Сен жаныма тым ерекше жақынсың!!!

Таусылмайтын махаббат /
Сен жаныма тым ерекше жақынсың
Арсыздықпен, жалған айтсам ант ұрсын.
Сезім кеме батып кеткен мәңгіге,
Жүрек көлдің тереңінде жатырсың

Шын сезімім, шындықпенен жетілсін
Махаббатқа өзің ғана кепілсің.
Мағаббатқа сенбей жүрген жандардың
Өздері де, тілдері де кесілсін.

Өмірімнің бал-бұл жанған бағысың
Ең қызықты алаулаған шағысың.
Қалайғана ақтап, жақтап алайын
Саған деген сезімімнің ақысын.

Мені сүйіп өртендіде жанды ішің
Сағыныштың мазағына қалдың шын.
Қалайғана шаң жуытпай өтейін,
Көздеріңнің әр бір аққан тамшысын

Сендім деген, сүйдім деген сөзім шын
Жүрек жырлап, шын көңілін сездірсін
Күлімдеген көздеріңе жасырдым,
Саған дегенү махаббаттың белгісін.

3 пікір

qyrmyzy
махаббат… бітпейтін махаббат…
Karakulov
4 шумақ келесеі тұлғаның айтып тұрғаны ма?
Мағаббатқа сенбей жүрген жандардың
Өздері де, тілдері де кесілсін.gawik adamdi gawik adam gana tusinedi.rekemet jairausin
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.