Әкеме айтып қоймаңыз...

Көңіл үшін _ . . . /


Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын.
Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: “Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?” деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.
Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: „Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез “мама” деп шақыра ғой” депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, „мама” деп құшақтай алады.
Кешкі астан соң, әйел қызға ілесіп, оның бөлмесіне кіреді. Екеуі көңілді әңгімелесіп отырғанда қыз: “Сіз менің мамам емессіз” дейді кенеттен. Әйел әрі тосырқап, әрі таңырқап қалды. Сәби қыз шошып қалған әйелдің қолынан ұстап, бәсең үнмен: „Менің мамам қайтыс болған. Мен оны атам мен әжемнің әңгімелерінен біліп алғанмын. Мұны тек атам, мен және әжем үшеуміз ғана білеміз. Әкем мен басқалар білмейді. Олар әлі күнге дейін мамамды тірі, алыс бір жерде жұмыс істеп жүр деп біледі”. Жылап жіберуге шақ қалып тұрған әйелдің құлағына сыбырлап: “Бұл екеуміздің ортамыздағы сыр болсын. Әкеме айтып қоймаңыз. Ол білсе, сөзсіз азаптанып, жылайды” дейді жаңа тапқан „анасын” құшақтап.
Бұл сәтте есік сыртында үнсіз тыңдап тұрған әкенің көз жасы көл болған еді…

Қайсар Қауымбек

16 пікір

rauan
Керемет әңгіме екен__…
yesbolat83
Қандай әсерлі әңгіме. Қысқа әрі өте қарапайым, осы шағын ғана әңгімеге көөөп нәрсе сыйғызған екен автор: жас отбасының күйзелісі, үш жасар қыздың тапқырлығы мен ақылдылығы секілді.
Өттте ұнады.
yesbolat83
Осы әңгімені оқысымен іле-шала Қ. Қауымбектің шығармаларын іздестірдім. Тапқан осы бір әңгімесін оқып, көздеріме жас іркіліп, соңына дейін әрең оқыдым.
Сіздерге де оқуға кеңес беремін.
korwinin_kyzy
муражки по коже болып кетті((((((
korwinin_kyzy
Аналардын бәрі солайго Кейде кешеден калган тамакты жейін деп жатканда ішінде по шесливый случайности 1 кусок ет жүрсе соны міндетті түрде бізге салып бередіго Әй аналар ай аналар)
Jako
Ұнады, +4 қойдцм.
jalyn
Тамаша, маған қатты ұнады…
didi0393
кейде балалардын ересек адамдарша ойлап сойлейтинине тан каласын)асерли ангиме
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Осыған қатты ұқсас әңгіменің орысшасын оқып едім, онда енді уаще өкіресің(
yesbolat83
Бұл әңгіме Қ. Қауымбектің аудармасы өз туындысы емес. Аударма екенін кеше ғана білгем.
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Жалпы ойлайм да, егер қыз "әкесі әлі күнге дейін мамасын тірі, алыс бір жерде жұмыс істеп жүр деп біледі" деп ойласа, неге оны «Онда не үшін әкем басқа әйелді мамам деп айтты?» деген сұрақ мазаламады деген ой мені мазалауда деп қуып кетсең да))
Kan
Оқып отырып көзімнен қалай жас шығып кеткенін аңғармай қалдым. Керемет жазылған әңгіме. Ойдан құрастырдыңыз ба? Әлде…
satirik92
Еріксіз көзге жас келеді.
kuralay_95_25
шын мәнінде әсерлі екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.