Студеттерге қолғабыс: табыс табудың жолдары [нан мен шәйға, әрі кетсе кинотеатр мен шүберегіңе]

Пайдалы кеңестер /
Жұмыс тәжірибең жоқ делік, сырттай оқудасың қарып қылып, иә… қайда барасың? _есейдің,қай бетіңмен ата- анаңның табысына қол сұғасың?! Өз күшіңмен,өз бетіңмен іс қылып, табыс тапқанға не жетсін, шіркін?!) _жоқ, «шіркін»-ді ойымыздан алартып, іске кіріселік. Кітап раритеттерін сатылымға шығару тақырыптары елімізде өтетініне күмәнім бар, сондықтан пайда алып келеді-ау, жасауға жарайды-ау деген шағын бағыттауларды назарыңа алғайсың:
_______________________________________________________________________________________________

1. Ескі жиhазды жаңарту. Қолыңда жиhаз лагін езгіш, егеуқұм қағазы, бояу және т.б. стандартты құралдарың және әкеңнің гаражы болса, жеткілікті. Ескі,қалған-құтқан үстел, орындық, шырақ, шкафтарды өте төмен бағада сатып алып, не тауып, жұмыс орныңа әкеліп, жаңартып, бірге жарты қосып, сатсаң… қуаныш :)

2. Он саусағы алтын шебер емеспін десең, қосымша өте,өте төмен табыс сені күтуде. Өз қалаңда, не Алматы қаласындағы Жароков және Өтепов көшелерінің қиылысында Республикалық Қан тапсыру орталығы орналасқан. Иә, донорлық. Бір тапсырған 450 мл. қаның 432 теңгеге бағаланады. Тромбо, т.б. одан сәл жоғары. Есесіне, қаның тазармақ. #432-іңді аспанға ұшырып жібермеуің үшін жаяу барып келуің қарсы алынады! ..6 айға бір табыс. Айтпақшы, тегін 6 штук пшінең мен бір крөжке шәйіңді ішіп кетесің.

3. Мазағың ба? дейтіндерге намыстанбауларын сұраймын. Шығар тесік бар, фотоаппаратың болса. Композиция, түс пен жарықты сезіне алсаң, тойлар мен басқа да ұйымдастырылатын жиындарға өз қызметіңді ұсына аласың.

4. Веб-дизайнерлік. Бірақ Новый Узень тумысы болмасаң, қиын жұмыс. Табысың жоғары болады, алайда, бағдарламалық қамсыздандыруды қағуың* қажет етіледі (прогр.обеспечение)))

5. CS6-ымен дос емеспін десең, YOUTUBE көрермендерін көркем бейнебаяныңмен бағындыр. Қызықты хоббиің н/е эксклюзивті кадрларыңды осы хостингке жүктеп, вебманиіңді санай бер. БІРАҚ… ютубпен шартқа отыруың керек, ал ол мүмкін бе біздік елден?)_және млн-нан астам қаралуы ескеріледі бейнебаяныңның… оның жартысын да жинай алмай жүргенде Отандық белсенділер :|

6.Ұсақ жұмыстарға ептісің бе? Сенің көмегің қажет үй азаматтары табылады. Мейлі, компьютер жөндеу болсын, мейлі өзге де техникалық құралдар, заттар… Құлақтандыруды газеттерге беріп, үйдің еніндегі қабырғаларға жабыстырсаң, тауып алады сені.

7. Мамандығың бойынша шыңдала бастаймын десең, таптырмас сайттар: hh.kz/ және zarplata.kz/. Резюмеңді орналастыр да, жауап күт. Не өзің жібер. Жұмыс берушілердің барлығы +2 жылдық жұмыс стажына тіреліп қалған деу қате пікір. Сауда-саттық менеджеріне, адвокаттар мен судья хатшыларына да көмекші қажет :) ..Өзің өтіп, кіріп кетіп жүрген компаниялардан да вакансия сұрағайсың…

8. Ең оңай,әрі жанкешті амал — көшеде қол жайып ақша табу. Күндік табысың мың теңгенің ар жақ, бер жағы конкуренттеріңнен ақылдырақ болсаң. Мына жігіттер дәлелдеп кеткен еді.

9. Өз кәсібіңді ашуға ұмтылысың мен амбицияң тасып бара ма?) _Бизнес- жоспарды жаза бастағаныңда-ақ күдер үзе тұратыныңа кепіл беремін xD

… Сөйтіп, студент… адам болдым де
Пайдалы кеңестер: Студеттерге қолғабыс: ақша табудың жолдары  (нан мен шәйға _әрі кетсе кинотеатр мен шүберегіңе)

15 пікір

KUANYSHBEK
бәрі далбаса
followme_alik
Толығырақ,Қуанышбек :))
Abylai
Сөйлем құрау мәнеріңе әлі үйрене алмадым бар ғо, неше жыл жазысып келятсақ та.
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
Сөздердің орнын ауыстырып оқи бергін ;)
MSHERIMBEK
уахаххаха :) мен флаер таратқам уақтысында :) в натуре бір жаз бойы жыртық шлепкамен жүрген екенмін. әтәәссстың, бәрі «Погоня за счастьем» деген киноны көрген соң басталды. Сол үшін Уилл Смитке жылына екі рет айт намазында дұға жасап қоятыным бар :)
zhurttyn_balasy
Бір жыл студент болдың ба, болмадың ба. Соның өзінде жыртылып үлгерді ма «шлепкаң*»
MSHERIMBEK
Ол маңызды емес қой. За то, осы постта мен жыртылып үлгердім :))))
KUANYSHBEK
ай садеке менін буйым тайымды орындамадын ау ақыры
saryqazaq
3,6,7 бізден өткен екен. Енді 9
Madi
Студенттер, Алматыда болсаңдар, сендерге тағы бір қосымша жақсы жұмысты айтайын. Аяқтарың ғана шаршайды. Күні бойы жарнама таратсаңдар, болғаны. Күніне 2000 тг болатын баяғыда. Түскі асы бар. :D
ereke_enu
Студент, оқыңыз! Өз ісіңіздің маманы болуға тырысыңыз, бастысы.
ereke_enu
Бізде көп қыз-жігіттер болды, 4 жыл бойы анда-мында жұмыс істеп, оқу бітіргенде «потеря» боп жүр… Нақты біліп тұрсаң, табасың ғой. Білмесең қиын-ақ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.