LG компаниясы CES жәрмеңкесінде ең алғашқы қиғаш экранды OLED теледидарын ұсынады

LG Electronics Kazakhstan /
Жаңа OLED теледидары LG компаниясының ұстанымын бекітіп, технология мен дизайн саласында ең алғаш жол салушы деп танылды

LG Electronics (LG) компаниясы Лас-Вегасте өткен CES 2013 халықаралық жәрмеңкесінде тұңғыш рет жаңа EA9800 толқынды экранды OLED теледидарын көрсетілімге шығарды. WRGB фирмалық технологиясы арқасында ерекше жіңішке экранды шығаруға қол жеткізді. Экранның қиғаштанған дизайнымен және табиғатта кездесетін барлық түстердің анық түрде жеткізетін ең үздік сапалы кескіндемесімен ерекшеленетін теледидарын шығарды.



Теледидардың жаңа ерекше EA9800 моделі өз индустриясында тұңғыш рет ерекше қиғаш дизайнды CINEMA 3D теледидарын ұсынды. LG компаниясы бұл өнімнің бағасын әлі жарияламады.

«LG компаниясы диагоналі 55 дюйм болатын OLED теледидарын ең алғаш боп шығарды. Біздің жаңа OLED теледидарларымыз көрермендер бұрын тамашалаған теледидарды ұмыттырып, ерекше әсер қалдыратына сенімдіміз. Жаңа қиғаш экранды теледидар ерекше дизайнымен, әрі дисплейінің жіңішкелігімен, эстетикалық әдемілігімен OLED теледидарлар топтамасының қатарын толықтырып отыр»,-деп LG Home Entertainment бас директоры, әрі президенті Хавис Квон жариялады.

LG OLED TV теледидарлары керемет көркем, әрі кескіннің анық болуына WRGB технологиясы арқасында қол жеткізді. Color Refiner бұрын көрмеген табиғи, әрі анық кескінді бейнелеуге арналған технология.
OLED диодтары әрқайсысы өз жарығын шығаратындықтан, экран қосымша жарықты қажет етпейді. Бұл LG OLED TV теледидарлырының салмағы мен габаритін азайтуға арналған. Қиғаш экранды, ерекше дизайнді EA9800 моделі көрермендерге ешбір кедергісіз теледидарды тамашалауға мүмкіндік береді. CFRP өнімнің салмағын азайтып, сапасын арттырады. LG WRGB технологиясы арқылы жеткен кескіннің керемет сапасын OLED TV стильді дизайны мен жіңішке пішіні толықтырып тұрады.
LG Paper Slim дизайны теледидар тіреуіші мен экранның бір-бірімен жақсы үйлесуін қамтамасыз етеді. CINEMA SCREEN дизайны экранның сыртын көрінбейтіндей қылып жасап шығарды.Экран сыртының көзге көрінбейтіндігі 2D және 3D кескіндерін тамашалан кезде ерекше әсер қалдырады. Енді жаңа модельді теледидарды қабырғаға жалғыз адам өзі орната алады. Сонымен қатар қабырға мен теледидар арасы 3 см ғана болып келеді. Сондықтан теледидарды өнер туындысы деуге де болады.
Smart Touch Control экранның төменгі жағында орналасқан жылжымалы сенсорлы басқыш пайдаланушыларға OLED теледидарын оңай басқаруға көмектеседі. Мысалы: дауысын өзгерту немесе каналдарды ауыстыру, сонымен қатар теледидарды сөндіру мен қосу.

LG OLED TV теледидарлары LG компаниясының өзіне тән технологияларын біріктірді. (Smart TV функциясы мен CINEMA 3D). Бүгінгі күнге тән үй ойын-сауығының толық сембиозын LG технологияларынан табуға болады.

# # #
LG Electronics компаниясы жайлы
LG Electronics-әлемдегі ең үздік компания, әрі нарықтағы тұтынушылар электроникасын, мобильдік байланыс пен тұрмыстық техника мен инновациялық технологияларды құрастырушысы. 2011 жылы әлем бойынша 117 офис болып, LG компаниясының ғаламдық сатылым көлемі 49 млрд. АҚШ долларын құрды (Корей елінің 54,26 трлн. воны). LG компаниясы Home Entertainment, Mobile Communications, Home Appliance және Air Conditioning & Energy Solution деген 4 бөлімшеден тұрып, жайпақ панельді теледидарлар, мобильді құралдар, кондиционерлер, кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштарды шығаруда әлемдегі ең үздік компания болып табылады. LG Electronics компаниясы 2012 ENERGY STAR ® -дың Жылдық Серіптестігі. LG Electronics компаниясы жайлы көбірек жаңалықтар мен мағлұматтармен танысқыңыз келсе www.LG.kz сайтын қарап шығуыңызды өтінеміз.

LG Electronics Home Entertainment компаниясы жайлы
LG Electronics Home Entertainment жайпақ панельді теледидарлар мен аудио-видео плеерлер нарығында тұтынушылар мен бизнес үшін әлем бойынша ең үздік болып табылады. LG Electronics Home Entertainment компаниясы шығаратын тауарлар арасында сұйықкристалды және плазмалы теледидарлар, үй кинотеатры мен Blu-ray плеері, аудио құрылғы мен видео плеерлар бар. Компания көп функционалді және жоғарғы дәрежелі техникалық құрылғыларды шығару арқылы үйде уақытты қызықты өткізудің жаңа деңгейіне алып келді.

LG компаниясының ресми ақпарат мамандарынан алынды.

4 пікір

Abylai
соңына дейін оқып шықтым ау әйтеуір.

LG-ға негізі еш өкпем жоқ, бұл теледидар жөнінде соңара сұрақтарым болса жаза отырармын, бірақ сонда да бұ жазба жайлы бірдеме айтайыншы.

Тілмәшпен аударғанда бұдан да сапалықар шығар ма еді :) тым машинальный аударма болып шығыпты, ереңше, ең, алғаш, тұңғыш, сөздерімен передоздалыным қойыпты :)

ерекше 8, ең 7, үздік 4, алғаш 3, тұңғыш 2 рет кездеседі, жоқ ерінбей санап шыққан жоқпын, контрел фэті басып іздей салдым.

Енді Ең алғашқы тұңғыш ерекше үздік қиғаш экранды OLED теледидары жөнінде толығырақ жан жақты қызықтырақ мағлұмат беруге болар еді, инфографикамен суреттермен, диаграммалармен…

Айтқандай кеше ғана Samsung-тың OLED 55дюймдық қиғаш экранды теледидары мына жорналдан оқып оқып, мәә самсунгтер мәләдес деп қойып едім, мынаған бәсекелес бола ала ма?

Жалпы деймін да Қарасақал, жаза түс ;)
qyrmyzy
уот, 21 ғасыр...22 ғасырда не болады екен. Көргім келеді .(((
mairosh
бұйртса көреміз ғой))
AshTrollToqTrollmenOinamaide
LG Electronics — әлемдегі ең үздік компания

Жарнаманың өзінде сәл бейтараптық таныту керек қой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.