көмем сендерді
Бақандай үш күн жол жүру… Мұны батысқа үнемі баратын адамдар жақсы білетін болар. Соның ішінде жылына төрт рет барып қайтатын студент қана үш күн бойы бір орынға таңылғанның қаншалықты қиын екендігін біледі.
Егер де алдағы уақытта поездбен ұзақ уақыт жол жүретін болсаңыз, мына кеңестеріңізді қаперіңізге ала жүріңіз.
Ұзақ жолға билетті КУПЕГЕ алыңыз.
Плацкардта астынан алсаңыз, жаныңызға үлкен адам түссе: «Балам сен үстіне жатшы, мен көтеріліп түсе алмаймын» дейді де, астындағы орныңызды «тартып» алады. Сосын үстіңгі орында жатып кеп қинал. Не аяғыңды, не басыңды сыйдыра алмай арпалысасың. Ал купеге алсаңыз, үстіңгі орын кеңдеу, әрі үстіне шығып отыруға болады.Плацкардта үстіңгі орында отырып көрші
Жолға шығар алдында карта сатып алуды ұмытпаңыз.
Серіктестеріңізбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Сосын түрлі ойындарды ойнауды үйреніп алыңыз. Кейбір ережелерді бос уақытыңызда ойлап табыңыз. Ойынның қызықты өтуіне көмектеседі. «Мафия», «Крокодил», «Дурак» ойындары бәрімізге таныс. Аталған ойындарды басқа ойындармен алмастыруға тырысыңыз.
Көбірек жеміс алыңыз.
Бұл қыз балаларға көбірек айтылған кеңес. Ер адамдарға құнарлы тамақ жеу керек болса, қыздар жеміске көп назар аударады. Ал үш күн бойы, бауырсақ, қуырдақ, пирожки жеп баратын болсаңыз, сіздің асқазаныңыз ас қорыта алмай қор болады. Одан да алма, банан, апельсин, қызанақ, киви жесеңіз, асқазанда оңай қорытылады.
Поезд тоқтаған сәтте, далаға шығып «тазалау» ауаға шығып дем алып тұрыңыз.
Вагон ішінде ыстық болып, шаң тозаңның барлығы аспанға көтеріледі. Мұндай сәтте дұрыс демалу....???Қиял!!!
Ашық болыңыз.
Бұл сіздің махаббатыңызды табуға, жақсы достар табуға көмектеседі. Адам көп болса ойын да қызықты өтеді. Мәселен, мен әлі күнге дейін жолда танысқан достарыммен жақсы араласып тұрамын.
Егер ноутбугыңыз болса, қуаттап, бір-екі жақсы киноны жүктеп алыңыз.Одан артық кино жазсаңыз компьютеріңіздің қуаты жетпейді
Ұнайды ау деген кітап болмаса үйреніп жүрген тіліңіздің оқулықтарын дорбаңызға сала жүріңіз.
Жарты сағат оқысаңыз да сізге пайдасы болатынына сенімдімін.
Бастысы, ұялыңызды қуаттайтын ТОҒЫҢЫЗДЫ ұмытпаңыз!
Егер смартфоныңыздың немесе ұялыңыздың қуаты өлсе қуаттап алып, ұнатқан өлеңіңізді тыңдай беруге мүмкіндігіңіз бар.
Бағалы заттарыңызды шама келсе алмауға, техникалық құрылғыларыңызға абай болыңыз.
Осы жолы қыста өте қызықты ерекше студенттермен үйге жетттім. Әрбіреуі әр түрлі әлем, бірі болашақ ІТ маманы, болашақ депутат, араб тілінің маманы және тағы да басқа қызықты мамандықтың иелері. Жаңа дос тапқаныма қуаныштымын. Үш күннің қалай өткенін білмей қалдым. :))))
Көп мыжымай суреттерді көрсетейін осы жолы танысқан жаңа достарымның «уақыт өткізу» операциясынан үзінділер.
Бір купеге жиналып алып осылай кино көреміз
Қазіргі дебатер, болашақ депутат :)Мына жігіттің атын ұмытып қалыппын, масқара! Кеше түнімен, бүгін таң атқаннан ойланып жүрмін.
Болашақ депутаттың қасындағы досым Мирас, қазақ блогтары туралы хабардар екендігін айтты. Қанша дегенмен болашақ ІТ-шник :)
Р.S: Өзіміз де білеміз деп сөге көрмеңіз, білмей «мәә, үш күн қалай уақыт өткізесіңдер???» дейтін адамдарға арналған!
Р.S.S: Сіз қалай уақыт өткізесіз жолда? Бөлісе отырыңыз…
Тағы да жазбай кетті деп ренжіп жатырсыңдар ма?
Бақандай үш күн жол жүру… Мұны батысқа үнемі баратын адамдар жақсы білетін болар. Соның ішінде жылына төрт рет барып қайтатын студент қана үш күн бойы бір орынға таңылғанның қаншалықты қиын екендігін біледі.
Егер де алдағы уақытта поездбен ұзақ уақыт жол жүретін болсаңыз, мына кеңестеріңізді қаперіңізге ала жүріңіз.
Ұзақ жолға билетті КУПЕГЕ алыңыз.
Плацкардта астынан алсаңыз, жаныңызға үлкен адам түссе: «Балам сен үстіне жатшы, мен көтеріліп түсе алмаймын» дейді де, астындағы орныңызды «тартып» алады. Сосын үстіңгі орында жатып кеп қинал. Не аяғыңды, не басыңды сыйдыра алмай арпалысасың. Ал купеге алсаңыз, үстіңгі орын кеңдеу, әрі үстіне шығып отыруға болады.
Жолға шығар алдында карта сатып алуды ұмытпаңыз.
Серіктестеріңізбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Сосын түрлі ойындарды ойнауды үйреніп алыңыз. Кейбір ережелерді бос уақытыңызда ойлап табыңыз. Ойынның қызықты өтуіне көмектеседі. «Мафия», «Крокодил», «Дурак» ойындары бәрімізге таныс. Аталған ойындарды басқа ойындармен алмастыруға тырысыңыз.
Көбірек жеміс алыңыз.
Бұл қыз балаларға көбірек айтылған кеңес. Ер адамдарға құнарлы тамақ жеу керек болса, қыздар жеміске көп назар аударады. Ал үш күн бойы, бауырсақ, қуырдақ, пирожки жеп баратын болсаңыз, сіздің асқазаныңыз ас қорыта алмай қор болады. Одан да алма, банан, апельсин, қызанақ, киви жесеңіз, асқазанда оңай қорытылады.
Поезд тоқтаған сәтте, далаға шығып «тазалау» ауаға шығып дем алып тұрыңыз.
Вагон ішінде ыстық болып, шаң тозаңның барлығы аспанға көтеріледі. Мұндай сәтте дұрыс демалу....???
Ашық болыңыз.
Бұл сіздің махаббатыңызды табуға, жақсы достар табуға көмектеседі. Адам көп болса ойын да қызықты өтеді. Мәселен, мен әлі күнге дейін жолда танысқан достарыммен жақсы араласып тұрамын.
Егер ноутбугыңыз болса, қуаттап, бір-екі жақсы киноны жүктеп алыңыз.
Ұнайды ау деген кітап болмаса үйреніп жүрген тіліңіздің оқулықтарын дорбаңызға сала жүріңіз.
Жарты сағат оқысаңыз да сізге пайдасы болатынына сенімдімін.
Бастысы, ұялыңызды қуаттайтын ТОҒЫҢЫЗДЫ ұмытпаңыз!
Егер смартфоныңыздың немесе ұялыңыздың қуаты өлсе қуаттап алып, ұнатқан өлеңіңізді тыңдай беруге мүмкіндігіңіз бар.
Бағалы заттарыңызды шама келсе алмауға, техникалық құрылғыларыңызға абай болыңыз.
Осы жолы қыста өте қызықты ерекше студенттермен үйге жетттім. Әрбіреуі әр түрлі әлем, бірі болашақ ІТ маманы, болашақ депутат, араб тілінің маманы және тағы да басқа қызықты мамандықтың иелері. Жаңа дос тапқаныма қуаныштымын. Үш күннің қалай өткенін білмей қалдым. :))))
Көп мыжымай суреттерді көрсетейін осы жолы танысқан жаңа достарымның «уақыт өткізу» операциясынан үзінділер.
Бір купеге жиналып алып осылай кино көреміз
Қазіргі дебатер, болашақ депутат :)
Болашақ депутаттың қасындағы досым Мирас, қазақ блогтары туралы хабардар екендігін айтты. Қанша дегенмен болашақ ІТ-шник :)
Р.S: Өзіміз де білеміз деп сөге көрмеңіз, білмей «мәә, үш күн қалай уақыт өткізесіңдер???» дейтін адамдарға арналған!
Р.S.S: Сіз қалай уақыт өткізесіз жолда? Бөлісе отырыңыз…
33 пікір
))) суға піскен жұмырткамен суға піскен тауык алып шығам кішкене бұзылмауға жақсы олат!
Жолдан тамак алмауга тырысам себебі желкенем не қосып жатқанын құдай білет
Бәлкім есектін етін қосатын болар,
Әрине 3 күнге жететін тамақты сұмкаға алып шығу киын сондықтан жолдан обыщ мобыщ бірденелер аласын, сосын құрылған кортопта ұзаққа шыдайт оныда алып шығуға болады, Пирожкилары бауырсақ сиякты, катлеттері 80 процент нан қоысп жіберген қалғаны шандыр сиякты,
ОСЫМЕН ОСЫЛАЙ СОҚЫР НИКОЛАЙ!!!
Сосын жатып алып кітап оқимын. Негізі жолда кітап оқымаған дұрыс, көзді қалдырады. Әсіресе екінті түскеннен бастап.
Келісемін. Бара жатқан компанияң ерекше адамдардан құралған болса, кітап оқуды ұмытасың ғой
РЕСЕЙДЕ ана шетінен мына шетінен пойызбен 10 күн журеді дегенді естіватк, әрине пересадкамен шығар))))))))))))))))) қызықтын татесі сонда болад дим да))))))))))))))
рас айтасың! Қуырдағы шандыр, паплуында ет жоқ. Картобы су татып тұр
Студенттік кездерім есіме түсіп кеткені. Шіркін…
Маған Маңғыстауға жететін күні таңертең ерте тұрып алып, күннің шыққанын тамашалау ұнайды. Ақ жартастармен жағаласып шыққан күннің сәулесі керемет сезімге бөлейді адамды.