USB флешка арқылы Windows орнату енді оп-оңай!

Компьютерлер туралы /


Windows жанұясын ғана емес, сіз барлық жағдайда қолдана аласыз.
Басқа ОЖ (Операциялық жүйе — Операционная система)-лер, Acronis т.б. дисксіз, өз қиялыңыз жеткенше жүктемелі USB-флешка немесе Қатқыл диск арқылы қолдануыңызға болады.


Бұл мақалада флешкаға істелінген практиканы жарияладым. Осы жағдайды Қатқыл дискте істегенде, айырмашылық жоқ! Тек бірінші, ішіндегі мәліметі жоғалатынын есте шығармаған жөн!


Жүктемелі флешка (загрузочная флешка) істеудің түрлері көп, мысалыға Ultraiso, USB Multiboot және Novicorp WinToFlash т.б. арқылы. Бұл жерде біз Novicorp WinToFlash бағдарламасы арқылы жүктемелі флешка жасап ОЖ орнатамыз. Неге Novicorp WinToFlash?

Себебі алдыңғы екеуінен (Ultraiso, USB Multiboot) қателіктер туындап, істелінген флешкадан Windows орнатылмады. Айта кетер жайт, осы Novicorp WinToFlash бағдарламасы арқылы істелінген жүктемелі флешка, жүктердегі менюі дисктен өзгеше болуы мүмкін…

Ескерту!
Бұл жерде көрсетілген деңгей,Windows ОЖ-ін дискпен орната алмайтын адамдарға арналмаған. Мейлінше Windows ОЖ-ін дискпен қол тәртiбiнде (в ручном режиме) орната білген жөн!

Сонымен бізге бастапқыда 2 нарсе керек:
1. USB-флешка Орнататын жуйеңіздің көлемі сол флешка көлеміне сиятындай болу керек.
2. ОЖ орналасқан бума(папка). Міндетті түрде бумада, не болмаса дисководта болуы тиіс. Ойткені біз қолданатын бағдарлама (Біз сол арқылы флешкаға орнатамыз) .nrg .mdf .mds .iso секілді файлдармен жұмыс істемейді.

Ал енді флешка және орнататын ОЖ-іңіз дайын болса бастайық.
Мына Novicorp WinToFlash бағдарламасын жүктейік.
Біз қолданған нұсқасы мұнда. Файл салмағы 6,90 МБ.
Ресми сайтынан жаңа нұсқалары мұнда.

Ал бастайық!
Сізге флешкаңызды (форматировать)тазалаудың қажеті жоқ! Себебі бағдарлама өзі тазалайды.
1-ші. Папкідегі Novicorp WinToFlash бағдарламасын қосайық.

Бағдарлама 1-ші қосылғанда кішігірім орнатады. Сондықтан келесі суреттегідей шыққанша принят, далее басуларыңыз арқылы аяқтайсыздар. Ары қарай

2-ші. Алдарыңызда тұрған жасыл мастерді арқылы келесіге өтеміз.

3-ші. Осыдан кейін тағы бір рет «далее» басу арқылы келесіге өтеміз.(бұл жер суретте көрсетілмеген).

4-ші. Енді орнатылатын файлдардың орнын біріншіге ары қарай екіншіге флешканы көрсетсек болғаны. Қәзіргі жағдайда мен «D:\» дискісіндегі «WindowsChip2010» папкісіне көрсеттім, бұл жерде windows chip2010 ОЖ файлдары орналасқан болатын. Ал екіншісіне «Выбрать» басу арқылы флешкамды таңдадым.
Бәрін үлгерсек «далее» басамыз.

5-ші. Жоғарыда көрсетілгендей лицензиясын қабылдап «продолжить» басу арқылы жалғастырамыз.

6-ші. Бағдарлама сізден флешкаңыздағы мәліметтердің жойылатынын ескертуде. Егер флешкада құнды файлдар жоқ болса, мақұлдап «Продолжить» басу арқылы келесіге өтеміз. Немесе «Отмена» басу арқылы осы жерден тоқтаймыз.


7-ші. Флешкаға ОЖ-ні орната бастайды. Осы жерде ескере кетер жағдай, загрузканың жоғарғы жағындағы рекламаны көрген шығарсыздар? Сол егер сіздерде компьютерлеріңіз интернетке қосулы болмаса, онда ол реклама орнына Ошибка деп жазу тұрады. Ол сол рекламаны интернет жоғынан көрсете алмаған соң шығады. Оған мән бермеңіздер. Енді 100% аяқталғасын «далее» басамыз.


8-ші. Егер сізде жоғарыда көрсетілген сурет шықса, онда құттықтаймын! Сіз сәтті аяқтадыңыз.
«Выход» басу арқылы шығамыз. Одан кейінгі шыққан терезеден(сурет ретінде көрсетілмеді) сізді ескертеді. Бағдарлама тегін болғасын және рекламаларды алып тастауга сізден сайтына кіріп сатып алуын ескертеді. «В другой раз» басу арқылы аяқтаймыз.

Жүктемелі флешкасын осымен аяқтадық!
Дисктерді томпайтым салып, ұстап жүргеннен, комп жөндегенде кіп-кішкентай флешка ұстаған жөн емес пе? Әсіресе кейбіреулердің ноутбугінде не болмаса кәдімгі үлкен комптарында дисководы істен шығады немесе нетбукке ОЖ орнатарда осы тәсілді қолданған өте ыңғайлы.
Ал мен өзімнің нетбук samsung n140 -де тестіледім. Бәрі сәтті аяқталды.
Енді компьютерге орнатарда мынадай меню шықты.

Бұл жерде ескере кетер жағдай, егер сіздерде осыған ұқсас шықса онда 1 ши катардағымен бастаймыз. ОЖ бірінші жартысын орнатып болып перезагрузка етілген соң 2 нші қатардағы менюмен жалғастырамыз. Бұл дегенің ОЖ орнатарда компьютер кейде 2 не 3 рет перезагрузка жасалынады.
Келесі орнату кезіндегі түсірілген сурет.

Әнекей көрелік…

Бұл сұретте орнатылым аяқталынған кез еді. Орнату күн батарда аяқталғаннан соң, суретті ұялы телефон қараңғылау етіп түсірді… Жалпы операциялық жүйені USB флешка арқылы орнату, менде 50минутқа жуық уақытты алды.

Ойларыңызды пікір ретінде осы мақаланың астына қалдырсаңыздар болады.
Назар аударғандарыңызға рақмет!

28 пікір

konvict
Рахмет, жақсы екен
konvict
Мүмкін болса флешкаға системаны толық көшіруді жазсаң
MSHERIMBEK
Өткенде жасай алмай қойып едім, мынау дұрыс болды.
aitaber
жақсылап қараған жөн ғой
yerbol89
Тамаша ақпарат. Пайдалы мақала екен. Таңдаулыма қосып қойайын :)
B1ko
Иә, жақсы ақпарат бердің рақмет! Компьютердің іші бос әлі windows орнатылмаған болса қалай орнатамыз? Қандай windows орнатқан жақсы қазір? Рақмет.
MSHERIMBEK
Автор өзі толықтау жауап бере жатар кейін. Негізі компьютеріңнің қуатына қарап көресің ғой. Мысалы, менің 6 жыл алдын алған компымда XP тұр. Басқасын көтере алмайды. Ноутбугімде Windows 7 Ultimate пен Linux Ubuntu 10.10 орнатылған.
beko
Компьютеріңіздің сипаттамасы мықты болса, Windows 7 ОЖ-сін ұсынамын!
Ол үшін кемінде ноутбук, нетбуктерде жедел жады 2Гб болуы тиіс. Ал сіздікі кәдімгі дербес компьютер болса, онда жедел жады 1Гб жетіп қалады.
Сіздің Windows орнату жайында, негізінде оның өзі бөлек бір тақырып.
Егер Windows жайында ұсыныстар түсіп жатса, АЙТАБЕРГЕ оны да жариялаймыз.
Пікіріңізге рақмет!
muza
negoi Win ushin bunshalikti kinalmaiak Microsofttin ozinin Windows 7 USB Tool degen bagdarlamasin koldangan duris. Kazir XP men Vista koldangan azaigan bolar.Al Linux'ta bularga kerekte emes bilumshe.JAksi info rakhmet
MSHERIMBEK
Linux керемет қой:)
B1ko
Менің компьютерім қазір трактор сияқты қосылатын болған қатты дауыс шығып тұрады 5,6 минуттан соң басылады даусы машинаның маторы қызған сияқты ондай дауыс шықпайтын еді не ден болуы мүмкін???
aitaber
Блог питание мен ядроны суытатын вентиляторды жақсылап тазалаңыз.
beko
Мен сенің орныңда болғанымда, жүйелік блогты аяқ киім шешетін бөлмеге апарып(немесе сарайға, шаңы зиян болмайтындай жерге) Фен мен ішінін бәрін зырылдатып шығар едім. Кейін қалған жерін қолмен(шаршық, шүберек), аяқтар едім. Ішін дегенім, шаң түскен жердің бәрі. Бірақ ол дауыс aitaber қолданушысы айтқандай, винтилятордан шығады.
B1ko
Менеде windоws (D) дискісінде тұр қосылып © Дискісінде windowsтың папкалары тұр соны өшірсем өшпей жатыр қалай өшіреді оны? Мен windоwsты © Дискісіне установить етейін деген едім қандай кеңес бересіз?
aitaber
Орнатылу барысында Дискті толық форматтап қайтадан екіге бөлесің. Содан кейін сол жерден С дискін таңдап Windows орнатасың. Сұрақ-жауап сайтынан сұрап көрші. Оларда осы тақырып болып еді.
beko
Дискімен жұмыс істеуге мына бағдарламаны ұсынамын. Acronis True Image Home. Қазіргі уақытта жақсы версиясы 2011 14.0.0 Build 6942. Торрент трекерлерден іздеп көрсеңіз табылады.
B1ko
Интернетке қосыла алмай жүрмін usв флэшка модем бар сонымен бұрын кіріп жүргем сосын басқа windows қойып берген еді еш қосылмайды настройкаларын көрдім істей алмадым қосылмады usв модемді басқа компьютерге салсам істеп тұр жақсы не ден болуы мүмкін?
beko
Модеміңіз қандай? (Ксел, Белайн,Jet)
KILYZAMAN
Тасымалды usb қатты дискке де орнатуға болатын шығар иә
beko
Ия әрине. Ойыңыз өте дұрыс! Бір қатқыл дискпен(Жесткий диск) біраз нарсе істеуге болады. Менің оған көзім жетті. Мысалыға Windows т.б. ОЖ-ін орнатып, барлық керекті драйверлерін, бағдарламаларын бір ғана қатқыл дискпен орнату былай тұрсын, бір сөзбен көптеген комптарды (10,20,30 шақты) барлық дисктерді арқалап жүрмей ақ, бір ғана қалтаға сиып кететін ұялы телефон тәріздес қатқыл дискпен шешуге болады.
Оянайық! Көшеде қазір XXI ғасыр.
B1ko
Модем кселғой алдында windоws 7 тұрған сол модеммен кіріп жүргем сосын ұйдегі кішкентайлар шұқылап бұзып қойған содан барып өзбек балаға жөндеткем содан кейін істемей қалды бірақ модем істеп тұр. Кәзір тұрған windоws хp.
beko
Сені сол модемнің бағдарламасын орнатып және сол орнатылған бағд-а арқылы кіріп қосылмай жатыр делік ия?
Желінің драйвері орнатылған ба?
Тексеріп көрейікші 1ші Панель управления арқылы кірейік.
2-ші мына суреттегідей 'Подключение по локальной сети' деген бар ма?
Немесе сенімен жеке скайп немесе агентпен сойлесуге тура келеді.
B1ko
Менімше агент дұрыс сияқты көмектесем десеңіз. [email protected] менің логинім. Сіздікі?
MSHERIMBEK
beko
Саке, Хе хе мен сары емес сияқты едім гой? Ойлап қалар немесе шынымен.:) Анау айтқандай да ұп-ұзын емес сияқты едім. Ал сізді B1ko қостым, енді инеттке келіңізді күтудемін.
B1ko
Мен интернетке қосылдым бәрі жақсы. Алғысымды білдірем.
beko
Анау айтқандай тимеді гой! Арзымайды…
DOOOS
Жақсы жазыпсың рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.