↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
17 наурыз 2012

"Кәусар" отандық фильмі жайлы...

Осы аптада «Jado production» компаниясының қолдауымен режиссер Гульсина Миргалиеваның 2011жылы жылы шыққан «Кәусар» психологиялық драмасының көрсетіліміне қатыстым.



«Кәусар» фильмі жиырма күннің ішінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында түсірілген.
«Фильм продюссері Жадыра Сахиевамен кездескенде ол өзінің перзентхана салғысы келетінін айтты. Қаншалықты рас-өтірігін білмеймін, Жадыраның Қызылорда облысындағыата-әжелері тұратын ауылда зираттың орнына перзентхана салынған екен. Ол жерде әйтеуір бір күтпеген жағдайлар болатын көрінеді. Содан осы тақырып мені қызықтырып, оқиғаларды жинақтай бастадым», — дейді фильм режиссері.
Қаныш Сәтпаевтың Жезқазғанда алдымен перзентхана салдырғаны туралы ақпарат Гульсина Миргалиеваға фильм түсіруге түрткі болған екен.

«Кәусар» психологиялық драмасында бақытсыздыққа ұшыраған 15 жасар қыздың тағдыры баяндалады. Ел-жұрт алдында ұятты болған әкесі анасына қызын ауыл шетінде жалғыз тұратын кісінің үйіне апарып тастауды бұйырады. Оқиға ары қарай перзентханада өрбиді.
Өмірден әбден түңілген жас қыз перзентханаға барған соң, керісінше, бақытты екенін сезінеді. Себебі онда бала сүю бақытына жете алмай жүрген қаншама аналарды кездестіреді. Тіпті 13 балалы ананың қандай бақытты екенін көзімен көрген 15 жасар қыздың өмірге деген құштарлығы оянады. Кәусар шындықты көреді…

Режиссердің айтуынша, фильмде ештеңе ойдан шығарылмаған, өмірден алынған оқиғалар жинақталған.
«Кәусар» фильмі алғашында сахналанды, кейінірік талантты әртістерді қасыма жинап, фильм түсіруді жөн көрдім», — дейді Гульсина Миргалиева.
Режиссер жақын күндері фильм Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетінін айтты. Туыс-туғандарыңызды жинап, психологиялық драманы көруге асығыңыздар.
Мақала мында жарияланған.
ПЫСЫ: мейірімді Айтаберліктер, мына жазбаны «Кино» блогына сала салыңыздаршы. Асығып отыр едім…
?

Пікірлер:7

  • qyrmyzy
  • 17 наурыз 2012, 04:38
  • 0
Кино өзіме ұнады, әсіресе қыздарға көруге кеңес беремін!
Мұны қайдан көрсек болады?
  • qyrmyzy
  • 18 наурыз 2012, 22:21
  • 0
жақында Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі, бір жылдан бері неге шықпағанын ұқпадым
Shymkent Picturestin «Blijniy Boy» filminin kebibin kiip ketpese boldy:)
  • qyrmyzy
  • 19 наурыз 2012, 01:58
  • 0
ол қандай фильм еді? толығырақ
avatar
  • Zevs
  • 19 наурыз 2012, 02:01
  • 0
аты мен заты сай емес сияқты ғой мынауың??????????
  • qyrmyzy
  • 19 наурыз 2012, 02:06
  • 0
мынауың боғанда түк түсінбедім…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.