ЗҮЛФИЯ ЧИНШАНЛО: МЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТЫП КЕЛЕМІН!

ЛОНДОН 2012 /
Қайрат Тұрлыханов «Қазақ радиосының» тыңдармандарының сұрақтарына тікелей эфирде жауап беріп, «Зүлфия Чиншанло Қытайға қайтып оралды» деген өсекті жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл жайлы Зүлфия Чиншанлоның өзі естігенде аң-таң болыпты. Оны Қайрат Тұрлыханов Зүлфия Чиншанлоның өзімен тікелей телефон арқылы сөйлескенде білген. Сондай-ақ, Зүлфия әлі күнге дейін тіркеуде Қазақстанда тұрғандығын да айтты.
«Зүлфия Чиншанло қазанның 26-нан 27-іне қараған түні таңертең сағат 4-5 аралығында Алматы әуежайына келеді. Сол кезде барлық сұрақтарды өзінен сұрап білесіздер. Ал, әлгі ақпараттардың бәрі жалған», деді Қайрат Тұрлыханов. Бұл туралы BAQ.KZ жазып отыр.

«Караван» газетінің тілшілері Чиншанлоның өзімен тілдесіп, оның елге келетінін анықтаған:

— Бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Мен Қазақстанға қайтып келемін, – депті чемпион.

12 пікір

Korkem
Әй, мәладеС десе. Сәл болмағанда Чиншанло атына берілген мектептің атын өзгерте жазап ек муахахахах
Jako
Мектепке атын да беріп қойған ба?
Korkem
солай дейді ұзынқұлақ
Kan
Жако шынымды айтсам қазақтардың осы өзгенің қызын өбектегені маған ұнамайды
Jako
Қанеке, амал который болып тұр ғой…
dimash
Сол келсе де келмесе де маршрутқа 50 теңге төлеймін. Өзгеріс жоқ
khairbek
не пайда солардан ПАЛИБОМУ әлем біліп отыр Қытайдан шыққан қыз екенің, өзімізден дайындау керек,, Ауылдын Қарагөз балдарымен ,қара қыздарын дайындау керек ко
Jako
Өзің болғанға не жетсін, «Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді»-деген бар емес пе?
Kan
Осындай өзгенің өңірімізде өкіріп жүргені ұнамайды маған. Қазақтың намысын қазақ қорғанын жөн көремін. Бұл менің пікірім.
Jako
Өте дұрыс пікірлер.
kuka097
Біреудің баласы өзіңнің балаңдай болмайды деген бар!
tursynai
алғаш естігенде Шиншанлоға катты ренжіген едім.Еліне оралу оған ешқандай пайдасыз.4жыл бойы жарысқа шықпайды.карьера жасауына мемлекетіміз ыңғайлы болып тұр.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол дегенді ұстанар болса, Шиншанло еліне оралар… КӨҢІЛІМ БАЯҒЫДАЙ!!!)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.