Қыздарский пост

Таусылмайтын махаббат /
Өзгереміз, қыздар, өзгереміз.
Ал, қыздар, бар білгенімізбен бөлісіп отырайық!

Алдымен, бойымыздағы, ойымыздағы бар негативтерді шығарамыз! Миымыздағы қатпар-қатпар болып қатып қатып қалған мың жыл да жібітуге жетпейтін стереотиптерді алты секунд ішінде ұмытамыз!



Дене
Енді тік отырамыз, тік отырамыз. Комптың алдында ешкім сізді көрмесе де, денемізді тік ұстаймыз!!! Және әрқашан!
Әрдайым денеңізді тік ұстаңыз. Бүкіреймеңіз! Бойыңыз ұзын болса да, сол бойды көрсетуге тырысыңыз. Біз сияқтыларға бұйырмаған бой ес че:) Жүрісіңізді де әдемілеңіз. Жауырыныңызды қабырғаға тақап, тура сол қалыпта жүруге тырысыңыз. Қадамыңызды сеніммен, нық, четко басыңыз.
Дене мен жүріске ерекше көңіл бөліңіз.

Шаш
Адамның бет-әлпеті шаш пен қасқа байланысты өзгеретінін білетін шығарсыз. Өзіңізге жарасымда шаш үлгісін таңдаңыз. Кейде шаш үлгісін өзгертіп тұру да артық етпейді. Күтілмеген, ұштанған ұзын шаштардан, қысқа, сусылдап тұратын шаштар әдемі көрінетінін мойындаңыз енді.

Шашыңызға да тамақ керек. Маска жасауға ары кетсе он минутыңыз кететін шығар…
1. Майсана майы
Шашыңызға жағып, кемінде жарты сағат ұстап, жуып тастаңыз. Аптасына бір рет жасасаңыз, бір айдан соң шашыңыз жылтырап шыға келеді. Дәріханаларда елу теңге тұратын шығар.

2. Сәбіз, лимон, жұмыртқа
Сәбіз шырыны мен лимон шырынын араластырып, үстіне бір жұмыртқаның ағын қосасыз. Шаштың түбіне жағып, жарты сағаттай ұстаңыз. Аптасына екі рет жасасаңыз, шашыңыз мықты болып шыға келеді де, түсуін азайтады.
Сәбізді үккіштен өткізіп, суын сығып алуыңызға да болады. Былайшы айтқанда, лимон мен сәбіз фрешіне жұмыртқа ағын қосасыз ғо, очм)
3. Кейде жұмыртқаның өзінен маска жасауға болады.
4. Уксусты (бір шәй қасық) суға қосып, шашыңызды шаясыз. Осыдан кейін қайратты болмай көрсін:)
5. Әр түрлі бальзамдарды қолдануға да болады.

Бет
Ооо, беттің жыры бітпейді. Бетке арнайы күтім керек екенін қыздар жақсы білетін шығар???
Бетіңізді сабынмен жуудың қажеті жоқ. Бетіңіздің типіне қарай гель сатып алғаныңыз жөн.
Бет терісі сезімтал болғандықтан, қолмен қалай болса, солай жуа салмай, арнайы подушка ма не дейді, очм, түсіндіңіз ғой, сондаймен жуғаныңыз абзал.
Маска
Гугл апада неше түрлі маскалар бар.
Геркулес маскасы: жарты қасық геркулеске бір қасық су құйып, бөлме температурасында 15 минутқа қойып қойыңыз. Мақтамен бетіңіз бен мойныңызға жағып шығып, он бес минуттан соң жуып тастаңыз.

Сәбіз бен лимон: Сәбіз бен лимонды үккіштен өткізіп, бетіңізде он минут ұстап, жуып тастаңыз.

Жұмыртқа: Жұмыртқаны сарысынан ажыратып алып, белогын, алдымен, бетіңізге жағасыз да, үстіне салфетка жабыстырып, тағы жұмыртқаның ағын жағасыз. Он минуттан соң (қағаз кепкен соң) алып тастап, жуып, жұмыртқа сарысын жағасыз.

Тоник
Тоникті мақтамен емес, жатар алдында қолыңызға жағып па, құйып па бетіңізге шапалақтап ұрып, әр бір клеткаға сіңіруге тырысыңыз.

Қасыңыз бен кірпігіңізге майсана майын жағуды ұмытпаңыз!!!

Қазірше, осы!
Әрқашан көңіл-күйлеріңіз ТАМАША болуына тілектеспін. Жақсы ән тыңдап, айналадағыларыңызға «шуақ» шашып, жақсылық жасап жүруді ұмытпаңыздар. Сіздер де біреуге керексіздер!

ПЫСЫ: Сұлулық — тазалық!

29 пікір

Albina97
Қырмызы сіз бетіңізге осындай көкөністерден маска жасап көрдіңіз бе мен жасайын десем бетіме жақпай қалса… деп қорқам
qyrmyzy
Жоғарыдағылардың бәрі практикамнан өткен. Сосын көкөністерден қорқуға болмайды. Тек бетті сабынмен, гельмен жуған соң сразу маска жасамау қажет. Аллергия беруі мүмкін. Араға бір сағаттай тастап жасау беруіңе болады.
AyKoN
майсана майы 70 тенге турады екен. жаксы екен, колданыуларынызга болады
AKA
Керек инфо!
AKA
Суды көбірек ішкен, жоғарыдағылардың бәріне пайдалы, ағза тазарады. Сосын айран/қатық та жақсы, ішкен де, маска ретінде пайдаланған да.
AKA
Қас демекші, қасқа осма жаққан пайдалы, әрі қалыңдатады, түзулейді, әр береді. Бізде аулада өседі, жазда жапырақтарын жинап, сығып, сөлін алып құйып қоямыз. Көбіне анам тұтынады.
AyKoN
иа иа иа осма кучт әсер береді… мен бала кезімде көп колданатынмын… иісі керемет унаушы еді… алматыга салып жіберіңізшііііііііііі өтінііііш)))
mairosh
Анау сурет кішкентай кезімдегі мен ғо, солай отырып шашымды неше түрлі қылып өретін едім (ылғи майда қылып өрем) сосын шашым мен үшін үлкен пробл.еді соның шешімін тапқандаймын)))
didi0393
Maisana?eto Kamfornoe maslo da...???!
qyrmyzy
касторовое масло
didi0393
en bastysy kyzdariki betinizge krem jagudy umytpandar.bettin tipine karai krem koldanynyzdar. Kuramynda glisirin bolgan Jon. Aiyazy bar kysta dalaga krem jagyp wygyndar.
Manas
Қыздардың әңгімесі бітпейді осы)
Жігіттер қиярдан сақ болыңдар:)
qyrmyzy
м? Жігіттер няғып жүри???
korwinin_kyzy
сүйем сені сүйейімші ерніннен
сүйем сені мейлі басқа жеріннен
сен мен үшін тұтастай бір дүниесін
маған по барабану сүйсемде қай жеріннен


аптыр әрине мен
Manas
<code>Бойым қысқа демеңіз
бойым жеткен жерлерден сүйе берем</code>
депті)
korwinin_kyzy
тшшшшшшшшш ундеме ))))
didi0393
Karyndas kalynyzdan bir suieiinshi dep sholp etip suip alsa kyz bul kal emes, bul ushyk depti)))
korwinin_kyzy
чиқылық чиқылық
sultan_yerkebulan
тобааааааааа))
qyrmyzy
жігіттер няғып жүр?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.