О, кино: "Скорый Москва-Россия"

Кино /
Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия

Қанша адам болса, сонша пікір. Әрбір адамның кино таңдаудағы талғамы әр түрлі. Неге екенін білмеймін, маған көбіне комедия және фэнтези жанрындағы филімдер ұнайды:) Ал, сізге ше? Егер сізге де, комедиялық кинолар ұнайтын болса, онда бұл пост сізге арналған:)

Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия
«Кино деген көңіл көтерудің бірден-бір құралы», дейді емес пе. Мен бүгін әңгіме еткелі отырған кино көңілімді көтеріп қана қоймай, үлкен ойға қалдырды. Сонымен, ол қандай фильм болды екен деп отырған боларсыз? Қызық па? Ендеше, біле жүріңіз ол қазақстандық прокатқа енген «Скорый „Москва-Россия“ филімі.

Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия

Бірден айта кетейін, мен филімнің сюжетін ашпаймын. Себебі, айтып қойсам, қызық болмай қалады ғой:))
Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия
Фильм несімен ұнады?

Әдетте, кинолар белгілі бір жанрда болады да ондағы оқиғаның өрбуі жанрымен байланысты болып, көрермен киноның басын-ақ соңы қалай боларын іштей сезіп отырады. Ал, бұл кинода жағдай өзгерек…

Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия

Филімнің басталуының өзі ерекше:)) Орынды әзілдер смайликтермен титрда шығып, залда отырғандарды „ду күлдіріп алды“:)
Актерлік шеберлік керемет. Әйгілі, „Ёлки“ және „Горько“ филімдерінің актері Сергей Светлаков бұл жолы да өз жанкүйерлерін таңқалдырды. Басты рөлдегі қыз актриса Маргарита Левиевал рөлге лайықты таңдалған. Әдемі жымиыс. Келісті келбет. Нанымды образ. Бәрі-бәрі бар.
Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия

Юмор. Әлбетте, бар және жеткілікті. Бір жарым сағаттан астам уақыттың қалай тез өтіп кеткенін сезбей де қалдым. Неге? Себебі, филім қызық.
Ерекше персонаждар да жетерлік. Сонымен қатар, экшн, драйв, интигра да бар:)

Кино: О, кино: Скорый Москва-Россия

P.S. Сенімді дерек көздеріне қарағанда, фильмнің бюджеті 4000000$ болған. Айтпақшы, фильм жайында толығырақ мына жерден оқуға болады: filmpro.ru/movies/19323836 Қандай кино көремін деп бас қатырып отырсаңыз, ойланбастан осы киноны көріңіз!) Көруге кеңес беремін)

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.