"О чем молчат девушки" фильміне рецензия. Қыздар көруге кеңес беремін!

Кино /
Фильмнің тұсаукесері 07.03.2022 жылы Ресейде өткен болатын. Бүгінде кинотеатрларда қызу көрсетілімдер жүріп жатыр. Фильм режиссері Карен Оганесян, ал сценарий авторлары Ирина Пивоварова және Сергей Калужанов.
Кино: Қыздар  көруге кеңес беремін!!!!!“О чем молчат девушки”  фильміне рецензия
Фильм комедия жанрында түсірілгенімен, жеңіл әзілдің астарында зілді шындық жатқаны тағы бар. Мұны қыздар қауымы түсінеді деп ойлаймын. Фильм төрт түрлі салада жұмыс істейтін құрбы қыздардың бірге демалуға жоспар құруынан басталады. Әр саладағы, яғни әнші, заңгер, журналист қыздардың тіпті олардың жас мөлшері де,өмірлік көзқарастары да әр қилы болса да олардың басын біріктіретін адал достық. Олар Испанияға барып, жақсылап жұмыстан демалып,өзара ішкі дүниесімен өз мәселесін айтуға бел буады.
Кино: Қыздар  көруге кеңес беремін!!!!!“О чем молчат девушки”  фильміне рецензия
Испанияда жергілікті ресейлік кәсіпкерді кездестіріп қалып, кемеде бір күндерін өткізіп жүргенде, кәсіпкер мырза жігіт қыздардың арасынан біреуіне ғашық болып қалады. Дәл осы жерден қызықты сәттер басталады.


Кино: Қыздар  көруге кеңес беремін!!!!!“О чем молчат девушки”  фильміне рецензия
Кино: Қыздар  көруге кеңес беремін!!!!!“О чем молчат девушки”  фильміне рецензия
Әр бір қыздың ішіне бүккен өз құпиялары,өз тағдыры бар. Осы саяхаттың арқасында әркім өз жігіттерін сүйетінің түсінеді. Өз жаныңдағы жақыныңның қасында жүрсе бағаламай, алыстағанда ғана оны жақсы көретіңді түсіну ғажап сәт.
Фильмнен түйгенім істің анық қанығына бармай жатып,қызбалық танытып өзіңе жақын адамымызды кінә тағуға дайын тұрамыз. Айтқанына көз жеткізіп, ойланбастан оқыс әрекеттерге барып,өз жақындарымыздан айыруылуымыз да мүмкін.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.