Бітпейді-ау, осы сериал, бітпейді-ааау

Күле отырайық /
Түріктің Дениз сериалы басталғалы бері үйде күнде ұрыс-жанжал. Тура мен жұмыстан келгенде басталады ғой ол шіркін. Шәй жасалат. Теледидар қосылат. Мен футбол, ал, ол болса Дениз көрем боп, бейшара болған пультке талас басталат. 41-45.

Бірақ, көп ұзамай мен осы мәселенің амалын таптым. Яғни, Дениздің қалай аяқталатыны туралы картина құрастырып әйеліме көрсетіп ем, көздері алақандай боп, жағасын ұстап бөлмеге қарай зытып, сериал деген нәрседен шошынатын болды.

Сонымен, Назар аударыңыздар:

Бану өз дегеніне жетіп мелихпен үйленгелі жатады.

Қаралай қызғанған Пелин мұрнына саусағын тығып, тойды болдырмау шарасын ойластырады.


Әрине, ол сұм ғой. Жендет жалдап, Бануды байлап, айдалаға апарып тастайды. Өлтіреді.

Банудан құтылған Пелин Мелихке жақындай бастайды.

Білмеймін, артқы сериялары фонтастика боп кетеді ме, ужыс боп кетеді ме, әйтеуір, Бану қайтадан тіріліп келеді. Ол қу ғой.

Дениздің жігітінің есімі кім еді? Көзден кетсе көңілден кетеді дегендей атын да ұмытыппыз. Оны да тірілтіп жіберіп, Денизге қосат.

Фильм жалықтыратыны соншалықты, Өзгір мен толықша қыздың (есімі есімде жоқ) қартайғандарын тосыыыып-тосыыып 2060 жылы бір-ақ, тәмәмдаймыз ол Денизді.


Осылайша пультім қолыма тиіп, Денизден біржолата құтылғаным бар.

14 пікір

pari
хехе қатырыпсыз!
mairosh
Мына «Дениз» шынымен қорқынышты болып кетті -ау.
qyrmyzy
қатырыпсыз! Әбден жүйкеңізге тиіпті-ау. Әлі бітпеді ма? 3-курс оқып жүргенде әпкем қарайтын. Әпкем қазір балалы. Дениз әәәлііііі бітпеген....сіңілім бір жастан асты. Мен диплом қорғап, жарты жыл жұмыс істеп тастадым. Дениз әәлііі болуда
yesbolat83
Біз зейнеткерлікке шыққанша болмаса игі еді.
begymsulu
Тұрсынбек айтпақшы бір кемпірдің арманы «Денизді соңына дейін көріп кетсем екен» дегендей, сол кемпірдің арманы орындалса, игі еді...
yesbolat83
Орындала қоймас-ау, сол кемпірдің арманы, орындала қоймас-ау.
didi0393
дениз туралы ангиме битти ма десем али жалгасы барына шошып отырм окып отырп)))))
yesbolat83
Ол бітпейді. Оны әлі сіздің немереңіз де көретін болады, әлі. "Әже, әже, алдыңғы серияларын айтып беріңізші"-деп.
didi0393
менин немерелерим денизди коре коймас.оган дейин казактын битпейтин сериалы тусиреледи деген умит бар болашак ажелерде)))
yesbolat83
Лайым солай болғай.
Денизден ғөрі біздің Тоғысқан тағдырлар миллион есе артық емеспе, соны неге көрсетпит. Кеттім мен Қазақстан арнасының әкімшілігіне арыз түсіруге.
semser_soz
Ойбу шынымен-ақ қатырыпсыз. Десе де аяғының бұлай болмасы анық қой. АРЫЗ ТҮСІРЕМ ДЕГЕНІҢІЗ ДҰРЫС ОЙ. БІРАҚ, СОНЫ БІРЕУ ПЫСҚЫРСА ЖАҚСЫ ДАААААААААААААА!!!
korwinin_kyzy
Есеке үйде 2 пульт болган жаксы сонда қалағанынды қарайсын))) сосын андай барго казирги твларда 1 экранга 2 канал койып койып еки каналды бирден тамашалар отасын депті біреу баяғад
yesbolat83
))) Екі арна екі жақтан абалағанда не көріп, не қойғанымызды білмей-де қалармыз. Бірақ, оның маған қажеті де жоқ, сірә, әйелімді жоғарыда айтқан тәсілмен жеңдім ғо.
ai-naz
Cағызша созылды ғой, мәні де сәні де жоқ шамасы…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.